Админ ағайға (барлық вебпрограммистерге) ұсыныс: көрінбейтін коменттер

көп жағдайда «флудтап кеттіңдер, жекеге барып, немесе чатқа барып сөйлесіңдер» деген сияқты ескертулер көп кездеседі. мысалы тақырыпқа сай емес коменттер жазу, біреудің бірекі қатесін түзету, таныстардың шүйіркелесіп кетуі, сөзге келіспей айтысып қалу деген сияқты. бір посттың астындағы жүзге тарта коменттердің бәрін оқығың да келмейді. (арасында жақсы пікірлер де болады). «сен анабір посттың сонау жерінде мындай мындай депсің» деген сияқты жеке хаттар да көптеген қиындықтар туғызады. мысалы жеке хат келгенін байқамай қалуы мүмкін, жеке хатта жазылған жерді қарауға еріну.

мен бұл мәселенің мынадай шешімін ұсынамын. жауап жазу дегеннің қасында сыбырлау деген кнопка тұрса. «сыбырласқан» адамдар ғана бірбірінің жазуларын көреді. мысалы «сыбырласқан» жазулар қызыл түске боялып тұрады. ал қалған қолданушылар көрмейтін болады. сол кезде посттың астында басы артық коменттер көрінбей қалады.

түсінікті жеткіздім бе?
Әрі қарай