Жұмыс күшінің миграциясы немесе "Келімсек болу қандай-ды?"
Жұмыс үшін шетелдіктерге ең жайлы ел болып әзірге Қытай танылып тұр. Бұны анықтаған сауалнамаға сәйкес, көбісі жалақысы жоғары болмаса да, ондағы арзаншылыққа, еңбек атмосферасы мен қауіпсіздігіне қызығыпты.
Жұмысшыларды ең көп экспорттайтын көршіміз бұл жағдайға қаншалықты қуанышты екенін білмеймін. Маған аса қызық та емес. Тек қазақтардың жұмыс бабымен басқа елге көшуге қалай қарайтыны және өзімізде еңбек етіп жүрген шетелдіктердің Қазақстанды жұмыс істеуге қаншалықты жайлы деп есептейтіні қызық болды.
Facebook әлеуметтік желісінің "Қазақтар" қауымдастығында қойылған алғашқы сауалға (қатысам десеңіз, әлі де ашық) 137 адам жауап берді.
Елдегі ахуал да, еңбек қарым-қатынасы да бір орында тұрмайды. Сондықтан халқымыздың нәпақа іздеп келген келімсектерге де көзқарасы әр уақытта әртүрлі болды. Ал "қазір қалай"? деген сұрағыма бүгінге дейін 55 адам жауап беріп, нәтижесінде келесі көрініс пайда болды:
Әрине, елімізде нан тауып жүргендердің арасында Қоқандыдан пойыз мініп кеп, баламызды бағып, үй соғып, шұлық сатушылар ғана емес, өндірістің сапасын арттыруға арнайы шақыртылған эксперттер, инженерлер мен топ-менеджерлер де бар. Оларға деген көзқарасын білдірген 73 адамның жауабы мынадай болды:
Иә, Үшінші Әлем халықтарының көпшілігіне тән — «батыстық» айдары бар дүниенің бәріне бас ұрушылық бізге де тән. Қазіргі техникалық мамандар мен мықты кадрларға деген «ашаршылық» мәселесін есепке алсақ, бұл «дертімізді» негізсіз деуге де болмас.
Тірлік көзін тыстан тапқандар кеше-бүгін пайда болған жоқ. Тіпті, өзге елге "ұлтан" болып кетіп, ақыры сұлтан болған Бейбарыс есімді жерлесіміз де бар. Жарайды, ол Мысырға еркінен тыс тұтқын болып аттанды. Дегенмен, бізге келіп, кесек құйып, күнін көріп жатқан бейнеткештерді де «ерігіп, елік қуып келді» дей алмаймыз ғой.
Осы күнге дейін гастарбайтерлер туралы қалыптасқан стереотиптерімді сынап көру үшін сауалды мәселеге қатысы бар адамдарға тікелей қойып көрдім.
Нұркен Байдуллаев, жеке кәсіпкер, Қызылорда облысы, 38 жаста:
— Олар арзан сұрайды, өзіңмен бірге өмір сүреді, сағат санамайды… Жергілікті жұрт жалқау. Экономикамызға әсері кері шығар, тек. Елде қалатын ақшаны алып кетеді ғой елдеріне. Паспортын алып қоясың, үйіңе пропискаға отырғызасың, сосын «куда он денется?»
"Қылмыс жасайды, алдап кетеді" деген үрей барлық уақытта болады енді.
Ал «олар бізден алып кеткен ақшасына еліне барып шалқып жүреді» деген бекер әңгіме! Мен Өзбекстанда болдым ғой өзім. Құрылысқа жұмысшы іздеп барғанмын. Келетін қаржылары жоқ, жағдайлары өте ауыр. Мұғалімнің бір айлығы, біздегі бір қап ұнға ғана жетеді. Киім, сәндік деген онда жоқ. Нөкіс, Хожелі, Тахияташты түгел аралап келгем.
Айына 50 000 алатын болса, тас пен балшық илеуге де келіседі. Қолдарынан келмей, кейде қисық кетіп жатады, арасында барып өзім жөндеп тұрамын.
