Жарияланымдар

nurshat-alimkyzy
осы әнді тыңдау уыр маған кәдімгідей, сонда да тыңдай бергім келеді. адамның жаны әнмен егіз бе әлде…
nurshat-alimkyzy
көптен драма көріп, жыламап едім, мына киноңыз дәл тиді. Әйел заты қандай болса да өзінің табиғи миссиясын орындап кетеді ғой, тіпті жап-жақсы отбасыға айналады. Ал жігерсіз иттер бақытқа лайық емесін біледі, тәнімен қоса жаны да өмір бойы қаңғыбастың күйін кешеді.
nurshat-alimkyzy
Мен Ақтауда 7 жасымнан бері тұрамын, руым адай да емес. Маңғыстаудың тәрбиесін әбден көрдім десем болады. Соның ішінде нақты осында айтылған жоралғыларға келсек, басқа өңірлердікінің барлығынан да ұнайды маған (ас та төк ысырапшылдық барлық жақта бар, ол әрине ұнамсыз). Әсіресе ұзатарда қызыл киіндіретіні — үйінен қыз болып аттанып жатқаны, қыз дәуренге тән келбетін соңғы рет көрсетуі. Ол енді ешқашан қызыл орамал салмайды басына. Бір халық әнінде "қып-қызыл орамалың бозарды ма сәулем" деп келетін жолдар бар, демек қыздар ғана қызыл тартып, келіндер тек ақ тартуы тиіс болған бұрындары. Барған үйінде шай құярда ерекше әдемі, арнайы тігілген (болашақ енесі әдейі тіктіріп дайындап қоюы тиіс 2-3 түрінен) шай көйлек, камзол, кәжекейін (жылдың мезгіліне байланысты жұқа-қалың маталардан тапсырыспен тігіледі) киіп, шашақты АҚ орамал тартып отырған келіншектен артық сұлулықты басқа қайдан көре аласыз? Ол киімін ағайын-тума есік көрсетіп, қонақ еткенде де киіп барады. Жалпы бөлек отауға шығып кеткенше ұзын көйлек, ақ орамалын тастамауға тырысады. Меніңше тәрбие деген осы. Өзге өңірлік бауырлар ренжімесін, халат пен тәпішке кигізгеннен гөрі, осындай сән-салтанатты келіншек болуды дәріптейтін Маңғыстаудың шоқтығы биік лайым.
nurshat-alimkyzy
шектен шыққан қандай салт көрдіңіз? нақты айта өтсеңіз.
nurshat-alimkyzy
өйткені кететін қыз кетіп, ұзатылды. Енді ол жат жұрттық, ең болмаса жігіт жақты үйлену тойында қыз өз ата-анасын көрмей, өзге үйге қыз болып жатқанын сезінуі тиіс. Үйлену тойынан соң, құдалық той өткізілгеннен кейін (немесе құдалық тойда) ғана көруге рұқсат өз ата-анасын.
nurshat-alimkyzy
әдемі. сезімге сенімді болыңыз, жанарына ғана емес, жанына да құлай ғашық болғайсыз.
nurshat-alimkyzy
маған Қазақстан телеарнасыныкі ұнайды. Әсіресе «Мың бір түн» телехикаясын аударғандары қатты есімде қалды. Сосын Еларнадан (қазір жоқ) болатын корей сериалдарының аудармалары қатты ұнайтын.
nurshat-alimkyzy
1959-1990 жылдары Сингапурдың премьер-министрі болған Ли Куан Ю-дың еңбектеріне бір көз жүгіртсе жоғарыдағылар… керемет болар еді.
nurshat-alimkyzy
балықшылардың өмірі туралы фильм бізде "Қан мен тер" ғой. Одан асырып түсіре алсақ жақсы, әлбетте. Бірақ жалпы революцияның тарихын білмейтін, біз сияқты кеңестік қойнаудан шыққандардың ұрпақтарынан өзге әлем жеріне жеткізіп түсіне алар ма екен…
nurshat-alimkyzy
55 пайыздың ішінде болғаныма қуанып отырм)) бірақ күні бойы әлсіреп, ас дайындауға әлің келмей, ауызашарда дәмді тамақ жегің келіп, дәмханаларды аралау енді басталатын шығар.
nurshat-alimkyzy
біздің азаматтардың шетелге жұмыс іздеп кетуі — тек жалақы үшін ғана емес, ел көріп, саяхаттау үшін де қажет шығар. мысалы work and travel-мен кететін студенттер дәл сол жұмыстарды мұнда да жасап, күн көруіне болады ғой. Демек, табысы аз болса да ұсақ-түйек жұмыс істеуге ел танып, тіл үйрену үшін барады деп ойлаймын (Қазақстаннан гөрі жақсырақ дамыған елдерге).
nurshat-alimkyzy
жағдайға, ортаға бейімделе білу де стресстен сақтандырады. сауалнамаңыз жақсы екен.