Керектегі "Жұлдыздар шеруі": Сері Ақан Мен Бард Табылды
Көңілі ояу қазаққа Ақан Серіні де…
Табылды Досымовты да…
таныстырып жату басы артық іс. Менің де таныстырғым жоқ, айтпағым басқа…
Айтпағым… Анау жылдары Университетте оқып жүргенімде "Әдебиет теориясынан" дәріс оқыған ақбас ағайымыз "...әдебиетте дәстүр жалғастығы деген болады..." дейтін… Ол дәурен өтті… Есте қалғаны дәстүр жалғастығы дегеннің мағынасы… Ол да күн өткен сайын көмескіленіп, елеске сіңіп бұлдыр тарта бастапты ау… Дәстүр жалғастығы ақынның, жыраудың өзінен бұрынғы үлгіні жаңарта, жаңғырта, алайда із қуалай жырлау деліне тұғын… Мәселен, Ақтамберді жыраудың:
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күренді мінер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз?!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз?!
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Тандап мінер ме екеміз? деген ұзақ толғауының кейбір элементтерін Махамбет Өтемісұлының «Күн қайда» атты өлеңінен кездестіруге болады:
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұланның терісін
Етік қылар күн қайда?
Көдіреден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір — күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ мылтық,
Толғап ұстар күн қайда?
Алты құлаш ақ найза,
Ұсынып шаншар күн қайда?
Жалпы, мұндай мысалдар әбебиетте аса көптеп саналады. Менің бүгінгі айтпағым көшпенді Қазақияның ерке ұлы, даланың сері ұлы Ақан Қорамсаұлы мен тәуелсіз қазақ елінің азаматы, қазақтың тұңғыш барда ақыны Табылды Досымовтың белгілі бір өлеңдерінің арасындағы ұқсастықтар.
Ақанның әйгілі «Торыны таң асырып мінген қандай» атты өлеңі мен Табылдының осы өлеңнің ізімен жазылған, осы өлеңге жаңа заман кезінде берілген жауап немесе жаңа заманның серілігін суреттен өлеңін қатар бердім. Өзім таңырқадым, тұшынып оқыдым, содан кейін сіздер де мен кешкен күйді сезінсін деген оймен беріп отырмын. Мархабат, Құрметті КерекИнфо!
Ақан Сері Қорамсаұлы «Торыны таң асырып мінген қандай...»
Торыны таң байлап мінген қандай,
Үкілеп әсемдетіп жүрген қандай.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,
Сыбанып ақ білектің түрген қандай.
Күнінде уағда еткен қалқажанның
Жетуге ынтызар боп желген қандай.
Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп,
Жүгіріп сайлау жермен келген қандай.
Атыңды бір тасаға байлап тастап,
Тұсына ақ боз үйдің төнген қандай.
Сөз салып қалқажанға жеңгесінен,
Құрбыңмен сыпайы ойнап-күлген қандай.
Ишарат әзілменен сөз қатысып,
Қыз сырын жеңгесінен білген қандай.
Алаңдай, алабұртып тұрғаныңда,
Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай.
«Құрбыжан, ебін тауып келдің бе?» — деп,
Ақсиып күрек тісің, күлген қандай.
Қалқажан күле қарап, «жүр» дегенде,
Ақ үйге есік ашып енген қандай!
Жамылып екеуара бір шапанды,
Айқасып тар төсекте жатқан қандай,
Мойныңа ақ білекті арта тастап,
Тіл дәмін бір-біріңнің татқан қандай.
Сол жерде айтылмаған сыр қалмайды,
Кілт ашып ақ сандықты ақтарғандай.
Ойынның қызығымен білмей қалып,
Машырақтан таң сарғайып атқан қандай.
— Тұрыңыз, үйге сәуле кіріпті, — деп,
Біріне-бірі күліп айтқан қандай.
Сол кезде көңіліне түссе қорқу,
Мысықтан тышқан қорқып сақтанғандай.
Ақырын үйден шығып таң алдында,
Манағы сайдағы атты тапқан қандай.
Шылбырын сал торының ұызға беріп,
Шақшаны қағып-қағып атқан қандай.
Насыбай өз әлінше о да тәтті,
Алдыңда қарап тұрса ақша маңдай.
Көтеріп қолтығыңнан аттандырып,
Артыңнан тұрса ақша маңдай.
Көтеріп қолтығыңнан аттандырып,
Артыңнан тұрса қарап көзін алмай.
Ойласаң бұл дүниеде не қызық бар,
Қасынан қалқажанның аттанғандай.
Торыны жүгіртесің көңілің тасып,
Біреуден ебін тауып ақша алғандай.
Ауылыңа өлеңдетіп сен қайтасың,
Бәйгеден атың келіп шаттанғандай.
Ал мынау Табылды:
Жастық атты жүргенде дүрбелеңмен,
Аруларға ғашық боп қызғанарлық,
Таң асырып торыны мінбегенмен,
Аруларға таксилеп бізде бардық,
Шығамын деп сәлемін жолдағанмен,
Шықпай қалып жүректі сыздатқан қыз…
Сіздікіндей көк бұйра болмағанмен,
Көсіп-көсіп шақшадан біз де атқанбыз.
Жел өтінде желіккен Табылды аяп,
Түнеріп ап, қабағын мұң басқан күз,
Екеу ара бір шапа жамылмай-ақ,
Бір қолшатыр астында сырласқанбыз.
Келешектің біз кезіп елесін көп,
Орындалып ойдағы арман ісім,
«Енді қашан ағажан келесің» деп,
Әлгі арудың жәудіреп қалғаны шын…
«Енді қашан, Табылжан, келесің» деп
Әлгі арудың жәудіреп қалғаны шын…
Шақшамды алып тағы бір көсіп, күліп,
Жыр құрадым баяғы ақындардай,
Таң алдында трамвай тосып тұрып,
Қиналғаным болмаса атым болмай…
Мынау әні Табылдының өз орындауында:

my.mail.ru/mail/azamat-tabyldiev/friends-history?filter=music#
«дәстүрлер жалғастығы»:)))
әнді осында ойнату үшін киви.кз сайтына салып, сосын кодын осында қойсаң болады.