Қазір заң бекіді. Менде 5 жұмысшы бар. Әр қайсысына ай сайын 3,5 мың теңгедей төлеп тұрамыз үкіметке. Салық қой. Ал өзбекке ақшасын берсең, ол мылқау болады. Көбісі, айтқан ақысын бермейді. Сосын кім жаман?! "Өзбек жаман, қарақалпақ жаман!" дейді.
Роберт Брэдли Адамс, мұнай компаниясында супервайзер, канадалық, 42 жаста, Қызылорда облысында кен орнында жұмыс істейді:
— Мені Қазақстанға осындағы досым шақырған. Көбісі ақша үшін келеді деп ойлайды. Бірақ мұндағыдан көбірек табыс ұсынатын елдер де жетеді. Бірінші себеп — қауіпсіздік дер едім. Иә, достарыма айтсам, күледі, сенбейді. Өздері келіп, Қазақстанның Ауғанстанға, Пәкістанға қатысы жоқ екенін көзімен көрмейінше. Одан кейін, тұрақты табыс пен демалыс. Канадада табу қиын ондай жұмысты. Көбісі маусымдық, сондықтан, қыс бойы ақшасыз отыратын кездер болатын.
Фархад, мата сатушы, өзбекстандық, 33 жаста, Қызылорда облысы:
— Таныстарым бар Шиеліде. Ешкім шеттемейді, дискриминация андай-пұндай жоқ. Ризамын. Үйреніп кеттім.
Юлисес Гектор Паредес, сауда-саттық саласында аймақ менеджері, филиппиндік, 46 жаста, Алматыда істейді:
— Каспий аймағының орталығы біраз уақыт бойы Бакуда болды. База Алматыға ауысқанда, мен де ауыстым. Қалған себебім, айлығы жақсы. Қауіпсіздікті сезіне аламын. Алғаш байқағаным, кез-келген көлікке қолыңды созсаң, тоқтайды. Ақшасына келісіп, қалаған жеріңе жетуге болады. Ондайды мен Бакуде де, Дубайда да көргем жоқ. Ал Филиппиндерде олай жасау — тіпті қауіпті. Осының өзі адамдар өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетінін білдіреді.
Митчел Джорген Крафт, Ұңғыны Күрделі Жөндеу бөлімінің супервайзері, канадалық, 33 жаста, Қызылорда облысында кен орнында жұмыс істейді:
— Өмірімде білмеген, көрмеген, естімеген халықпен таныс болдым. Жұмысым мен демалысымда да тұрақтылық орнады.
Фархад, мата сатушы, өзбекстандық:
— Қазақтардың салтын үйрендім, қазақша сөйлеп үйрендім.
Юлисес, аймақтық менеджер, филиппиндік:
— Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, ең алдымен, әр қаланың өз менталитеті, әр ұлттың өз мәдениеті барын ескеретін түйсік пайда болды.
Роберт, кен орнының супервайзері, канадалық:
— Жазы тым құрғақ, тым ыстық, шаң-тозаң. Тым алыс. Жолға екі күнің кетеді ұшақпен.
Фархад, өзбекстандық:
— Жол тым ұзақ, қымбат. Үйге бір «суткі» пойызбен жүрем. Сондықтан, 2 айда бір қатынаймын елге. Туғандарымды сағынам.
Юлисес, филипиндік:
— Маған көп кедергі келтіретіні мыналар:
— Қазақтар еңбекқор халық екен. Басшысы келмей қалса, қолын қусырып отырмайды, ұйымшыл. Бір қызығы, мұсылман елі, бірақ ораза ұстайтындары сирек. Ал намаз оқитындары одан да сирек. Бұрын Суданда жұмыс істеген мен үшін таңқаларлық жайт болды бұл. Кейбірі шошқаның шұжығын да жейді. Хех, дәл менің христиан болғаным сияқты — соңғы рет шіркеуге үйленгенімде барғанмын.
Фархад, өзбекстандық:
— Бізден еркіндеу сияқты. Әсіресе, қыздар еркін киінеді, өздерін еркін ұстайды.
