Royal Tulip Almaty 5* - 1 жыл

Мен бір керемет вечеринкада болдым 1 шілде күні. Қаламыздағы саусақпен санарлық 5* қонақүйлердің ішіндегі ең жасы да, кәзірге ең танымалы Royal Tulip Almaty өзінің 1 жылдық туған күнін атап өтті. Осыдан бірер жыл бұрын Rixos Almaty да 1 жасқа келгенін атап өткен еді. Ол кездегі партидан тамаққа тойып келгенім және қызыл туфли киіп барғаным (Red party) болмаса, ештеме есімде қалмапты.

Ал мына қонақүйдің кешті қалай ұйымдастырғаны өте ұнады. Сағат кешкі 19.00де басталды. Қонақүйге кіріп қалғанда, ертегі әлеміне кіргендей болдым. Алдында да жұмыс бойынша көп баратынмын. Бірақ осы жолы фойе мен залды әшекейлеулеріне мін таға алмайсыз: талғаммен жасалған. Аниматорлар да, шариктер де.

Кешті Андрей Малышев ашты. Осы Малышевті жақсы көреді жұрттың бәрі. Жиындарды 3 тілде жүргізеді көбінде. Сосын көп жүргізішілер қонақтар кетпей тұрып виски-шмискиден ұрттап қисайып жүреді ғой. Андрейдің бір рет болсын ондайын байқамадым. Сондай трезвый боп жүреді.
Сосын ары қарай целый концерт басталды енді. Мен өмірімде аты-жөнін естімеген опера әншісі болды Рамина деген. Операда айтқанда ұйықтап қалайын дедім басында  

Кештің фишкасы London Beat тобының (Where are you, I've Been Thinking About You) выступлениесі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы топты сонау Ұлыбританиядан шықырыпты. Бірақ че-то подозрительно. Онсыз да Қазақстанда тусоваться етіп жүргендер ғой деп ойлап қойдым өзім. Не болса да зажигать етті халықты. Әсіресе, қыздар қауымын  3 қара нәсілді чувак и біреуі ақ. Қанша гонорар алса да, соған тұрарлықтай дискотека жасады  

Өзіміздікілерден Sugar Beat деген топ болды. Екі beat қосылғанда мен түсіне бермейтін, шыңғырған музыка миксі болды енді  . Sugar Beat Алматының көптеген клубтарында ән салады. 4 бірдей жігіттің арасындағы жалғыз қыз солисттің даусы керемет.

Осындай жаңалықтар. Ертерек жазуға совсем уақыт болмады.

P.S. Сондай керемет қызықты бұзғысы келіп қолы қышып тұратындар міндетті түрде табылады ғой.
Бір қазақ қыз ішіп алған ба немесе шегіп алған ба білмеймін, әйтеуір қуып кетті. Біздің топқа қосылып алып, қыздарға жабысты басында. И смешно, и грешно деген бар ғой. Сол сияқты әбден күлдім ана қызға. Ужс, әп-әдемі қазақ қызы. Одан қашып кеп стол басында отырсақ, артымыздан келіп біздің жігіттердің алдына кеп өзін-өзі лақтырды. Жігіттер не ойлағанын кім білсін, бірақ, ұят екен.

Update:

Бөлісу:

