Жоғары білімге жоғары талап керек

Биылғы жылы елімізде ЖОО-да оқу ақысы тағы да көтеріліп отыр. Қ.Р. Статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстанда барлығы 148 ЖОО бар. Олардың 53-і мемлекеттік саналып, онда 310092 студент немесе жалпы санының 49,9%-ы білім алуда. Қазақстандағы студенттердің 77,3%-ы ақылы негізде оқиды. Оқу ақысының көтерілуі жоғары білімге сай келе ме?

Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (ҚазҰУ), Каспий унисерситетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін (ҚазЭУ), Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін (ҚазҰТУ) және Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясындағы (ҚазБСҚА) оқу ақысын салыстыра келе бір мамандықтың әр оқу орындарында әр түрлі екендігіне көз жеткіздік. Мәселен, ҚазЭУ-де бакалавр деңгейінде бір жылға қаржы мамандығына оқу ақысы – 450 мың теңге, экономика – 360 мың тг, кеден ісі – 280 мың тг, ал ҚазҰУ-де сәйкесінше қаржы және кеден ісі – 635,8 мың тг, экономика – 560 мың тг. Ал Каспий университетінде экономика мамандығына оқу ақысы – 180 мың тг екен. Сондай-ақ құрылыс факультетіне ҚазБСҚА-да 350 мың тг болса, ҚазҰТУ-да 320 мың тг екен. Байқағанымыздай, бір мамандықтың оқу құнында едәуір айырмашылық көрінеді.
Естеріңізге сала кетсем, статагенттік мәліметтерінше, ЖОО-да білім алып жатқан студенттер жалпы санының айтарлықтай басым бөлігі әлеуметтік ғылым мен бизнес мамандығына ден қойғандар – 25,4%-ды, педагогикалық мамандықты – 20,4%-ы қалаған және техникалық ғылым мен технология саласындағылар 18%-ды құрап отыр. Ал осы көпшілік қалаған бизнес мамандығына абитуриенттердің бәрінің дерлік грантқа түсу мүмкіншілігі бар ма? Оқу ақысын қарапайым халықтың қалтасы көтере ме? Жоғары білімге қойылатын жоғары талапты студенттер ақтай ма? Міне, осы сауалдар бойынша студенттердің пікірін білген болатынбыз.

Досбол Қамзаев, ҚазҰУ-дың Заң факультетінің 4-курс студенті:
Әрине, оқу ақысының жылдан жылға көбейетіні бізді алаңдатады. Өзім ақылы бөлімде оқимын. 2007 жылы оқу ақысы 280 мың шамасында еді, 2008 жылы бір жылдың ішінде 490 мыңға өсіп кетті. Амал жоқ, болашақта жейтін наным болған соң оқуға тура келді. Биыл тағы өсіп отыр. Бұл соманы қарапайым халықтың бәрінің бірдей қалтасы көтере бермейді. Амал не, оқымай, қара жұмыспен айналысады. Ал кейбір студенттер бар, ата-анасына сеніп, 4 жылын бос өткізеді, нәтижесінде дипломын алып, білімі жоқ, жақсы жұмысқа орналасқысы келеді. Алайда, қазір заман білімділерді талап етеді. Қазіргі таңда қаншама жастар дипломмен жұмыссыз жүр. Оларға айтарым, өз уақытысында оқу керек еді!
Раушан Майгелдиева, ҚазҰТУ-дың 4-курс студенті:
ЖОО оқу ақысының көтерілуінің пайдалы және пайдасыз жағы бар. Пайдасыз, себебі қазір кез-келген адам жоғары білім алуға мүмкіндігі бар. Бұл, әрине, жақсы. Дегенмен, осы білімді ақтамайтындар қаншама. Тек диплом үшін оқитындарды айтпай-ақ қояйын. Ал диплом алып, не басында білімі жоқ не жұмысы жоқ, бос жүрсе, онда мүлде оқымау керек еді гой. Пайдалы, себебі жоғары білім қымбат болғаны дұрыс. Әйтпесе қазіргі таңда, әсіресе, Қазақстанда жоғары білім алушылар саны салыстырмалы түрде жоғары. Өзге шет елдерде, керісінше, ЖОО-на кез-келген адам түсе алмайды. Олар колледж немесе профессионалдық білім беру ошақтарымен шектеліп қалады екен. Міне, осындай кезде ғана жоғары сапалы білім нәтижелі болмақ.

