Туылған күніңізбен, жан әке!

Осыдан 59 жыл бұрын апам Мәйке дүниеге Асанкелді деген ұлды алып келіпті. Сол баланың бүгін туылған күні екен. Яғни, менің әкем Асанның туылған күні. Әкей туралы не айтсам болады? Елдің бәрінің әкесі жақсы. Менің әкем өзгеден ерекше, артық деп айту әбестік болар. Әркімнің өзіне тән ерекшелігі болады емес пе? Мен бүгін әкемнің маған ұнайтын екі ерекшелігін айта кетейін. Ең біріншісі — әрине, әкемнің адалдығы, кісі ақысын жемеуі. Бір жолы кісі шақыратын болып үйге лепешкі алады. Сатушы қателесіп кетсе керек, әкейге артық екі мың теңге беріп жіберіпті. Сатып алған заты көп, басы ауырғандықтан ақшаны санамастан үйге кетіп қалады. Ал, үй дегенің ауылда. Келіп ақшаны есептесе — артық! Содан келесі жолы қалаға келгенде сол ақшаны жаңағы сатушыға апарып берді. Сондағы сатушынң қуанғанын көрсең. Бұл бір ғана мысал. Бұндай жағдайдың талайы болған. Әрқашан әкей артығын қайтарып отырады. Осы бір адалдық дейміз ба, маған қатты ұнайды. Осы мінезін үлгі тұтамын.

Екіншісі — әкемнің төзімділігі. Ол кісі шежіре жазумен айналысады. Бұған дейін Өнер баспасынан шыққан «Бәйдібек Баба — Алып Бәйтерек. Ұрпақтар шежіресі» деген көп томдық кітапты шығаруға, дұрысы жинақтауға ат салысты. Осы көптомдықтың Ысты, Жаныс, Шымыр аталарына арналған бөлімін тікелей жинақтады. Әкей шежіре жинауды бүгін бастаған жоқ. Есептеп қарасам жиырма жылдан асып кетіпті. Ал, соңғы патрон — мен, жиырмаға енді толдым. Тоқырау кезінде де шежіре жинақтау үшін талай жерді аралап кетуші еді. Әлі есімде, бала күнімде әкем қашан келеді екен деп далада күні ұзақ автобус күтіп жүруші едім. Сонша жыл ерінбейғ тірнектеп жиғанына ырза боламын. Әкемнің осы мінезі маған жұққанда, шіркін! Айтпақшы, қазір кіші жүздің шежіресін жинақтап жүр екен.(Көп томдық шежіреге) Бір-екі рет Атырау, Ақтау барып қайтып еді. Сол кезде бастаса керек. Өтініш, кіші жүздің шежіресін біледі деген көнекөз қарияларды танитындар болса хабар берсе екен. Жинақтаған соң дұрыстап жазған жөн ғой. Толыққанды жасап шығу бір жанның қолынан келмес. Көмек керек. Ең азында 70-80 пайызын жинаса кітап қылып басуға жетіп қалады дейді. Әкемнің осы екі ерекшелігін аузымнан тастамаймын.

Туылған күніңіз құтты болсын, жан әке!
Суретте әкей мен шешей.
Бөлісу:

6 пікір

AKA
Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген,
Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран, шалқып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің арқасында.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортасында аман-есен жүріңіз! деп, әкеңізді туылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!!!  Dogum gunu kutlu olsun! Sana basarilar, sihhat ve mutluluk dilerim! Isteklerinizin yerine getirmesini! Omrunuze bereket dilerim!
Пікір түзетілген: 15 маусым 2011, 09:43
VKM
Абай, папаң ұзақ жасасын.Сен ол кісінің жақсы ұлы, мақтанышы бол!
Lyaila
Ардақты жан-асқар тұлға ӘКЕЛЕР аман болсын!
Кісі ақысын жемеу — бұл адамгершіліктің жарқын көрінісі, мақтан тұтуға әбден лайық қасиет деп білемін!
Алайда, бүгінгі таңда бұл қасиет адамдар әрекетінен алшақтап бара жатқандай…
ең қызығы ешкім оған ұмтылғысы да келмейтіндей…
alisha
Асқар тауыңды бұлт шалмасын, Абай!
Gamk
Барлығы әкеміздің арқасында.
konvict
Барлықтарыңызға көп-көп рахмет!