Kim Joon – Ким Чжун (Ким Джун)/ Song Il Kook – Сон Иль Гук : Астанада - Astana

Қазақстандағы Корея Республикасы жылы



Мерекелік шара жайлы Анараның блогынан оқыған едім. «Ханзада Жумоң» телехикаясында басты рөлді сомдаған Сон Иль Гук – Song Il Kook қатысады деп жариялаған соң, көзайымға айналған Жумоңты көріп қайтайын және кәріс сериалдарының әйгілі Жумонг феноменін түсінгім келген.
Корея сериалдарын көп көретіндерден қатарында емеспін.
4 мамыр күні “Сон Иль Гуктің қолтаңба беру рәсімі Корея мәдениет орталығында сағат 17-00 де болады, алғашқы келген 300 адамға” деген хабарландыруды тым кеш естіп қойдым. Сол күні 13-20 дағы ұшақпен шығып, өтетін жеріне 15-30-те келдім. Келсем есік аузынан сыртқа дейін тізілген жастарға толып тұр. Кезектің басына барып көрсем Астанаға арнайы келген апамыз 1-ші нөмерді ұстап отыр, қасында үш немересінің қолын ұстап. Қолтаңба алып қалу үшін Алматыдан, Шымкенттен, Қарағандыдан және т.б. қалалардан арнайы келгендер де бар екен. Сөйтіп, тұрған халықтың жартысын ішке кіргізіп, Сон Иль Гукті қарсы алуға дайындады.
Міне “Жумоң” феномені!
Төмендегі бейнелерден толығырақ көрсеңіз болады:

Белгіленген уақытта қолтаңба беру рәсімі басталды. 
 
“Сәлеметсіздер ме! Менің атым Сон Иль Гук. Танысқаныма қуаныштымын”
 –деп актер қазақша амандасты.  
 
Қолтаңба беруге арналған  1 сағаты жетпей, 3 сағатқа созылды.  Төрт жүзден аса қолтаңба беріп, әр-кімнің есімін плакатқа жазып, олармен суретке түсіп отырған актерде үлкен шыдамдылық барын байқадым, мүмкін үйреніп қалған болар қолтаңба беріп,  бірақ қолтаңба беру рәсімінен кейін берген сұхбатта мұндай аншлакты күткепегін айытты. 
 
“Қазақша сөйлеуімді  Әйгерім Айдарова үйретті”
 
Ол Кореяда халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқиды. Әйгеріммен бір газетке сұхбат беру барысында танысқанмын. Біз дос болып кеттік. Әлі күнге араласып тұрамыз. Ол маған Қазақстан туралы көп мағлұмат айтты. Әйгерімнің әңгімесінен кейін Қазақстанды жақсы көріп қалдым. Ол маған қазақ тілін үйретті. Қазақстанға барғанда тек қазақ тілінде сөйлеңіз деп кеңес берді. Менен қолтаңба алғандардың атын сұрағанымда, оннан астам қыздың аты Әйгерім екен. {түпнұсқасы — Халима БҰҚАРҚЫЗЫ}
 

 
Қолтаңба рәсімі біткен соң, қайттық.
жалғасы… on.kz'те
Бөлісу:

3 пікір

Gulistan
Қуаныш, сонда Астанаға тек сол үшін бардың ба? :)

Мен шын айтсам, бұл адамды білмейді екем.Киносын да қарамағам. Бірақ жұрттар «ханзада Жұмоң» деп шауып жүрді ғой.
huanysh
Иә, Жумоң феноменін көруге барғанмын.
Қазақстан телеарнасында көрсетілген бұл сериал.
Zere
Оңтүстік Корея осы киноөндіріс пен өнері арқылы бүткіл әлемге әсер етіп жатыр. Біздің елге келгенде олар дәл осылай қабыл алады деп ойламаса керек. Былай қарап тұрсаң, тілі де ауыр, шетте жатқан, еленбейтін елдер қатарында ғой. Бірақ көптеген қазақ қыздары сол әндерді жаттап алып, бір көргеніне, естігеніне мәз. Бұның бәрі кәрістердің тыңбай еңбектенуінде деп ойлаймын. Соғыстан кейінгі жылдары олар да мәз емес өмір кешті, алайда аз уақыт ішінде әлемге өз беделін көрсете алды. Спорт, музыка, кино, техника жағынан да алдыңғы орындарда.
Біздің кезегімізде олардың қызтекелігі мен арзан дүниелерін сөз қылмай, үйренетін тұстарын, тәжірбиесін пайдалауға тырысу керек.