Біздің ескі үй...
Ауылдағы үйіміз Құдайға шүкір кең, жарық, жылы. Үйдегі жетпістен асқан кісілерге арнап салған дәретханасы да бар. Мен мұны неге жазып отырмын.Сағыныш қой баяғы… Мен әскерге кеткенше ескі үйімізде тұрғанбыз.Оның екі бөлмесі қазір жазда шай ішуге арналған болса, бір жағын ағам машинасына гараж етіп алыпты. Осы үйге кірген сайын бала шағымның суреттері көз алдымда тұра қалады. Мына бөлмеде терезенің алдына тұрып алып шыныға қонған шыбындарды аулап, кесе толы суға жүзітіп қоюшы едім… Машина тұрған жақ қонақ бөлме болатын.ені қысқа болса да ұзын еді.Мен бұл бөлмеде қысты күндері асықтарымды тізіп қойып еркін ойнай беруші едім… Еһ, біздің ескі үй…
Менің осы көңілімді Алмас Темірбайдың сөзіне жазылған мына бір ән дөп басады…
Менің осы көңілімді Алмас Темірбайдың сөзіне жазылған мына бір ән дөп басады…
Сол ескі үйлер күшті, қыста жылы, жазда салқын болады. Мектепке алғаш барғаным, көрші немістің балаларымен үй алдында ойнайтын кезім бәрі есімде…