Митчел, канадалық:
— Көп әрекеттері батысқа жат болғанымен, бір мәдениет бар мен түсінбейтін. Үлкендерді ерекше қадір тұту, қол алып амандасу. Тамақтан кейін қолымен былай жасау ( «аумин» деген ишарат). Қызық.
Юлисес, филипиндік:
— Батысша киінеді. Еркін ойлайды. Бейімделгіш.
Роберт:
— Ақылға қонымды. Бірақ мен бәрібір өзіме керек заттарды Канададан алып келемін.
Фархад:
— Қымбат болған соң ғой, осында кеп, киім, мата сатамыз. Азық-түлікті амал жоқ, сатып аламыз енді.
Митчел:
— Арзан бізден. Көп арзан. Мысалы, темекіні алайық, бізде ең арзан темекінің бір қорабы 10 доллар шығар. Ал бұнда бір доллар. Азық-түлік, сусындар өте арзан әрі сапалы. Бізде таза ет, таза көкөніс таппайсың бұндай бағаға. Әрі кетсе, Макдональдсқа барып, сапасыз, денсаулыққа зиянды фастфуд жеп қайтасың.
Юлисес:
— Тым қымбат.
1. Экспат көп жағдайда жергілікті халықтың мұң-мұқтажынан мүлде хабарсыз болып келеді. Жартысынан көбі халықтың ұлттық ерекшеліктеріне, менталитетіне кейін де ешқандай қызығушылық танытпайды. Кейде мүлде санаспай, өзінікін талап етеді. Бұл стратегияның тірлік үшін, жүйенің ілгерілеуі үшін ұтымды тұстары болғанымен, кейде олардың өздерін орға жығады.
Ал гастарбайтер жергілікті менталитетпен үнемі санасуына тура келеді, сәйкесінше ұлттық ерекшеліктерімізден де хабары көбірек.
2. Экспат қателік жасаса, қарамағындағы халықтың біліксіздігіне ысыра сала алады.
Ал гастарбайтер өз қатесін әр қашан мойнымен көтеруге мәжбүр.
3. Экспаттар белгілі бір деңгейге дейін жоғары билікке, жұмыс орнындағы саяси ойындарға, заңды-заңсыз «жанама» табыс көздеріне немқұрайлы келеді. Олар өзінің жалақысының көлемі мен жұмысының сапасына ғана алаңдауға бейім. Коррупцияға бейімдік деңгейі де сондықтан төмен болып келеді. Ұнамағанын айтуға қысылмайды.
Ал гастарбайтерлердің көбінде таңдау құқығы аз болғандықтан, қалыптасқан жүйенің дұрыс-бұрыстығына қарамай бағынып, еңбектің сапасынан көрі, жұмыс берушінің көңілінен шығып, тапсырманы тез аяқтауды ғана ойлайды, жанама «шабашкаға» да сәйкесінше, ыңғайы кеп тұрса, «кетәрі» болмайды.
4. Экспаттарды кей фирмалар мен мекемелер еш қажеті жоқ жерде де «импортный көйлек» сияқты сәндік үшін шақырып, экзотика не престиж үшін ұстап отырады. Ал гастарбайтер, өзінің еңбекке жарамдығын үнемі ісімен дәлелдеп отыруға тиісті.
Қызығы, филиппиндік, үндістандық не пәкістандық, жалпы Шығыс Азиядан келіп жұмыс істеп жатқан мамандар, жоғарыдағы екі тап өкілдерінен бөлек, өзінше қарастыруды талап ететін каста сияқты. Оларға бір мезетте жоғарыдағы екеуінің де ерекшеліктері тән болуы мүмкін.
Қорытындысына дөп басып бірдеңе айту қиын. Дегенмен, сауалнама нәтижесі халқымыздың еңбек миграциясы жөнінде түсінігі бұрыңғыдан тереңдегенін, ал шетелдіктердің Қазақстанның тұрақтылығына жалпы сенімі артқанынан хабар берді.
Өз ойым, әрдайым экспаттан құтқарушы-мессия, ал әр гастарбайтерден құқықсыз құлақ кесті құл көрмей, алыс елдермен де, көрші елдермен де әділ еңбек қарым-қатынасын орната білсек игі еді.
