"Сыбайлас қамқорлық" қауымдастығы ашылды

Жігіттер, қыздар, ағалар, бауырлар!
Осында әртүрлі адамдар жиналған. Әртүрлі қасиеттері. Әртүрлі мүмкіндіктері. Идея-армандары бар.
Біз толыққанды қауымдастықпыз. Мейлің қабылда оны, мейлің қабылдама, бірақ кейде бір-бірімізбен араласу үшін реалдағы таныстарды елемейтініміз бар.
Ресми баркемп, саркемптер өз алдына.

Ал қысыл-таяңда, басқа іс түскенде (Құдай бетін әрмен қылсын) тек виртуал жүзінде ғана дос еместігімізді білдіруге (егер қалауыңыз болса) мүмкіндік болсын деп, сонымен қатар потенциалымызды қажет кезде біріктіру мақсатымен, бұрыннан таныс, бірін-бірі жат демейтін мүшелер арасындағы ұйымшылдықты арттыру мақсатымен, осы қауымдастықты ашып отырмын. Өйткені, ең қиын нәрселердің бірі, ағыңнан жарылып, шын арманыңды айту. Өзіңе қымбат ой-жоспар, жобаларды іштей аялап, аймалап жүрген жақсы ғой. Бірақ жылдан жылға ол армандар арман күйі қала берсе де жалығамыз.

Амиголар, бәріміздің де ең батыл армандарымызды жүзеге асыруға титтей болса да мүмкіндіктеріміз бар.
Бірақ кейде сырттан демеу керек болады. Тым болмаса моралды демеу. Кейде адам өз күшіне сеніңкіремейді. Сол кезде оған «уішіпөл» немесе «маладес» деген ақпаратсыз жалқау пікір ештеңе бермейді, басқа идея немесе, басқа сырттан көзқарас керек. Бір-бірімізге қажетті ақпаратпен, ақшамен, немесе қандай да бір қолдан келер қызметпен, барымен базар қылып көмектесіп тұралық т.б. деген ниетпен ашылған қауымдастық.

Қазіргі қарым қатынастың осы жетістігін пайдаланып, ортаға өзіміздің идеяларымызды (интернеттегі ғана емес, реалдағы да), мейлің ең есі ауысқан сандырақ идея болса да, мейлің барлық шығын-кірісі анықталған дайын бизнес проект болса да қалауларың болса бөлісейік.

Бірімізді жоқ қасиет бірімізде бар, бірімізде жоқ таныстар бірімізде бар деген сияқты.
Бір идея болмаса, екінші идеяң қолдау тауып, жүзеге асып жатса, несі жаман?
Вобщем, шамамен схемасы былай болса:

1) Идея (статусы: арман, мақсат, жартылай жүзеге асырылған, дамыту)
2) Жету жолдары (әрекеттер тізімі)
3)Кедергілер мен ресурстар (ақша, таныс, ақпарат т.с.с)
4) Сұрақтар
Бөлісу:

