Гаста жоқта

Солай. Асқардың вахтада болғанын пайдаланып, Айна-Альмира ханымға Айанамен жағаласып, үп-үлкен басыммен от души еркелеп, Астанадағы Solai.deліктерді сағынып қайтып отырмын. Осындағы көпшілік бұрынғы керекті еске алып, қатарының сирегенін айтады. Ал, мен астаналық солайделіктерді іздеймін, сағынамын. Біздің басымыз жиі қосылатын, қиыншылық болғанда бір-бірімізге көмектесуге ұмтылып тұрар едік. Аяғым гипсте болып, үйде жатқанымда, шыны керек, туыстарымнан артық Зухра мен Альмира көмектескен еді. Ешқашан ұмыта алман.

Былтыр тойға барғанымда Асқардың біздің үй больница жақта дегені есте қалған, қалаға Альмира келгенде кездесе алмай ұятты болып, одан қалды шақырғанында бара алмаймын деп ренжіткендерім бар, апама сюрпрайз жасайын деп жолға шықтым. Сапаржайдан асықпай жаяулатып, Шиеліні аралап үйіне келсем, апам үй ішіне шай беріп отыр екен. Қуанды. Мен де!!!

Уақыт орнында тұрмайды, ал адам баласы тем более. Бір жыл бұрын Альмира жалғыз еді, қазір тіл-көзім тасқа, 4 жанға артып отыр. Келер жылы келгенімде одан да көп болса екен. Ене мен келінді көріп, Альмираға қызығып кеттім. Шіркін, менің де болашақ енем сол кісідей болса ғой!!! Қонақтамын деген сезім үй иелерінің арқасында ойыма да келмепті, хе-хе, Альмираға бір күні анау, бір күні мынау деп еркелеп жүргенде қайдан келсін

Мұны неге жазып отыр дерсіздер. Айтқым келіп отырғаны, қызға бақытты болу үшін міндетті түрде үлкен қалада тұруы, карьера жасауы маңызды емес. Қыз баласының бақыты, жақсы отбасын құрғаны ғой, байлық демей, басқа демей сүйіктілерімізбен бақытты болалық, құрметті керектің нәзікжанды асыл арулары!!!
bk
Бөлісу:

3 пікір

Gastarbaiter
Саған да рахмет, құрбыңды сыйлап ат терлетіп, оның үстіне вокзалдан жаяулатып келгенің үшін. Альмира достарын сағынып жүр еді, бір жасап қалған шығар.
AKY
Жарайсың, Гүлшат!
Aizhantabyn
Респект!

Дұрыс айтасың, шын бақыт материалдық құндылықтармен өлшенбейді!)))
pende
Өмір деген ғажап нәрсе...? Бұрын, бұрынғы Керекте жүргенде Айнаның жазбаларын оқып, қызық көруші ем. Кешегі ерке қыз бүгінде сүйікті жар, сыйлы келін, сүйкімді ана! Қуаныштымын сіздер үшін.