Жоғары білімге жоғары талап керек

Биылғы жылы елімізде ЖОО-да оқу ақысы тағы да көтеріліп отыр. Қ.Р. Статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстанда барлығы 148 ЖОО бар. Олардың 53-і мемлекеттік саналып, онда 310092 студент немесе жалпы санының 49,9%-ы білім алуда. Қазақстандағы студенттердің 77,3%-ы ақылы негізде оқиды. Оқу ақысының көтерілуі жоғары білімге сай келе ме?

Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (ҚазҰУ), Каспий унисерситетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін (ҚазЭУ), Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін (ҚазҰТУ) және Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясындағы (ҚазБСҚА) оқу ақысын салыстыра келе бір мамандықтың әр оқу орындарында әр түрлі екендігіне көз жеткіздік. Мәселен, ҚазЭУ-де бакалавр деңгейінде бір жылға қаржы мамандығына оқу ақысы – 450 мың теңге, экономика – 360 мың тг, кеден ісі – 280 мың тг, ал ҚазҰУ-де сәйкесінше қаржы және кеден ісі – 635,8 мың тг, экономика – 560 мың тг. Ал Каспий университетінде экономика мамандығына оқу ақысы – 180 мың тг екен. Сондай-ақ құрылыс факультетіне ҚазБСҚА-да 350 мың тг болса, ҚазҰТУ-да 320 мың тг екен. Байқағанымыздай, бір мамандықтың оқу құнында едәуір айырмашылық көрінеді.
Әрі қарай