Ақ шашты әжеден естіген бір өсиет

Бір қария:
— Балам үй сатып алғанда иесінен "өзің салдың ба? әлде "Әкең салды ма осы үйді ?" деп сұра,-дейді.
Баласы үй сатып алуға хабарландыру бойынша келеді, үй бағасы да дұрыс.Сосын иесінен сұрайды:
— Бұл үйді өзіңіз салдыңыз ба? жоқ Әкеңіз сады ма?,-деп.
— Әкем салған.
Келесі хабарландыру бойынша барса үйдің бағасы аса қымбат. Дәл сол сұрақты осы үйдің де иесіне қояды. Ол өзі салған екен.

Мораль: Әкенің еңбек терін балар бағалай бермейді…
bk
Бөлісу:

38 пікір

meirzhan
Мүмкін мәселе үйдің ескілігінде шығар.
Kuralai
Жоқ, ода емес
Abilakim
Саман кірпіштен салынған үй шығар
asaubota
енді мен сияқты тек қарапайым сөздерді түсінетіндерге бұл мысалды ашып түсіндіріп бер. миым меңгере алмай жатыр тақырыпты.
Kuralai
Мәселен, сіз өз еңбегіңізді тиісінше бағалайсыз. Иә? Мысалы, бала өсіру. Өз ұлыңызды өсіргенше қанша қиыншылық көрдіңіз білесіз ғой. Ал, әкеңіз сізді өсіргенше қанша қиналғандығының бірін білсеңіз бірін білмейсіз ғой. Сондықтан біз кейде ата-ана еңбегін бағаламай жатамыз. Бары сол
asaubota
ал үйдің қатысы қандай?

баласы салған үй әрине қымбат болады, жаңа материал, жаңа технологиялармен. ескі әкесі салған үй неге қымбат болуы керек?
Kuralai
Бұл жерде үй тек әдеби элемен. Негізгі екпін әке еңбегі
asaubota
яғни, сәтсіз мысал ма?
Gastarbaiter
Жоқ. Сәтсіз аудитория. Фигуративті ойлау қабілеті бар адам мұны түсінер еді. Ал сенің миыңның фигуративті ойлау қабілетін цинизм жеп қойған.
Gastarbaiter
МИнусты мен қойдым.
asaubota
маған минус қойсаң да айтпасаң болады, бәрбір рейтингім өзгере қоймайды пәлендей
Gastarbaiter
Ырым ретінде ғой, саған зиян келтіру үшін емес, маған бостандығымды пайдалану үшін… Әйтпесе рейтингің өз қолыңда ғой
asaubota
кечіна, қайдағы цинизм? просто мен шыншылмын  барлық әлсіз позитивті позитив деп қабылдай алмаймын, реалистпін.
Gastarbaiter
Шыншыл емес, турашыл де. Турашыл адам міндетті түрде шындықты айтпайды. Ойындағысын айтады. Ал ойындағысы шындыққа сай болмауы да мүмкін)
a63a1
мен мейілі өзбектерге арақ беріп салғызссамда құнын шарқтатар едім, сосын келісемізғой)))
meirzhan
Иә, жалпы моральді түсінсек болады ғой. Ал мысалдағы кейбір детальдар ол басқа әңгіме.
Kuralai
Ух, жетті ау )))
meirzhan
Пост аяғындағы моральды оқу арқылы бірден түсінуге болады ғой. Тек сол үй деген әдеби элемент ойды басқа жаққа бұрып әкетеді екен.
Gastarbaiter
Ақылсыздау болғаның болмаса, жүрегі бар адам екенсің.
satibaldi
Базына: «Из рук в рукидегі» объявлениелер — құсық.
Erlan
Осы сияқты мысал естігенмін, Әкесі жұмыс істемейтін баласына еңбек етіп, ақша тап дейді, баласы таңертең үйден кетіп, еңбек етпей кешкісін келіп, анасынан ақша алып, аке мен ақша таптым деп ақшасын береді, Әкесі тұрып жанып жатқан отқа баласы акелген монетаны лақтырып жібереді, сол кезде баласы тұра береді, неге бұлай еткенін түсінбей. Әкесі сен ақшаны озің тапқан жоқсын деп ұрысады, анасыда баласына өз енбегінмен ақша тап дейді, баласы таң мен кетіп енбек етіп ақша тауып, кешкисін келіп акесіне аке мен ақша таптым деп, акшаны береді, акеси тұрып тағы берген монетасын отқа лақтырып жібереді, сол кезде баласы бұның не әке деп айқайлап, жанып жатқан оттан, өзі тапкан акшасын қолымен сурып алады, сол кезде әкесі: ия балам сен бұл жолы өз еңбегінмен тапқан екенсін дейді. Маңдай терімен тапқан ақшанының қадірі болады да, былай келген ақшаның қадірі болмайды дегенге саяды бул мысалы Жанагы уй сиякты
sammita
Ана тілі оқулығында болған.
satibaldi
«Ана тілінде» дәл осындай орфографиямен жазылғанына күмәнім бар.
sammita
satibaldi
Үшінші кластағы жеткіншектер үтір болмағасын тыныс алып алуға хақым жоқ деп ойлап, мәнерлеп оқу кезінде тұншығып өлу қаупі бар базына бұл.
meirzhan
Жақсы мысал екен. Моральді дұрыс түсіндіреді.
Khan
Мынауың нарықтық экономиканың кейбір аксиомаларын нахқа жіберетін мысал екен. Осындай мысалдардың салдарынан «жасанды көпіршіктер» пайда болуы мүмкін.
Ottegin
Құмырсқаның илеунің бір бұрышындай болған пәтерде дым құн болмас, мына нақыл сөзге сенсек:-)
Gastarbaiter
Адам өзінің төккен терімен субьективті өлшейтіні рас емес пе көп нәрсені. Мысалдың несі түсініксіз екені маған жұмбақ боп отыр.
Біреулер өзінің қиналып соққан сайтына көп ақша сұрайды, біреулер оның орнына шетелден тігіп кетіп почти су тегін әрі тез жасай қояды.
Егер соны екі ай көті тігіліп қолдан жасаған болса, тиын-тебенге сатпайды.
Осылай болса сәтті бола ма мысал??
Gastarbaiter
Шет елден тігіп кетіп, қымбатқа сатуы да мүмкін кейбір ептілер)))
araika
Жазбаның жеткізілуі тым жеңіл болған. Сол үшін де тез қабылдау қиынға түсті.
satibaldi
Шұлық кеппейтін күн болды бұл
Аффтарды — зынданға!!!
KILYZAMAN
Жақсы мысал: Қазақ деген қасиеті мол халқымыздың қара шаңырақ деген ұғымның аясына көп нәрсе сиып кетеді негізі, сиіп кететіндер де табылады