Жеке доменге пошта қызметін ашу



Бірнеше күн бойы сайттағы пікір, жеке хат, блогтағы жазба, достық ұсыныстары туралы поштаға келетін ескертпелер істемей қалған еді. Кеше соның конфигурацияларын шұқып отырып, интернеттен Яндекс поштасы туралы мәліметтер оқып қалдым. Соның арқасында түнгі 03:00-ке дейін отырып сайттағы бұл мәселені шешіп алдым. Нәтижесінде сайттағы ескертпелер істеп тұр және Дабай.кз үшін пошта қызметін ашып алдым. Мысалын мына жерден көре аласыз: mail.dabai.kz
Осы доменнен пошта ашып алғыңыз келсе жоғарыдағы сілтемеге өтіп, тіркелуден өтіп өзіңізге пошта ашып алыңыз. Google'да да бар осындай қызмет, бірақ олар тек 50 аккаунтқа ғана тегін рұқсат береді. Ал Яндексте 1000 аккаунт ашу мүмкіндігіңіз бар. Қазақша әріп мәселесі де жоқ, хатыңызды қазақша әріппен де жаза бересіз.

Доменіңізге пошта ашқыңыз келсе алдымен Яндекстен аккаунт ашып алыңыз, сосын pdd.yandex.ru сілтемесіне өтіңіз. Доменіңізді жазып оған пошта қызметін қосқаннан кейін, алдымен доменіңізді растауыңыз керек, сосын DNS жазуларына Яндекстің MX жазуларын қосасыз.

Егер түсінбеген жерлеріңіз, сұрақтарыңыз болса осында жазыңыз.

P.S кеше Яндекс.Деньги туралы жазып едім, бүгін енді пошта қызметі туралы. Жарнама жасағандай болып кеттім ба? :) Яндекспен ешқандай қатысым жоқ. Мақалаларым жарнама мақсатында емес.
Бөлісу:

9 пікір

Bekjan
Дабайданып алдық… :) Оқыған бойда барып тіркелген едім… Админ мырза бірінші болып тіркелдің деп құттықтап жатыр… :)

Поштамыз жоқ емес, бар ғой… Дабайлық болуды толық сезінейік дегенім ғой..:)
sigma
дабандекстегі адресінді бер, хат алмасып тұрайық, алмас@дабай.кз менікі

Осы қызметтің гугл ұсынған түрін қолданғаныма біраз жыл болды. Өзім қызмет істейтін мекемені де осыған байлап қойғам, керемет істид.
asaubota
Гуглдікі жақсы әрине, тек жаманы 50 аккаунт қана береді.
sigma
"Өй, гуглбас кілең,"- деп, боқтап жіберейін бе?
serjan
Ақтарып отырып іздеп жүрген сұрағымның үстінен түстім, егер уақытың болса гугылден өз доменыммен пошта қызметін қалай ашамын, мысалы serjan@bioustaz.kz болса дегенім ғой.
asaubota
www.google.com/a/cpanel/domain/new?hl=ru

осы жерден бастайсың. сосын доменнің басқару панеліне өтіп, сол жерден Гуглдың сілтемелерін қосасың. қиын болып жатса жекеге хабарлас.
konvict
Күшті!!! Ашып алдым өзіме
konvict
send@abayotar.info
asaubota
Сержанға көмектесіп жібер