Kim Joon – Ким Чжун (Ким Джун)/ Song Il Kook – Сон Иль Гук : Астанада - Astana

Қазақстандағы Корея Республикасы жылы



Мерекелік шара жайлы Анараның блогынан оқыған едім. «Ханзада Жумоң» телехикаясында басты рөлді сомдаған Сон Иль Гук – Song Il Kook қатысады деп жариялаған соң, көзайымға айналған Жумоңты көріп қайтайын
Әрі қарай

Астаналықтардың назарына!

2011 жылы 5 мамыр күні Корея Республикасының Қазақстандағы жылына байланысты Астана қаласына Сон Иль Гук (актер, «Ханзада Жумонг»), «T-Max» тобы, Со Ын Ён (әнші, «Прости я люблю тебя» сериалына ән жазған), JQT (қыздар тобы), «Чонгдонг» театр тураппасы қонақ болып келмекші екен. Концерт «Қазақстан» концерт залында өтеді, басталуы 18:30. Қазіргі ақпараттарым бойынша кіру – тегін. Бірақ алдын-ала Корей мәдениет орталығының әкімшілігіне хабарласып, орын тағайындап алу керек сияқты. Телефоны: 90-11-13.


Шақырылған қонақтардың біразы бізге танымал. Сон Иль Гук (Song Il Gook) – атақты «Ханзада Жумонг» телехикаясында басты рөлде ойнаған актер. Ал бұл сериал біздің көрермендердің ықыласына бөленіп үлгергені белгілі.

Әрі қарай