Алматының Орталық мешіті балалар арасында сурет конкурсын жариялады

Алматы қалалық Орталық мешіті балалар арасында «Қазақстан мешіттері» атты сурет конкурсын жариялады. Конкурс балалар күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
«Конкурстың басты мақсаты — балалар назарын исламға аудару»,- дейді мешіт өкілдері. Конкурсқа 5-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Үміткерлер тақырып бойынша салған суреттерін 1 тамызға дейін Алматының Орталық мешітіне немесе meshit@inbox.ru электронды поштасына жолдауы тиіс. Суреттер түрлі — түсті карандашпен немесе акварельдік бояумен салынған, көлемі А4 форматынан аспағаны жөн. Жеңімпаздар тамыздың 5 күні жарияланып, Орталық мешітте арнайы марапатталады. Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынға iPad Wi-Fi 16GB, 2 орынға iPod Touch 8Gb, 3 орынға iPod nano 16Gb бағалы сыйлықтары берілмек.
Бөлісу:

1 пікір

izbasar
Жақсы бастама екен. Аллаһ сәтін салдырсын!