''Таити, Таити...'' деп, ернін сылп еткізетін көне бір мультфильмдегі мешкей мысық сияқты менің де, "Қытай-пытайыңды қайдам, еліміз гастарбайтерлерді де, экспаттарды да жаман бақпайды!" дегім келеді. Лайым солай болғай!
Ал біз шаруамызға мығым, ісімізге адал, заңымызға сауатты болуға тырысайық. Сонда ғана олардың берері мен аларын саралап, пайдалысын іске асырып, зияндысын сыртқа тықсыра алатынымызға сенемін.
Жұмысшыларды ең көп экспорттайтын көршіміз бұл жағдайға қаншалықты қуанышты екенін білмеймін. Маған аса қызық та емес. Тек қазақтардың жұмыс бабымен басқа елге көшуге қалай қарайтыны және өзімізде еңбек етіп жүрген шетелдіктердің Қазақстанды жұмыс істеуге қаншалықты жайлы деп есептейтіні қызық болды.
1-БӨЛІМ
Facebook әлеуметтік желісінің "Қазақтар" қауымдастығында қойылған алғашқы сауалға (қатысам десеңіз, әлі де ашық) 137 адам жауап берді.
Елдегі ахуал да, еңбек қарым-қатынасы да бір орында тұрмайды. Сондықтан халқымыздың нәпақа іздеп келген келімсектерге де көзқарасы әр уақытта әртүрлі болды. Ал "қазір қалай"? деген сұрағыма бүгінге дейін 55 адам жауап беріп, нәтижесінде келесі көрініс пайда болды:
Әрине, елімізде нан тауып жүргендердің арасында Қоқандыдан пойыз мініп кеп, баламызды бағып, үй соғып, шұлық сатушылар ғана емес, өндірістің сапасын арттыруға арнайы шақыртылған эксперттер, инженерлер мен топ-менеджерлер де бар. Оларға деген көзқарасын білдірген 73 адамның жауабы мынадай болды:
Иә, Үшінші Әлем халықтарының көпшілігіне тән — «батыстық» айдары бар дүниенің бәріне бас ұрушылық бізге де тән. Қазіргі техникалық мамандар мен мықты кадрларға деген «ашаршылық» мәселесін есепке алсақ, бұл «дертімізді» негізсіз деуге де болмас.
2-БӨЛІМ
Тірлік көзін тыстан тапқандар кеше-бүгін пайда болған жоқ. Тіпті, өзге елге "ұлтан" болып кетіп, ақыры сұлтан болған Бейбарыс есімді жерлесіміз де бар. Жарайды, ол Мысырға еркінен тыс тұтқын болып аттанды. Дегенмен, бізге келіп, кесек құйып, күнін көріп жатқан бейнеткештерді де «ерігіп, елік қуып келді» дей алмаймыз ғой.
Осы күнге дейін гастарбайтерлер туралы қалыптасқан стереотиптерімді сынап көру үшін сауалды мәселеге қатысы бар адамдарға тікелей қойып көрдім.
ТМД-дан келетін гастарбайтерлер жағдайы
Нұркен Байдуллаев, жеке кәсіпкер, Қызылорда облысы, 38 жаста:
— Олар арзан сұрайды, өзіңмен бірге өмір сүреді, сағат санамайды… Жергілікті жұрт жалқау. Экономикамызға әсері кері шығар, тек. Елде қалатын ақшаны алып кетеді ғой елдеріне. Паспортын алып қоясың, үйіңе пропискаға отырғызасың, сосын «куда он денется?»
"Қылмыс жасайды, алдап кетеді" деген үрей барлық уақытта болады енді.
Ал «олар бізден алып кеткен ақшасына еліне барып шалқып жүреді» деген бекер әңгіме! Мен Өзбекстанда болдым ғой өзім. Құрылысқа жұмысшы іздеп барғанмын. Келетін қаржылары жоқ, жағдайлары өте ауыр. Мұғалімнің бір айлығы, біздегі бір қап ұнға ғана жетеді. Киім, сәндік деген онда жоқ. Нөкіс, Хожелі, Тахияташты түгел аралап келгем.
