Ұлттық құраманың жаңа бапкері: Мирослав Беранек



Сонымен Ұллтық Құрамаға көптен күткен бапкері де сайланды. Ол — чехиялық Мирослав Беранек. Спорт сайттарындағы мәліметтерге сүйенетін болсақ ол бұрын ұллтық құрама бапкерінің көмекшісі болған, 2002 жылы Чехия жастар құрамасын Еуропа жүлдегері қылған. Чехия кубогын және Венгрия чемпионатын ұтқан.

Танымал футболшы және бапкерлер бағаларын өлшеуші сайт Transfermarkt сайтының мәліметіне сенетін болсақ Беранек бұрын Венгрияның Дебрецен және Чехияның Кладно командаларында бапкерлік жасаған. Ал БАҚта жазылған басқа командаларда ол көмекші бапкер қызметін жасаған сияқты. Соңғы жұмыс орны Кладно командасы, Чехия 1-лигасының аутсаудерлерінің бірі.

Сонымен тағы да белгісіз, табыссыз, шетелдік бапкер. Қабыл алыңдар, құтты болсын!
Бөлісу:

25 пікір

Bekjan
Құтты болсын… :) Заты шет елдік болса болды ғой, аты маңызды емес..:)
Nurgisa
— Қазақ құрып қалды ма
— Алатын болса Хиддинкті алдыртпай ма
— Мирослав ҚФФсының «тапсырмаларын» мүлтіксіз орындауға қолайлы фигура
т.с.с.
aktobe88
Хиддинк Түркияны жетістірген жоқ. Германияны былай қойғанда, Әзірбайжаннан ұтылып…
Келмегені дұрыс болды ғой деймін.
asaubota
бірақ Шторктан мұның айырмашылығы — мұның жәй физрук емес шынымен бапкер болуы. мүмкін бірдеме шығып қалар, көреміз.

жаман нәтиже көрсеткен кезде интернетте ол туралы не деп жазатынын фамилиясына қарап қазірден бастап біліп отырмын :)
Nurgisa
Бір әнек :)))
alisha
менің қасымдағы бір сәуегей Виктор Пасулько болады деп отырған…
asaubota
Баранек :)
Abilakim
«Беранектің бергені шамалы» дегендей ғой
omarbirat
«Мир» — әлем, «слав» деген — слава, яғни даңқ деген сөзден шыққан. Мирослав келіп, әлемге даңқымызды шығаратын болды, — деп шығаратын шығар, ода жазудан алдына жан салмайтын, теңеуге мәстір ырымшыл журналистеріміз :))
qisyq
«Бер» — «беру» етістігінің бұйрық райы, «анек» — ежелгі түркі сөзі, қазр "әнек" деп ауызекі тілде қолданылатын сөз, кей аймақта бұл сөзді "әпшу" деп те атайды, "Әпшу бер" деп кішкентай балаларды қазақтар еркелетіп жатады, аталған сөз тіркесі кез келген қазақтың балалық, қамсыз, мұңсыз шағын еске түсіріп, керемет сезімге бөлейді, яғни «Вячеслав Беранек» балалық шақтай жайнаған адамның даңқымызды әлемге шығаруы.
aktobe88
ой, этимологтар-ой:-)))))
Qojeke
Келесі шыжық (қызық) басталды!
saken
осы сайлауда футболды жақсы көретін Президент сайлап алмасам ба өзіме )))
mirss
бәріміз солай істейік)))
huanysh
Өзіміздің қазақты қойса дұрыс болар еді, ал мұндайларды бас бапкер қосымша көмекші етсе жақсы болар еді! Осындай адамдарды қайдан таба біздің Футбол Федерациясы ?!? Кім іздейді осыларды? Қызық екен!
asaubota
мысалы кім қазақтардан?
huanysh
Ертістегі Талгат Байсуфинов, Атыраудағы Кайрат Айманов…
asaubota
квалификациясы төмен тренерлер ғой, Қазақстанның өзінде еш нәтижелері жоқ. тек ұлты қазақ деп қоя салуға болмайды ғой. Мухановты қоюға болатын еді, Қазақстан футболын өте жақсы біледі.
huanysh
Баренек секілділерді көмекші етіп қойса осылардың қасына дегенім ғой, В. Муханов жақсы маман.
saken
дұрысырағы ұлты қазақ тренерлерді шетелге тәжірбиеге жіберіп үйретсе… содан келгеннен кейін жақсы бапкер алып соның қасына көмекші қылып қойса… содан кейін барып қана бас бапкер қылса жөн болар еді деп ойлаймын.

бірақ қайдам… мұндай алдағы он жылдың жоспарын жасап өмір сүретін футбол басындағы басшыларды көре алмай отырмын :((
patick
Пидерация пидерациялығын істеп бағуда
asaubota
күмәнмен қарап отырмын осы кісіге. жақсы маман болса командасы төменгі лигада соңғы жағынан 2-ші орын алмайтын шығар?
omarbirat
Смақовтың құрамаға алынғанына риза болып отырмын, бәрі құрысын :)
asaubota
оны айтпақшы Беранек алған жоқ, федерация әлі бапкер сайланбай жатып-ақ құрамаға шақырылғандардың тізімін жасап тастады :)
saken
менде соған таң қалып отырмын? шенеуніктер өздері жасақтай беретін болса құраманы, бас бапкер не керек? мүмкін жаңа бапкермен жұмыс істесе алмайтындары бар шығар араларында?