Махаббат үшбұрышы немесе Salta екеуміз туралы...

Гүлшат, бұл біздің әзіліміз ғой. кейін сіздерде де солай болады. баламызды шығарып алғандарды, яғни кіндік шешелерін мамасы дейміз. сосын ғой сөйдеп жүргеніміз. оны өткенде де жаздық, көрмей қалған шығарсыңдар. © ОАМ

Опшым, осы мәселенің анығын ашу керек-ау дим… Жалпы salta екеуміздің бір-бірімізге қандай да бір жақындығымыз бар екенін барлығы байқаған-ды. Бірқатары, мені екі келіншектен екі ұлы бар сволыш еркек деп те ойлағанын сезгендей болдым. Көбісі, жеке өмірге қолсұғушылықтың әбестігін сезіп, «еее, өздері білер» деп бейтарап күйді ұстанып қалды. Дегенмен, папайяны ішпей жарған AKA қарындасымыз болды.
Опшым, мына жерде AKA Салтаны менің келіншегім қылып, оны телебизірден көргенін айтып, әдемілігіне тәнтілігін жеткізген екен. Ренжіме AKA үмітіңді үзуге мәжбүрмін. Иә, рас, телебизірде сен көрген келіншек, менің келіншегім… Бірақ, ол salta емес…
Туу, не боп кетті өзі?..
Былай опшым…
Мынау менің келіншегім. Есімі-Зухра. Керекинфода тіркелмеген.

Уоот, ал мынау, біздің екінші ұлымыз Арон

ал, salta осы Аронның кіндік мамасы. Сол себепті де, оны әзілдеп менің екінші баламның анасы деймін.

Енді түсініксіз ештеңе қалмаған шығар, ә?
Аааа, сонда salta деген кім, қандай адам? деген сұрақтарыңызға жауабым, оны кейінірек біле жатарсыздар, өзінің сөзімен айтқанда «беташарға 200 теңге салғандарға сәлем салмайды»
Әрі қарай

Гаста жоқта

Солай. Асқардың вахтада болғанын пайдаланып, Айна-Альмира ханымға Айанамен жағаласып, үп-үлкен басыммен от души еркелеп, Астанадағы Solai.deліктерді сағынып қайтып отырмын. Осындағы көпшілік бұрынғы керекті еске алып, қатарының сирегенін айтады. Ал, мен астаналық солайделіктерді іздеймін, сағынамын. Біздің басымыз жиі қосылатын, қиыншылық болғанда бір-бірімізге көмектесуге ұмтылып тұрар едік. Аяғым гипсте болып, үйде жатқанымда, шыны керек, туыстарымнан артық Зухра мен Альмира көмектескен еді. Ешқашан ұмыта алман.
Әрі қарай