Royal Tulip Almaty 5* - 1 жыл

Мен бір керемет вечеринкада болдым 1 шілде күні. Қаламыздағы саусақпен санарлық 5* қонақүйлердің ішіндегі ең жасы да, кәзірге ең танымалы Royal Tulip Almaty өзінің 1 жылдық туған күнін атап өтті. Осыдан бірер жыл бұрын Rixos Almaty да 1 жасқа келгенін атап өткен еді. Ол кездегі партидан тамаққа тойып келгенім және қызыл туфли киіп барғаным (Red party) болмаса, ештеме есімде қалмапты.

Ал мына қонақүйдің кешті қалай ұйымдастырғаны өте ұнады. Сағат кешкі 19.00де басталды. Қонақүйге кіріп қалғанда, ертегі әлеміне кіргендей болдым. Алдында да жұмыс бойынша көп баратынмын. Бірақ осы жолы фойе мен залды әшекейлеулеріне мін таға алмайсыз: талғаммен жасалған. Аниматорлар да, шариктер де.

Кешті Андрей Малышев ашты. Осы Малышевті жақсы көреді жұрттың бәрі. Жиындарды 3 тілде жүргізеді көбінде. Сосын көп жүргізішілер қонақтар кетпей тұрып виски-шмискиден ұрттап қисайып жүреді ғой. Андрейдің бір рет болсын ондайын байқамадым. Сондай трезвый боп жүреді.
Сосын ары қарай целый концерт басталды енді. Мен өмірімде аты-жөнін естімеген опера әншісі болды Рамина деген. Операда айтқанда ұйықтап қалайын дедім басында  

Кештің фишкасы London Beat тобының (Where are you, I've Been Thinking About You) выступлениесі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы топты сонау Ұлыбританиядан шықырыпты. Бірақ че-то подозрительно. Онсыз да Қазақстанда тусоваться етіп жүргендер ғой деп ойлап қойдым өзім. Не болса да зажигать етті халықты. Әсіресе, қыздар қауымын  3 қара нәсілді чувак и біреуі ақ. Қанша гонорар алса да, соған тұрарлықтай дискотека жасады  

Өзіміздікілерден Sugar Beat деген топ болды. Екі beat қосылғанда мен түсіне бермейтін, шыңғырған музыка миксі болды енді  . Sugar Beat Алматының көптеген клубтарында ән салады. 4 бірдей жігіттің арасындағы жалғыз қыз солисттің даусы керемет.

Осындай жаңалықтар. Ертерек жазуға совсем уақыт болмады.

P.S. Сондай керемет қызықты бұзғысы келіп қолы қышып тұратындар міндетті түрде табылады ғой.
Бір қазақ қыз ішіп алған ба немесе шегіп алған ба білмеймін, әйтеуір қуып кетті. Біздің топқа қосылып алып, қыздарға жабысты басында. И смешно, и грешно деген бар ғой. Сол сияқты әбден күлдім ана қызға. Ужс, әп-әдемі қазақ қызы. Одан қашып кеп стол басында отырсақ, артымыздан келіп біздің жігіттердің алдына кеп өзін-өзі лақтырды. Жігіттер не ойлағанын кім білсін, бірақ, ұят екен.

Update:

Әрі қарай