Админ ағайға (барлық вебпрограммистерге) ұсыныс: көрінбейтін коменттер

көп жағдайда «флудтап кеттіңдер, жекеге барып, немесе чатқа барып сөйлесіңдер» деген сияқты ескертулер көп кездеседі. мысалы тақырыпқа сай емес коменттер жазу, біреудің бірекі қатесін түзету, таныстардың шүйіркелесіп кетуі, сөзге келіспей айтысып қалу деген сияқты. бір посттың астындағы жүзге тарта коменттердің бәрін оқығың да келмейді. (арасында жақсы пікірлер де болады). «сен анабір посттың сонау жерінде мындай мындай депсің» деген сияқты жеке хаттар да көптеген қиындықтар туғызады. мысалы жеке хат келгенін байқамай қалуы мүмкін, жеке хатта жазылған жерді қарауға еріну.

мен бұл мәселенің мынадай шешімін ұсынамын. жауап жазу дегеннің қасында сыбырлау деген кнопка тұрса. «сыбырласқан» адамдар ғана бірбірінің жазуларын көреді. мысалы «сыбырласқан» жазулар қызыл түске боялып тұрады. ал қалған қолданушылар көрмейтін болады. сол кезде посттың астында басы артық коменттер көрінбей қалады.

түсінікті жеткіздім бе?
Бөлісу:

8 пікір

nurjanbay
өзөзіме пікір жазып тікелей эфирге лақтырайын.
sammita
түсіндік. "Әй, сыбырласа бермеңдер", «Сыбырласып отырсың ба?» деп отырамыз да))
сен анабір посттың сонау жерінде мындай мындай депсің» деген сияқты жеке хаттар
ондайлар да бар ма
nurjanbay
мен өзім жеке хатты жазбаймын десем де болады. егер жеке хатпен жазса хаттың мазмұны осындай болар деп жазғам. өзіме мұндай хаттар келген жоқ.
asaubota
түсіндім. бірақ, ондай нәрсені еш жерден кездестірмедім және қажеті де жоқ сияқты. минус, плюс функциясы да сол үшін ғой. көп минусталған камент өзі жабылып қалады.
nurjanbay
пікірді жабу үшін неше минус керек?
asaubota
4 минус ау деймін, нақты білмеймін
Abilakim
менің бір пікірім 5 минусты көрсетіп тұрған, көзімді бір ашсам жабылып қапты.Әр жағы есімде жоқ
Zhanylai
Жақсы ұсыныс екен.