Сүрінгенге қол созу ұят па немесе көшеде құлап жатқанның бәрі маскүнем бе?

Your text to link...

Бүгін мына жазбаны оқып, 2 жыл бұрынғы өз басымнан өткен жағдай еске түсті. Оқып көріңіздер. Бәрімізге келетін жағдай сынды.

Көше бойымен келе жатып, жолдың арғы бетінде ұзыннан сұлап жатқан жігітке көзім түсті. Басыма ең бірінші келгені – «мас шығар» деген сұқсыр ой болды. Кейін ұялдым.

Байыбына кеш барғаныма қысылдым да, өкіндім. Бәлкім оның жүрегі қысылып, не болмаса басқа бір жері ауырып қалған болса ше?.. Осы ой жанымды жегі құрттай жеп тоқтамай қойды. Тек мен ғана солай деген пікірде болсам бұлай қынжылмас едім-ау. Біраз ұзап артыма бұрылғанда жер жастанып жатқан жігітті орнынан тұрғызған бір адам көзге түспеді.

Иа, оның сырт келбеті ішімдікке салынған адамға ұқсайтыны анық. Міне, осы құртады бізді. Бар адамды тек киімі мен әлеуметтік жағдайымен бағамдайтынымыз заңдылыққа айналғандай. Ол кісінің жан дүниесінде не бар, ол бізді қызықтыра бермейді. Жол жиегінде сұлап жатқан апталдай азамат біреудің ардақты әкесі, енді біреудің жан жары, өзгенің сүйікті баласы екендігі де сөзсіз. Ал соны неге естен шығарамыз? Тіпті маскүнемнің өзіне көмек қолын созсақ, ол да жан иесі ғой. Бәз біреулердің төрдегі диванында шалқайып жатқан мысық құрлы болмағаны да біз үшін. Бұл – безбүйректік пе, әлде астамшылдық па? Не болса да қателік жасап, осы тізімге ілінгендердің бірі екенім рас. Егер өзім үйдегі киіміммен солай ауырып көшеде құлап қалсам деген суық ой мұздатты жанымды. Мұздатпағанда ше, мені де қаңғыбас деп ешкім мойын бұрмауы ғажап емес қой.
Әрі қарай

"Сыбайлас қамқорлық" қауымдастығы ашылды

Жігіттер, қыздар, ағалар, бауырлар!
Осында әртүрлі адамдар жиналған. Әртүрлі қасиеттері. Әртүрлі мүмкіндіктері. Идея-армандары бар.
Біз толыққанды қауымдастықпыз. Мейлің қабылда оны, мейлің қабылдама, бірақ кейде бір-бірімізбен араласу үшін реалдағы таныстарды елемейтініміз бар.
Ресми баркемп, саркемптер өз алдына.
Әрі қарай