Жұмысқа орналасу

Мектепті бітіріп қалаға алғаш келген кезіміз болатын.Достарымызбен бір құрылыс компаниясына жұмыс істеуге сөйлестік.«Жарайды разноробочи болып істейсіңдер өтініш жазып өткізіңдер»-деді.Өтінішті орысша жазу керек екен осыған келгенде бәріміз қиналыңқырап қалдық.Арамызда бізге қарағанда орысшасы тәуірірек деп жүрген Еркін деген досымыздың жазған өтінішін бәріміз көшіріп жатқанбыз.Сөйтсек әлгі орысшасы тәуір деп жүрген досымыз«Прощу вас принят меня на роботу в качестве однорозового робочего» деп қойыпты.Әлгіні оқып алып бәріміз жақсылап бір күліп алған едік.
Әрі қарай