Айына 50 000 алатын болса, тас пен балшық илеуге де келіседі. Қолдарынан келмей, кейде қисық кетіп жатады, арасында барып өзім жөндеп тұрамын.
Қазір заң бекіді. Менде 5 жұмысшы бар. Әр қайсысына ай сайын 3,5 мың теңгедей төлеп тұрамыз үкіметке. Салық қой. Ал өзбекке ақшасын берсең, ол мылқау болады. Көбісі, айтқан ақысын бермейді. Сосын кім жаман?! "Өзбек жаман, қарақалпақ жаман!" дейді.
Қазақстанға келуге һәм қалуға не себеп?
Роберт Брэдли Адамс, мұнай компаниясында супервайзер, канадалық, 42 жаста, Қызылорда облысында кен орнында жұмыс істейді:
— Мені Қазақстанға осындағы досым шақырған. Көбісі ақша үшін келеді деп ойлайды. Бірақ мұндағыдан көбірек табыс ұсынатын елдер де жетеді. Бірінші себеп — қауіпсіздік дер едім. Иә, достарыма айтсам, күледі, сенбейді. Өздері келіп, Қазақстанның Ауғанстанға, Пәкістанға қатысы жоқ екенін көзімен көрмейінше. Одан кейін, тұрақты табыс пен демалыс. Канадада табу қиын ондай жұмысты. Көбісі маусымдық, сондықтан, қыс бойы ақшасыз отыратын кездер болатын.
Фархад, мата сатушы, өзбекстандық, 33 жаста, Қызылорда облысы:
— Таныстарым бар Шиеліде. Ешкім шеттемейді, дискриминация андай-пұндай жоқ. Ризамын. Үйреніп кеттім.
Юлисес Гектор Паредес, сауда-саттық саласында аймақ менеджері, филиппиндік, 46 жаста, Алматыда істейді:
— Каспий аймағының орталығы біраз уақыт бойы Бакуда болды. База Алматыға ауысқанда, мен де ауыстым. Қалған себебім, айлығы жақсы. Қауіпсіздікті сезіне аламын. Алғаш байқағаным, кез-келген көлікке қолыңды созсаң, тоқтайды. Ақшасына келісіп, қалаған жеріңе жетуге болады. Ондайды мен Бакуде де, Дубайда да көргем жоқ. Ал Филиппиндерде олай жасау — тіпті қауіпті. Осының өзі адамдар өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетінін білдіреді.
Қазақстанда жұмыс істеу саған қалай әсер етті?
Митчел Джорген Крафт, Ұңғыны Күрделі Жөндеу бөлімінің супервайзері, канадалық, 33 жаста, Қызылорда облысында кен орнында жұмыс істейді:
— Өмірімде білмеген, көрмеген, естімеген халықпен таныс болдым. Жұмысым мен демалысымда да тұрақтылық орнады.
Фархад, мата сатушы, өзбекстандық:
— Қазақтардың салтын үйрендім, қазақша сөйлеп үйрендім.
Юлисес, аймақтық менеджер, филиппиндік:
— Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, ең алдымен, әр қаланың өз менталитеті, әр ұлттың өз мәдениеті барын ескеретін түйсік пайда болды.
Қазақстанда жұмыс істеудің қиыншылықтары қандай?
Роберт, кен орнының супервайзері, канадалық:
— Жазы тым құрғақ, тым ыстық, шаң-тозаң. Тым алыс. Жолға екі күнің кетеді ұшақпен.
Фархад, өзбекстандық:
— Жол тым ұзақ, қымбат. Үйге бір «суткі» пойызбен жүрем. Сондықтан, 2 айда бір қатынаймын елге. Туғандарымды сағынам.
Юлисес, филипиндік:
— Маған көп кедергі келтіретіні мыналар:
- Заңдар мен ережелердің жиі және ескертусіз өзгеретіні.
- Көшеге шыға қалсаң, паспортыңды арқалап жүруге мәжбүр боласың. Бізге бір ыңғайлы жеке куәлік сияқты жеңіл құжат берсе, ішінде рұқсат қағазымыз, бәрі-бәрі көрінетін.
