Керекинфо жолымен

Еееуу, керекинфо бар болған замандарда,
Бір құдірет бітуші ед қаламдарға.
Одан бері құбылды шартарабың,
Олқылықтар сыр беріп жамандарға.
Сынар болсаң сыналар нысана көп,
Сау нәрсені түртпектеп харамдарға.
Жақсы көру, түйсіну жағымды еді,
Керекинфолық деген адамдарға.

Дабайыңды аштырдың бісміллә деп,
Бісмілләсіз құрдас-оу іс қылма тек.
Айтушы едім өзіңе күндестерің
Шалса дағы пасыққа пысқырма деп.
Талабың таудай болса ішітарлар
Көрдің ғой, апыл-ғұпыл ышқынар кеп.
Бесікке бөленгенде жас періште,
Ырымдаймыз тышты ма, тышты ма деп.
Дабайыңның тышуы тәтті болсын,
Дәріптеліп қазақы дәстүр, әдеп.
Бөлісу:

2 пікір

sammita
бәрекелді!
Айтушы едім өзіңе күндестерің
Шалса дағы пасыққа пысқырма деп.
Талабың таудай болса ішітарлар
Көрдің ғой, апыл-ғұпыл ышқынар кеп.

Төлеген Айбергенов:
"..Өле берсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде.
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты
Мен өлемін өзімнің биігімде!.."
PatriotKZ
Кушти олен екен ага!