Шегеев Ерлан, абитуриент:
Мен колледжден кейінгі жоғары білім алу мақсатында ҚазҰУ-ға заң факультетіне тапсырғалы отырмын. Бір жылдық оқу ақысы 445 мың тг, ал Абай атындағы ҚазҰПУ-да 460 мың тг. Алайда, ҚазҰУ-ды таңдаған себебім, оқу ақысының арзандығы үшін емес, Қазақстандағы ең беделді, білімі жоғары оқу орны болғандықтан таңдадым. Оқу ақысына келер болсақ, мен үшін, көпшіліктің қалтасы көтеретін, қолжетімді баға. Бұрын оқуға талап, ынта аз болып, жұмыс көп болатын. Ал қазір жұмыс жоқ, бірақ оқу керек. Алайда мектептен соң бакалавр деңгейіндегі оқу ақысының тым жоғары болуы студенттер үшін тиімсіз. Мәселен, оның айлығы аз болып, оқуына кеткен қаражатын ақтамауы мүмкін. Осының салдары жұмыссыздықтың бастауына әкеледі.

Айта кету керек, ЖОО-да ақылы бөлімде білім алушы студенттерге жеңілдіктер де қарастырылған. Мәселен, ҚазҰУ университетіне түсуші абитуриент мектепті үздік бітірсе, келісім бойынша бір жылғы оқу ақысының 15%-на, университет колледжін үздік бітірсе 10%, ата-анасы университет қабырғасында кемінде 5 жыл қызмет атқарса 0-15%-ға дейін төмендетілген жеңілдіктер көрсетілген. Ал бұл баға сол білімге сай келе ме? Мұны уақыт еншісіне қалдырайық.
Бөлісу:

26 пікір

patick
Басқа мемлекеттерде білім алу тегін. Әрине, бұл жерде байлығы бар елдерді айтып отырмын. Қазақстан ғана оқу құнын жыл сайын аспандатып барады. Енді келіп «мамандар жоқ» деп жылайды. Мен оқымас едім 500 мың теңгеге. Өйткені берген білімдерінің құны көк тиын.
Zilola
ҚазБСҚА-да оқып шыққан мамандар далада қалмайды, ал ҚазҰТУ-дың Құрылыс институтының білім деңгейі жайлы аз-кем білемін, салыстырмалы түрде ҚазБСҚА-да оқыған жақсы.
saken
тегін уақытта оқып алғаныма шүкір
Beytanis
Меніңше, білім алу әр білімгердің өз қолында. Қазір бұрынғыдай «шайнап беріп жұтқызу» жоқ, кредиттік технология — силлабус, оқу кешенін береді оқытушылар, керек пе, ІЗДЕН, ОҚЫ, керек емес пе, өзің біл деген заман!!!