46 пікір

madlen
Жарнама или сол сияқты тағы бірдеңе деп ойламаңдар. Жәй қызық үшін, светские тусовкалардан хабар болсын деп жаза салдым. Басқа түк те емес. Сурет жоқ. Фотоаппаратты алып бармаппын. Кечирип қоясыздар ол үшін.
Gulistan
Ландн Бит — жақсы топ. Жаңа өзің айтып өткен өлеңдері кезінде хит болған, кейін бір кризис болып, кішкене сахнада тыс қалыпты. Содан қайта көтерілу үстінде сияқты.
Өздеріне жарнама жасап, ескі өлеңдері арқылы өздерін насихаттап жүргені шығар.
madlen
Ия, сондай боп көрінді маған да. Кейбір хиттарын 2-3 реттен айтты
Пікір түзетілген: 7 шілде 2011, 13:22
Gulistan
А, солай ма? Қызық екен…
Altygradus
сюрет болғанда ғой Әйтпесе мен уже ҚЗда болмағасын ондай отель барын да білмид екем сен өткенде айтпайынша Қызық боп тұр айтқасын сахнаны жалпы қалай ұйымдастырылғаны
madlen
саған апдейт жасап қойдым. Дәл сол кештің суреттері жоқ болса да, қонақүйдің показательный суреттері.
AKY
Элита деЧ, ощм))))))
Gastarbaiter
Негізі Керекке өзінің светский вечиринкаларын ұйымдастырып тұру керек жыл сайын. Асауботаға алтын сырға!

Көзіме елестетіп тұрмын, Керекинфо вечеринкасы. Сол вечеринкада жылт етіп қалуға құштар адамдар. «Кіргізжівер амиго»— деп Конвиктке жалынып тұрған танымал адамдар…
ПС. Мен идеялар генераторымын әжессс))
asaubota
ол үшін құрығанда мың белсенді юзер керек, сайтта жарнама болуы керек, керек обшым керек… арман әнәсссс
omarbirat
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы топты сонау Ұлыбританиядан шықырыпты. Бірақ че-то подозрительно. Онсыз да Қазақстанда тусоваться етіп жүргендер ғой деп ойлап қойдым өзім.
Қазақстандық бір топпен ескі әндерінің біріне клип түсірген.
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 08:56
omarbirat
Indigo бірлесіп ән жазбаған топ қалмайтын шығар. Nana деген еврорэппер естеріңде шығар? Сонымен де жазыпты:


Опшым, ақшадан қысылып жүрген әншілердің бәрімен жазып шығады осылар, Құдай біледі
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 09:00
madlen
Менде видео ашылмайды. Риксостың ішінде түсірілген клип осы Индигомен ба?
omarbirat
Иә, қазақстандықтардың ішінен Индигомен ғана клип түсірген шығар.
madlen
Айтпақшы, кеш барсыныда лотерея ойнатылды. Ештеме ұтпағандар сол лотерея билетімен қонақүйдегі аты-шулы CIRCUS түнгі клубына тегін кіре алады деп алдап қойды. Клубқа кіру онсыз да тегін негізі  Соған да мәз болып қайтты елдер
Gastarbaiter
@madlen,
мыналардан тірі қалғандары бар ма:
5 оборотов
Дюссельдорф
Эсперенза
Сохо
Премиер
Старсклуб
Атлантис
Май Таун
Пирамида
Мост
Кардинал?
madlen
5 оборотов — бар. Клубы дұрыс жұмыс жасамайды, көбіне жабық кештер өтеді.
Дюссельдорф — ол баяғыда Мулин Руж комплексіне айналып кеткен.
Эсперанза — бар.
Сохо — бар.
Премиер — Премьер Алатау ма?
Старсклуб — New Stars болып жаңартылды (NS). Қазір жұмыс жасамайды, жабылып қалды сосын.
Атлантис — Shisha Bar болып жаңартылған.
Май Таун — бар.
Пирамида — Спорт клуб «Кардинал» болып кеткен.
Мост — тұр дәл сол күйінде. Сборище…
Кардинал? — осы ғой бұрынғы Пирамида.

Сонымен қатар:
Аркоболено — қазіргі Стаут Алмарасаны
Чинзано — қазіргі Стаут Достық
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 14:37
blackbeard
миасиағиаааан!
madlen
не болды?  
Баяғыда Сайхан деген клуб болған екен еще  Аты ужс  
Гаста, барғасыңба соған? Соның орнында қазір Ерлан Кокеевтің Дискотека 80х деген местечкосы бар.