67 пікір

Gastarbaiter
Әрине, көп адамның жеке жетістігімен мақтанатын ресурсына келіп, қара басыңдағы қиын мәселеңді ақтара салу қиын ғой. Бірақ сонда да тәуекел деп көрсек қалай?
Бәлкім біреудің барбароссасы, біреуге бір күндік жұмыс па кім біледі?
Өзара жәрдемдесе бастасақ, қауымдастық екенімізді реалда дәлелдесек «интернетте көп отырасың» дейтіндер де ойлана бастар.
Пікір түзетілген: 11 шілде 2011, 15:29
Abilakim
Кітап шығару мәселесі күлкілі емес пе?
Gastarbaiter
Жазсаңшы, не туралы болады, қалай болады. Одан қалай табыс табуды көздеп отырсың ба(ең дұрыс, әрі шынай мотив), әлде мыжың шалдар сияқты, студенттерге күштеп тығатын плагиат кітап па…
Қауымдастыққа кіріп жаза отыр. Бар білген, қолдан келгенімен бөлісеміз.
VKM
О, Гаста, күшті тақырып. Мен ойланып барып жазамын
satibaldi
1) Идея: Каспий мұнайын Джейхан портындағы терминалдарға жеткізу.
2) Жету жолы: 2 млн-дық армия, Атырау, Ақтауда құрлықаралық зымырандар.
3) Кедергілер: Қазақтар.
4) Сұрақ: @VKM инвесторларға билевжіберіп, көңілдерін көтеріп, контрактқа қол қоюға ұйтқы болмас па екенсіз?..
Пікір түзетілген: 11 шілде 2011, 15:47
VKM
 билемим
satibaldi
Анайы ештеңе жоқ, тек сопақбас үндістер мен италдарға қалтырап кетсеңіз болды.
VKM
 жәрәйді. Пресс-секретарьға звондап, келісерсіз)))
satibaldi
Сағатына 25 мың деп пе едіңіз?
VKM
Хабарландыру!!! Егер үйлену тойына не тағы да бір жиындарға флешмоб ұйымдастыру керек болса, маған жекеге хабарласыңыздар.ИП аштым, биден сабақ беремін
Gastarbaiter
Тақырып аш, телефон жаз, почтаңды сал. Керекшілерден басқалар да көріп қалар.
Daniar-Alan
телефон жаз, почтаңды сал

ия сөйтш айналайын…
aza
Немене, сол қыздың жекесіне құштар екенсіңдер бәрің, епті?!
Aldeken
не ғо, көл қорыған қызғыштай, не болды, Аза? Қыздың жекесіне құштар болмағаннан сақтасын…
Gastarbaiter
Батылдықтың шегі осы болсын, @Satibaldi… Екі миллиондық аудиториямыз болса, несі бар?
Beytanis
Біреудің ойланып, толғанып, толғатып тапқан затын біреу өзіне меншіктеп ап, аптырскиді «лақтырски» қылмайтынына Амега кепіл ме?
Gastarbaiter
Ох, елки… Ашық қауымдастық боп кетіпті…
Кешіріңіздер.
Beytanis
Сезікті секіреді!
Gastarbaiter
КӨрісіп білісіп жүргендер қауымдастығы ғой негізі.
neoman
Әрине, қолдаймын. Бірақ осылай арнайы қауымдастық ашудың қаншалықты керектігі бар? Біреудің проблемасы болса, қолынан келгендер онсызда-ақ асарлатып көмектесер.
Gastarbaiter
Нео, бұнда кейін кіретіндер бар, кеш кіретіндер, бір бірінің жағдайына реально немқұрайлы еместей болған адамдарға арналған қауымдастық еді. Ашық қылып жіберіппін, кешірім сұраймын.
