Жеке доменге пошта қызметін ашу



Бірнеше күн бойы сайттағы пікір, жеке хат, блогтағы жазба, достық ұсыныстары туралы поштаға келетін ескертпелер істемей қалған еді. Кеше соның конфигурацияларын шұқып отырып, интернеттен Яндекс поштасы туралы мәліметтер оқып қалдым. Соның арқасында түнгі 03:00-ке дейін отырып сайттағы бұл мәселені шешіп алдым. Нәтижесінде сайттағы ескертпелер істеп тұр және Дабай.кз үшін пошта қызметін ашып алдым. Мысалын мына жерден көре аласыз: mail.dabai.kz
Әрі қарай

Терминал арқылы электронды әмиянға ақша салу



Интернет арқылы сауда жасайсыз ба? Зат немесе қызмет сатып аласыз ба? Немесе осындай операцияларды жоспарлап, бірақ қалай істеріңізді білмей жүрсіз бе?

Сізге бір вариант айтайын.

Қазір саны аз болса да Quickpay деген терминал шықты. Іздесеңіз табасыз, біраз жерде бар негізі. Сол терминал арқылы Webmoney, Яндекс.Деньги әмияндарыңызға ақша салуға болады.
Әрі қарай