Сосын У Романа деген Наурызбай батыр көшесінің бойында кафе болды. Сосын ол жабылып, орна GO GO Lounge Bar ашылды.
Жақында случайно көріп қалдым. У Романа Гоу Гоудан бөлек тағы да ашылып алыпты
blackbeard
Шымкенттегі «Шәйхана» деген түнгі клубты көргенсің ба?
madlen
Спартак деген клубты көргем
blackbeard
madlen
Қалжың.
Спартак клуб емес, Спортивныйдағы шашлычная
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 16:34
blackbeard
Махараджа деген асхананы да көрген боларсың онда
madlen
Қазір ол тойхана.
Gastarbaiter
«Мост — тұр дәл сол күйінде. Сборище… „
Соңғы рет қашан бардың? Іші өзгермеген бе?
Бұрын онда бір бағытқа ғана арналған вечеринкалар болатын.

Айтпақшы, Спартакус тұр ма?
madlen
«Мост — тұр дәл сол күйінде. Сборище… „
Соңғы рет қашан бардың? Іші өзгермеген бе?
Бұрын онда бір бағытқа ғана арналған вечеринкалар болатын.
точно есімде жоқ, алдыңғы жылы ғой дейм. Жұмыспен барғам, бір компанияның корпоративкасына орын таңдай алмай жүрген кезде кірдім. Іші дәл сол қалпында.

Айтпақшы, Спартакус тұр ма? ондай жерді даже білмейді екем. Динозаврический жерлерді қайдан білесің?
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 15:22
Gastarbaiter
@madlen
Жандосова Аймановадағы ма?))))
Сайханға апта сайын баратынбыз, охранадан бастап официант-бармендерге шейін танып алған еді бір кездері)
Бұрын оның орнында Эквадор деген клуб болған, ал одан да ертерек оның орнында Jungle деген клуб болды қателеспесем.
madlen
ух тыыы… ол жағы енді тарих екен
Zilola
еее, бұл менің де есімде, түнгі клубты айтам да
Gastarbaiter
«Динозаврический жерлерді қайдан білесің? „

Сен мамонт болсаң, мен динозаврмын ғой енді))
blackbeard
Жойылатын күн де алыс емес сияқты
Gastarbaiter
«Плазма» деген клуб бар еді айтпақшы. Мединституттың конгресс-холы жағында. Кілең тиынға жарымаған студенттер болатын. Сырттан балтика 9-каны сіміріп алып, кіріп кететінбіз. Сокурснигім (мәмбет десе) стриптиз көрмегендей, жалаңаш әйелді көре сала фотоаппаратын шығарып, сартылдатып жатыр. Охранниктер желкелеп қуып шықты))
Сосын «Пасадена» деген құрыған клуб бар. Сол жер қанша жаман десе де, кейде сонда эстрада жұлдыздарын да көріп қалатынбыз.
Zilola
фууу сол Конгресс-холда болғам, уащще мамбетник, просты қасымдағы адамды тастап кетпеу үшін ғана шыдап отырдым
madlen
mambetnik. No konildi kompaniyamen barsan, baribir goi.
madlen
Passadena ali tur. Birak jumys jasamaidy. 1-2 ret kaita awyluga tyrysyp kordi, tuk te wykpady goi deimin. KazGUwnikter mekeni bolgan deidi goi.
Gastarbaiter
@Blackbeard
«Жойылатын күн де алыс емес сияқты»

Түсінбедім.
blackbeard
@Blackbeard
«Жойылатын күн де алыс емес сияқты»