Ал, оқу ақысын көтеру мәселесіне келсек, бұл жас өрендерді болашақта ақшасына емес, біліміне арқа сүйеуге итермелейтін қадам. Өйткені, жұрттың бәрі қалталы емес, әр адам өзі үшін, болашағы үшін оқысын, талаптансын деген ой жатқандай. Жеке пікірім осы, минүстайсыңдар ма, қызан лақтырасыңдар ма, өздерің білесіңдер.
meirzhan
Ұзақ посттар болғанда оқырманды көбәріппен қинамас үшін қысқаша тезистермен жазып қойсаңыздар жақсы болушы еді. Посттың не жайында екенін 5-6 сөйлеммен. Дәл тақырып астында жазсаңыздар. Ал ары қарай ұзын постыңыз. жай ғана тілегім ғо.
Altygradus
Универлер өз шығындарын ақтау үшін аз дегенде сондай баға қоймаса болмайт. Ар жағын мемлекет қарасар. Бірақ ол қаншалықты қарапайым халықтың жағдайымен сай келеді??
Бізде халық тұрмыс деңгейі ай сайын депозитке ақша салып отыратындай деңгейге әлі жете қойған жоқ. Сосын қазақтар бір жанұяда 3-4 бала болатынын ескерсек,әрине не до депозита болады.
Мыс жапондар бала туғаннан бастап арнайы шот ашып, оның болашағы үшін деп ақша жинай бастайды.
Орта мектептер ақысыз оқуға көшкендері, осыдан 1-2 жыл бұрын ғана, әйтпесе оғанға дейін тіпті мемлекет, префектура, қала қарамағындағы мектептердің өздерінде оқу ақылы болды. Жекеменшік мектептерде сәйкесінше оқу ақысы жоғары болды. Қазір мемлекет қарамағындағы оқу ақысын толық мемлекет өзі жабады, жоғары мектептерде де биылдан бастап ақысызға айналған болу керек. Ал баланың университет ақшасы сол депозиттегі ақшамен жабылады.
Универде қандай да бір скидкалар болуы мүмкін, немесе қосымша стипендия алуы мүмкін студент қандай да бір қорлардан, ал бірақ студенттің оқу ақысы толықтай тегін болуы өте сирек жапон мемлекетінде. Жапонияда бір баланы өсіру үшін(бала бақшасы, мектеп, секциялары бар… сосын универ) шамамен 200 мың$ кетеді.
Мысалы бізде ҚЗда жоғары стандартты оқу орындары қажет дейміз, ол үшін оқу ақысы кемінде 10 мың$ болуы керек. Ал оны халық көтере алмайтыны анық.
Ал кеңес үкіметінен үлгі алған Дания, Швеция сияқты елдерде оқу ақысы тегін, оларға жету қайда бізге…
Сосын 10 мың$ төлеп оқығанша үстіне сәл қосып шетелде оқыған менше
Beytanis
100 мың АҚШ теңгесі тұрмақ, 400-500 мың Қазақстан теңгесі талай ата-ананың сақинасын қоздырып жүр. Негізі, шетелде оқыды деген аты болмаса, ерекше бір білім алады дегенге сене қоймаймын. Бәлкім, технология саласында бірдеңелер болмаса…
Altygradus
100 мың АҚШ теңгесі тұрмақ, 400-500 мың Қазақстан теңгесі талай ата-ананың сақинасын қоздырып жүр.
иә сол ғой менің айтқаным, біздің халық деңгейі әлі жетпейд
Негізі, шетелде оқыды деген аты болмаса, ерекше бір білім алады дегенге сене қоймаймын. Бәлкім, технология саласында бірдеңелер болмаса…
технологиялар саласы әрине, былай гуманитария болсын бәрібір студентке жасалар жағдай бөлек қой, кітаптар жағы бір, сосын кітапханадағы кітаптар қоры, оның түннің бір уағына дейін, тіпті кейді күні бойы жұмыс істеуі, сосын профессорлардың жұмысы оның бәрі бөлек
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 16:16
Beytanis
Жапон тілін меңгеру жағың қалай? Кітаптар мәселесіне келсек, қай тілде? Инглиш?
Altygradus
жапоншам шүкір, бірақ керемет демес едім, нормально әйтеуір баяндама жазуыма жетед, сабағым бәрі жапонша, а так қолданатын кітаптарым 70% жапонша, ал пайдалатын зерттеулер мен монографиялар бәрі ағылшынша
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 21:20
Serzha
жапонияда жоо білімі қажеттілігі үлкен бе?
Altygradus
қалай сонда?
Serzha
жоо бітірсең де, қандай да болсын компанияға кірсең, ең төменнен бастау керек дегенді естідім. тен токиолық универді бітірдің деп, бастық орнын бермейді. жалпы универде оқу деген мектептен де жеңіл дейді.
Altygradus
әрине бірден бастық қып кім алсын, қандай универ бітірсең де.
бірақ қандай универ бітіргенің әрине маңызды. Сол универдің статусынан қарай бағалай салуы да мүмкін. Сосын бір универде бітірген таныс бастыңың болса, сені көтермелеп, сүйемелдеуі мүмкін, жалпы дамыған мемлекет дегенмен таныс деген маңызды жапон қоғамында. Бұрын бір жапондармен танысып ҚЗда, сонда ішінде бәреуімен бір универде оқыған боп шығып, ооооо деп ол қуанғаны бір он жыл көрмеген туысын кездестіргендей
Ал универде оқу мектептен де жеңіл деген сөз білмедім қайдан естігеніңді.Бірақ мысалға Корея мен Жапонияда универге түсуі қиын ал оқу оңай деген сөз бар. Себебі универде оқығаннан гөрі оның алдындағы процессі тым күрделі, тым қиын, тым стрессті
Beytanis
жоо бітірсең де, қандай да болсын компанияға кірсең, ең төменнен бастау керек дегенді естідім.

Әбілдің, жарық дүния есігін енді ашқан адам ба, мына кәменттің аптыры?
konvict
Шынайы білімді дамытқысы келсе ақылы оқу мен сырттай оқуды жою керек. Бірақ олай жасау мүмкін емес жақын уақытта.
konvict
Кезінде Абай мен Ыбырайлар жоғары оқуды тауысып, қызыл дипломды құшақтамапты
meirzhan
Абай мен Ыбырай қазіргі кезде өмір сүрсе, бакалавриат тұр ғой, тіпті PhD докторантураның бірнешеуін тауысар еді.
satibaldi
Аттыру керек. 1989 жылдан кейін ғылыми дәреже алғандарды тура дарға.
satibaldi
Жоғары білімге жоғары талап керек
Аудандық газеттерден мақала ұрлағанды қашан қоясыңдар?
balzaminka
myna jakta turgylykty halyk M.E-ge 2000$ toleitn bolsa dal sogan weteldk 24000$ toleidi. Al, phd odan da arzan eken.
Altygradus
24000$ жиырма төрт мың
balzaminka
aga
Altygradus
мдаа… ол ақшаға Нагасаки универінде де оқып шығуға болад ыспокойно
KILYZAMAN
Жоғары білімге жоғары талаптан бұрын ізденіс керек —
Пікір түзетілген: 10 шілде 2011, 18:50