20 жыл бұрын тұрған үйге оралғың келе ме?

Өмір бойы бір үйде тұрған адамдарға қызығамын. Сен жыл ортасында күнделік бастаған оқушы, балалық шағының фотоальбомын жоғалтып алған адам немесе мұздеген фотосы, мыңдаған лайктары бар аккаунты блокталған лайкоман да емессің. Сенің балалық шағыңда ойнаған аулаң, бойың өлшеніп, жазбалары қалған үйің бар. Күшті. Ал біз 4-5 рет көштік. Астанадағы сығандық өмірді қоспағанның өзінде. Әр үйде естеліктерім шашырап қалып қойды. Жезқазғандағы Советская 7 көшесіндегі үй… Есік алдындағы бала-бақшам. Қояндары бар баба Нина. Есіктің алдындағы көк беседка. Дәл осы жер у-шу болып жататын қысы-жазы. Үйдің жанындағы пединституттың жатақханасы. Жатақханада пианино тұратын еді. Даңғыр-дұңғыр еткізіп жатқанда не вахтер, не студент қыздар ештеңе демейтін. Кешке жігіттерге 306-дан Гүлзираны шақырып берген үшін 3 тиын, 411-ден Мариямды шақырып берген үшін 5 тиын алып газвода сататын автоматқа зытасың. Ақтоғайдағы жер үй ше? Үйден шықсаң оң жағыңда тау, сол жағыңда ауылдың бас трассасы. Көрші Шәріптің қызы қайда жүр екен? ПТУдың ар жағында тұратын Әсияға барып келейін бе әлде. Қора жақтан жүгіріп келе жатқан Лион. Қазір беті-қолымды жалап, аяғыма оралып жол бермейді. Мына далиған огородқа қанша фляг су тасығанымды айтсайшы. А, жоқ. Соншалықты далиған емес екен. Құттай ғана бақша екен ғой. Көп болса 1,5 сотық шығар. Алматыдағы Алатауды көрген соң маған биік болып көріген Шатырша тау емес, жота екенін түсіндім. Мирадағы 5 қабатты үй ше? бесінші қабаттағы балконға шығып алып астына қарайтынмын. Биіктен қорқамын. Бірақ жүрегімді дүрсілдетіп әдейі қараймын. Сырт қарағанда қарапайым көрініс. Мен үшін американские горкиден кем түспейтін. Біздің пәтердің номері 45 еді. Жеңіл жылымен ассоциациялаушы едім. Ішімнен 41-пәтерде емес, 45-пәтерде тұратынымыз қандай күшті деп ойлайтынмын. Кейде түсімде де көремін сол үйлерді. Тіпті қоңыр диван, залдағы сервант көзге түсіп қалады. Мүмкіндік болса оралар ма едім ескі үйге? Жоқ шығар. Менің қиялымдағы жылы, әдемі үйім кеңестік кездің ең қораш пәтерінің көрінісіне тап болып, күл-талқаны шығатын шығар. Қызығым басқаларға… Бала кезінен қалған әдемі үйде тұратындарды айтам.

Біздің ескі үй...

Ауылдағы үйіміз Құдайға шүкір кең, жарық, жылы. Үйдегі жетпістен асқан кісілерге арнап салған дәретханасы да бар. Мен мұны неге жазып отырмын.Сағыныш қой баяғы… Мен әскерге кеткенше ескі үйімізде тұрғанбыз.Оның екі бөлмесі қазір жазда шай ішуге
Әрі қарай