Енді мысалы, бір жерде жүргенде маған біреу жұмыс ұсынады, ал менің ол жұмысқа құлқым жоқ, бірақ кім болса соған қимаймын, сол кезде менің есіме біреудің жоспарында осы қызмет бар екені түседі. Сонда соның адресін бере саламын. Немесе телефонына хабарласамын.
Бір жерде бір мүмкіндік ашыла қалды, ал мен белгілі бір себептермен ол салаға қызықпаймын, немесе қызыққанмен ол мүмкіндікке секіріп үлгермеймін, сонда ол шансты сыбайласыңа лақтырып жібересің.
Сүйекті жей алмаса да ешкімге қимайтын ит сияқты, «маған да жоқ, демек сендерге де жоқ» деп отырмайсың да.
Пікір түзетілген: 11 шілде 2011, 15:57
sammita
Идеяң аздап мынаған келеді-ау деймін.
ПыСы: Астанадан бір «ортаңқол» жұмыс керек болып тұр туыс қызға, бар болса хабарласыңдар Саммитаға
Abilakim
13-і күні алматыға барам. Мені қамқорлығына алып түстен кейін Алматы-1 ден шамамен 15-20 км жердегі Камсомол ауылына апарып келген адамды мен де өз қамқорлығыма алып арқаның 10 литр қымызын беремін.
sammita
баяғы армияға барасың-ау шамасы.
"өз қамқорлығыма алып"
шатырлық ету ме)
Gastarbaiter
Мұнда ішкі хат алмасу да жақсы қызмет атқара алатынын дәлелдеді. Сонымен қатар малагентте тек қажет деп тапқан адамдарды конференцияға қосуға болады, бірақ онда сұхбат тарихын бақылап отыру қиынырақ.
Пікір түзетілген: 11 шілде 2011, 16:23
asaubota
иә, соны айтайын дегенмін. ішкі хат алмасу біраз шаруа атқарып тұр ғой.
satibaldi
Креветка қуыра алам.
Gastarbaiter
Креветкаңды қайдам, талай адамның апшысын баптап қуыра алатыныңа сенімдімін.))))
meirzhan
Мынауыңыз дебаттағы механизм сияқты екен. Сол ойындағыдай мында да оппозицияның пайда болып кекетіп, мұқатпауына кім кепіл?!
Біреу мәпелеп жүрген идеясын жазса, оған біреу ушівөл немесе одан жаман коммент қалдырса пост авторы қандай көңіл-күйде болады?! Сын болса конструктивті болсын.
Жалпы сайтқа өз өнерін шығаратын блогшыларға біреу-міреу бірдеңке дер жазып кетпесін деп тұрамын.
meirzhan
Дегенмен де мен қолдаймын бұл идеяны! Жақсы бастама. Ақыл-кеңесімді аямаспын.
KILYZAMAN
Еуропа қызығын көре-көре шаршап мезі болған, жылу насосын қолдануды айтып бармаған жерім қалмады. Ылғи танауын шұқыған мырқымбайлар немесе көкесінің кеңесісіз дәретханаға бармайтындар… Ал ол технологияның, елімізде қолдануға тым ыңғайлы және үнемді екені анық(Әрине бірден үнемге көшпейді)
Түйіншектер
Пікір түзетілген: 12 шілде 2011, 11:13
meirzhan
«Сыбайлас қамқорлық» қауымдастығында жаңа постта осы тақырыпты қозғап көріңіз.
serjan
Мұғалімдерге арналған әлеуметтік желі ашсақ қазақша, дәл осындай движокпен, деген қиял бар.
Жету жолы:?
Кедергілер:?
Сұрақтар:?
meirzhan
ustaz.kz деген сайт бар. бірақ ол әлеуметтік желі емес.