Мен де
Gastarbaiter
@Zilola, қасыңдағы адам ішінен «Бұған осы да болады» деп отырған шығар.)))
Gastarbaiter
«Спартакус» деген гей-клуб болатын бұрын. Мен бір рет барғам.
madlen
Auezova-Abaya?
Gastarbaiter
Жоқ. Ол жерде Империя деген казино болатын. Үстінде отыратын жер бар. Жаман емес, ұнайтын. Тек қайтар кезде крутой лестнцадан түсерде мас болсаң, абай болу керек.
Сол жерде мен курстасым екеуміз екі ағылшын тілін үйреніп жүрген қызды Оңтүстік Кореялықпын деп ойнап айта салып едім, сеніп қап ағылшынша сөйлесе бастады)Сөйтсек, кейбір қыздарға, шетелдік болсаң болды, басы айналады екен
Пәтерге барған соң, айттым «шутка» деп. Бірақ оларға уже пофигу еді)
Айтпақшы, ол жерде Бистро бар уйгурятник.
madlen
Imperiyanyn ornynda kazir Krysha bar degen bar. To est' sol lestnicamen wykkanda. Al kazinonyn zaly turli eventterge jalga beriledi kazir.

Men sol Imperiyanyn karama-karsy jagyndagy zdanienin iwindegi gei klubty aitam. Sen sonda boldynba? Magan kyzyk bop tur. Odan baska gei klubtardy bilmeidi ekem
Gastarbaiter
Абайдан төменгі көше қалай еді? Құрмаңғазы ма? Шариповпен қиылысы ма? Вобщем Сол жерлерде бар қуыста болған Гей клуб.
Пікір түзетілген: 10 шілде 2011, 20:24
madlen
ol jaktarda medicinskiilerdin jatakkhanalary bar… al ol kai jerinde?
Gastarbaiter
Ия, мен сол жатақханаларға жиі баратынмын. Достарым көп еді. Ағам сонда оқыды.
madlen
bir pojar bolgan zdanie bar edi wamamen sol jerlerde… mumkin sol ma eken
Пікір түзетілген: 10 шілде 2011, 20:29
madlen
New Island pen Tsentral'nyi traktir turaly jazyndarw ))

Traktir jabylyp, onyn ornyna bir restoran awylgan edi.Astyndagy tipa klub jabylyp kaldy birak.
Gastarbaiter
Бірде Пекин деген казиноға бір танысыма еріп барғам, виски мен тамаққа тойып ап(сол үшін ғана барғанмын, игрок емеспін) Нью Айлендке тарттық. ОЛ жерде группаластармен кездесу болды.

Трактир, трактир, тракир… Фурмановадағы емес пе?
Қай қайдағыны еске салдың, ау Мадлен.
Пікір түзетілген: 9 шілде 2011, 09:54
madlen
Sol traktir  Astynda tar jerdi tamawalap bileuwilerge arnalgan podval'nyi klub boldy ewe

Kazino demekwi, JenPIdin jatakkhanasy jakta VIVA degen kazino bolyp edi goi. Sonyn ornynda kazir Teatr trapezy «Gogol'» degen kewen bar. Kojayiny kazinony tolyk ozgertip sondai krutoi jer awyp koigan. Tipa Dress code and face control  Shymkenttik jigitter biraz ai buryn sol jerde security okilderimen kyrylypty
Gastarbaiter
Крутой демалыс орындарын крутой мкр-ға соғу керек ау негізі. Самал, Горный Гигант жақтан
Мені әрқашан адамдардың крутой болуға, элита болуға талпынысы қызықтыратын. Пенденің сол қасиетін қалай өз пайдама асырсам екен деген ойлар мазалайды))) Асауға Элит-клуб аш дегенім содан. Элит клуб ашса, оған кіру билеттерін ақылы қылса. Интернетке әбден үйреніп қалған, және көңілінде элитаризмінің дәндері бар адамдар, клуб мүшелігінен тыс қалуға ұялады. Типі кіру билетіне ақшасы жетпеді/қимады деп ойламасын деп.
Жабық қауымдастықтың мүшесі болу үшін, барын салады))) Аршаттың қолынан келеді соны ұйымдастыруға.
Пікір түзетілген: 10 шілде 2011, 21:15