- Шекара асып, қайта келген сайын АИВ-қа (Адамның Иммунитет жетіспеушілік Вирусы) тексерілуге мәжбүрлейтіні де ұнамайды. Соны сендерге де мәжбүрлей ме, әлде тек шетелдіктерге ғана ма?
Жергілікті халық туралы не түйдіңіз?
Роберт, канадалық:— Қазақтар еңбекқор халық екен. Басшысы келмей қалса, қолын қусырып отырмайды, ұйымшыл. Бір қызығы, мұсылман елі, бірақ ораза ұстайтындары сирек. Ал намаз оқитындары одан да сирек. Бұрын Суданда жұмыс істеген мен үшін таңқаларлық жайт болды бұл. Кейбірі шошқаның шұжығын да жейді. Хех, дәл менің христиан болғаным сияқты — соңғы рет шіркеуге үйленгенімде барғанмын.
Фархад, өзбекстандық:
— Бізден еркіндеу сияқты. Әсіресе, қыздар еркін киінеді, өздерін еркін ұстайды.
Митчел, канадалық:
— Көп әрекеттері батысқа жат болғанымен, бір мәдениет бар мен түсінбейтін. Үлкендерді ерекше қадір тұту, қол алып амандасу. Тамақтан кейін қолымен былай жасау ( «аумин» деген ишарат). Қызық.
Юлисес, филипиндік:
— Батысша киінеді. Еркін ойлайды. Бейімделгіш.
Бағаларымыз туралы
Роберт:
— Ақылға қонымды. Бірақ мен бәрібір өзіме керек заттарды Канададан алып келемін.
Фархад:
— Қымбат болған соң ғой, осында кеп, киім, мата сатамыз. Азық-түлікті амал жоқ, сатып аламыз енді.
Митчел:
— Арзан бізден. Көп арзан. Мысалы, темекіні алайық, бізде ең арзан темекінің бір қорабы 10 доллар шығар. Ал бұнда бір доллар. Азық-түлік, сусындар өте арзан әрі сапалы. Бізде таза ет, таза көкөніс таппайсың бұндай бағаға. Әрі кетсе, Макдональдсқа барып, сапасыз, денсаулыққа зиянды фастфуд жеп қайтасың.
Юлисес:
— Тым қымбат.
3-БӨЛІМ
Айырмашылық
Алыстан алдыртқан экспат пен жақыннан жалдаған гастарбайтердің арасындағы айырмашылық ең алдымен олардың әлеуметтік жағдайындағы алшақтықтан, содан кейін барып, мәдени ерекшеліктерінен шығады. Аңғарғаным мынау:1. Экспат көп жағдайда жергілікті халықтың мұң-мұқтажынан мүлде хабарсыз болып келеді. Жартысынан көбі халықтың ұлттық ерекшеліктеріне, менталитетіне кейін де ешқандай қызығушылық танытпайды. Кейде мүлде санаспай, өзінікін талап етеді. Бұл стратегияның тірлік үшін, жүйенің ілгерілеуі үшін ұтымды тұстары болғанымен, кейде олардың өздерін орға жығады.
Ал гастарбайтер жергілікті менталитетпен үнемі санасуына тура келеді, сәйкесінше ұлттық ерекшеліктерімізден де хабары көбірек.
2. Экспат қателік жасаса, қарамағындағы халықтың біліксіздігіне ысыра сала алады.
Ал гастарбайтер өз қатесін әр қашан мойнымен көтеруге мәжбүр.
3. Экспаттар белгілі бір деңгейге дейін жоғары билікке, жұмыс орнындағы саяси ойындарға, заңды-заңсыз «жанама» табыс көздеріне немқұрайлы келеді. Олар өзінің жалақысының көлемі мен жұмысының сапасына ғана алаңдауға бейім. Коррупцияға бейімдік деңгейі де сондықтан төмен болып келеді. Ұнамағанын айтуға қысылмайды.