Жалпы «мой мирға» бәсеке болатын қазақы әлеуметтік жүйенің болмай тұрғанында мұғалімдерге арналған ә.ж. -ні қалай құрамыз?

Жалпы мен ұлттық нақыштағы дизайны бар қазақ тілді әлеуметті желінің болғанын қалар едім.
alisha
ол желіні мұғалімдер тәжірибе алмасу үшін ғана емес, желілік маркетинг тауарларын саудалайтын тегін жарнама құралына айналдырып жіберетін шығар.Неге екенін қайдам, соңғы кезде мұғалімдерден түңіліп жүрмін…
Пікір түзетілген: 12 шілде 2011, 17:23
KILYZAMAN
  — әй заманай десейш… Қайтсін енді — санасын тұрмысы билесе?
meirzhan
мұғалімдердің көбі желілік маркетингімен айналысатыны мен үшін жаңалық.
Қайтсін енді, өмір болғасын, тіршілік ету үшін сөйтеді ғой енді.
alisha
енді бос уақыттарында айналыса берсін… бір күні мектепке бардым, мұғалімдер бөлмесінің есігін ашсам азан-қазан, сөйтсем тапсырыстары келіп, соны үлестіріп жатыр екен…
meirzhan
 сіз ұрыстыңыз ба?
alisha
«Бәленшені қайдан табуға болады?» деп бес-алты рет сұраған шығармын. Бөрінің бір жеріндей шулап, естімеді сөзімді. Танымайтын адамдарға не деймін? Сол менің орнымда бір оқушы болып: «Бәленшиев Түгеншиевті қылғындырып жатыр» десе… байғұс Түгеншиев арашасыз өліп кететін шығар… Барып құйрығынан, болмаса иығынан қақпаса қарамайды аналар.
meirzhan
Бастауышта оқығанда аузынан сөзі, үстінен бөзі түсердей ынжықты қорғағандағы тәсіліңізді қолданып көрмедіңіз бе?
Пікір түзетілген: 12 шілде 2011, 17:45
sammita
Бөрінің бір жеріндей
о қай жері екен?
sammita
әйелдер жүрген жердің бәрі солай. Тауар сату, заказ бер деп мазалау.
alisha
сосын осы күні дәрігерлер де қай-қайдағы БАД-тарды тықпалайтын болыпты ғой
sammita
айтпа. Сосын өзінің қолы қойылған рецептімен белгілі бір аптекаға жол сілтейді. Қытай дәрілеріне дейін ұсынады.
Анализге жолдама бергенде таныс медорталықтарға жіберуге тырысады. Содан олар процент алып отырады.
Мен керісінше өзім басқасына барам, бұл әдісінен соң. Баға айырмасы да бар әрине.
serjan
Ұстаздың бар екенін байғұтан да біледі.
Бұл жерде майыл руды айтып қоқсымашы. менің айтпақшым басқа.
meirzhan
Нағыз зиялы қауым өкіліне «лайықты» сөйлейді екенсіз.
KILYZAMAN
Осы жерден ақ жабық қауымдастықты ойластырса болар — Админшырақпен келісіп. Неге жабық — бәдіктер мен еріккендерден сақтану үшін(сірә, ондайлар мұғалімдерден де табылар)…
Пікір түзетілген: 12 шілде 2011, 17:22
meirzhan
Менің де айтатыным сол ғой.
Біреу мәпелеп жүрген идеясын жазса, оған біреу ушівөл немесе одан жаман коммент қалдырса пост авторы қандай көңіл-күйде болады?!
KILYZAMAN
оған біреу ушівөл немесе одан жаман коммент қалдырса пост авторы қандай көңіл-күйде болады?!
— авторлар келе-келе пысқырмауды үйренеді. Арзан аВТОРИТЕТ пен пайдасы жоқ РЕЙТИНГқууышылар(Қумаштар) (@Gastarbaiter — жиі сөз ететін нәрсе) өз өзінен жоғалады…
Пікір түзетілген: 12 шілде 2011, 17:31
meirzhan
Арзан аВТОРИТЕТ пен пайдасы жоқ РЕЙТИНГқууышылар-дың соңынан ергендері болғанда өз-өзінен жоғалуы күмән туғызады.
KILYZAMAN
Пысқырмасақ болды :-)
Onlasyn
Ашылса оған кіретіндер табыла ма?
serjan
Жету жолы:?
Кедергілер:?
Сұрақтар:?
Талқылағым келген еді.
Gastarbaiter
Жолдастар! Жолдастар! (Ох енесті партсъезде тұрғандай боп кеттім ғой)))
Айтылған пунктілерге тағы бір пункт қосайық. Шындыққа жақын армандарымызд айту үшін.

5. Арманың орындалу жолында жасаған өзіңнің әрекеттеріңнің тізімі (титімдей бастамасы болса да)
a63a1
ееееее бар екенғой
VKM
Абзал, дұрыс еске түсірдіңи
Астанада кім 1 бөлмелік пәтер сатып бере алады, а? Жалғыз тұрғым келеді
a63a1
  мынау сенің аваң едіғой жаңа байқап отырм
VKM
Ғашықтар күніне келтіріп өзгерткен едім.00-00 де ауыстырамын
a63a1
солай, адам алғашқы авасын қимайд екен
kokbori
Гаста менің ойымдағыдай нәрсе бастапты ғой кезінде, аяғы сиырқұймышақтанып кетпеп пе?
Janasil
Керектің бір шетінде «жұмыс іздеуші» мен «жұмысшы іздеушінің» тізімі шығып тұрса.
VKM


Шамамен осындай)
Daniar-Alan
қызық кен… тіпті тамаша… баға шамасын жекеге жазвжерсеңіз
Gastarbaiter
Сосын сатам, сатып алам деген тегін рубрика болса.
Біреудің артық дамбалдары болса, екеуін алайын деп едім, біреуін жұмысқа, біреуін үйге кисем бе деген тілек та. Сосын артық екі сабын табылып жатса да айта жүріңдер. Біреуімен жуынам.