Жұмысқа орналасу

Мектепті бітіріп қалаға алғаш келген кезіміз болатын.Достарымызбен бір құрылыс компаниясына жұмыс істеуге сөйлестік.«Жарайды разноробочи болып істейсіңдер өтініш жазып өткізіңдер»-деді.Өтінішті орысша жазу керек екен осыған келгенде бәріміз қиналыңқырап қалдық.Арамызда бізге қарағанда орысшасы тәуірірек деп жүрген Еркін деген досымыздың жазған өтінішін бәріміз көшіріп жатқанбыз.Сөйтсек әлгі орысшасы тәуір деп жүрген досымыз«Прощу вас принят меня на роботу в качестве однорозового робочего» деп қойыпты.Әлгіні оқып алып бәріміз жақсылап бір күліп алған едік.
Бөлісу:

17 пікір

balzaminka
баяғыда өзімше болып метрода үлкен кісіге орын бергенмін. Ана кісі, рахмет, қызым, отыра бер қазір түсем деп болмай жатыр. Садитесь деп айтқым келген мен сядьте дегем ғо, ана кісі үндемей отыра қалды. Жол бойына маған жалтақ-жалтақ қарап отырды түскенше
Beytanis
Орын берген соң болды ғой, жалтақтамай отыра бермей ме?! Бала-шаға, жасөспірімдер құлақтарына құлаққаптарын тығып алып «мызғып» отыра беретінін көз көрген, орын бермек түгіл көздеріне де ілмейді.
balzaminka
орын бергенде де отырмайтын, отыра бер дейтін кісілер бар ғой үлкендер арасында
monti
баяғыда өзімше болып метрода үлкен кісіге орын бергенмін.
Питер де ме? питерге кішкентай кезінен барып жүресін/ау дейм супер
balzaminka
Алғаш он үшімде барғам, қызым ержетті деп маманың алғаш жіберген кезі алысқа өзімді
Beytanis
 Өтінішті қазақша жазуға болады ғой. Міндетті түрде орысша жаз деген заң еш жерде жазылмаған. Университетке ең алғаш түскенімде дене тәрбиесінен орыстілді жігіт беретін. Бәрі тілдерін бұрмалап, қиналып жатқанда мен жалпақ қазақша ұра беретінмін. Түсінетін, бірақ сөйлемейтін.
satibaldi
Әлгіні оқып алып бәріміз жақсылап бір күліп алған едік.
Диуанаға күліп жатқан мүсәпірлер… Керемет сюжет…
tarumidreb
алғаш қалаға келген кезім үйде жалғыз отыр едім, есікті біреу қақпасы бар ма?! «Кім» десем, «Я» дейді біреу орысшалап, қысылғаннан «Я одну» дедім…
satibaldi
Штепсель, Тарапунько сынды юмореска майталмандары осындай монологан кейін «а шо у мэнэ там такое?» деп, арқасынан вешалка шығарушы еді…
Пікір түзетілген: 24 тамыз 2011, 15:40
KILYZAMAN
Сонымен, Еркін жұмысқа тұрдыма енді?
dauren85
Иә сол жерде 2жылдай жұмыс істедік.