Ал гастарбайтерлердің көбінде таңдау құқығы аз болғандықтан, қалыптасқан жүйенің дұрыс-бұрыстығына қарамай бағынып, еңбектің сапасынан көрі, жұмыс берушінің көңілінен шығып, тапсырманы тез аяқтауды ғана ойлайды, жанама «шабашкаға» да сәйкесінше, ыңғайы кеп тұрса, «кетәрі» болмайды.
4. Экспаттарды кей фирмалар мен мекемелер еш қажеті жоқ жерде де «импортный көйлек» сияқты сәндік үшін шақырып, экзотика не престиж үшін ұстап отырады. Ал гастарбайтер, өзінің еңбекке жарамдығын үнемі ісімен дәлелдеп отыруға тиісті.
Қызығы, филиппиндік, үндістандық не пәкістандық, жалпы Шығыс Азиядан келіп жұмыс істеп жатқан мамандар, жоғарыдағы екі тап өкілдерінен бөлек, өзінше қарастыруды талап ететін каста сияқты. Оларға бір мезетте жоғарыдағы екеуінің де ерекшеліктері тән болуы мүмкін.
Қорытындысына дөп басып бірдеңе айту қиын. Дегенмен, сауалнама нәтижесі халқымыздың еңбек миграциясы жөнінде түсінігі бұрыңғыдан тереңдегенін, ал шетелдіктердің Қазақстанның тұрақтылығына жалпы сенімі артқанынан хабар берді.
Өз ойым, әрдайым экспаттан құтқарушы-мессия, ал әр гастарбайтерден құқықсыз құлақ кесті құл көрмей, алыс елдермен де, көрші елдермен де әділ еңбек қарым-қатынасын орната білсек игі еді.
''Таити, Таити...'' деп, ернін сылп еткізетін көне бір мультфильмдегі мешкей мысық сияқты менің де, "Қытай-пытайыңды қайдам, еліміз гастарбайтерлерді де, экспаттарды да жаман бақпайды!" дегім келеді. Лайым солай болғай!
Ал біз шаруамызға мығым, ісімізге адал, заңымызға сауатты болуға тырысайық. Сонда ғана олардың берері мен аларын саралап, пайдалысын іске асырып, зияндысын сыртқа тықсыра алатынымызға сенемін.
«566 мыңнан астам қазақ Ресейде жұмыс істеуде» ©. Мына ақпарға қатысты өткен жылы дау болған еді, "өтірік мәлімет" деп аттандағандар да болд,
«Ресейге қара жұмыс істеуге кеткен оңтүстікқазақстандықтар жоқ» деп шімірікпей айтқан азаматтардың ақиқатты қақ белінен мыжып, күл-паршасын шығарған мәлімдемелері маған, Ресейде гастарбайтерлік етіп жүрген жігіттердің бар екенін, және олардың көп екенін білетін, сондағы гастарбайтер болып жүрген таныс жігіттермен сөйлесіп тұратын адам ретінде, ауыр тиді. Өйткені, Ресей ормандарында, құрылыс алаңдарында жұмыс істеп жүрген қазақ жігіттері бар, және олардың саны өте көп. Сөйте тұра, шындықты жасырып, өтірік айтып не қажет еді деп ойлайм, кейде
Жә, қойшы, біздің елде шетелдегі круиз лайнерлерде маусымдық жұмыс істеуге деген құлшыныс биыл артыпты. Оңтүстік Кореяға барып, оңтүстіккореялықтардың өздері істемейтін жұмысты істеуге кетушілердің де саны көбейді.
Біздің елге көршілес мемлекеттерден гастарбайтерлер келіп жатыр. Аз емес. Ал, қазақстандықтар болса басқа мемлекеттерге гастарбайтер болып кетіп жатыр. Қара жұмыс істеу үшін шетел асып жатқан қазақстандықтардың саны Қазақстандағы халық санының үлесіне шаққанда аз емес.
Бұған не себеп сонда?
Дұрыс емес ғо, иә.
Демек, Қазақстан экономикасында ақау болғаны ма дейм.
Бізге күнін көру үшін орта азия мемлекеттерінен гастарбайтерлер келіп жатыр, ал біздікілер өзіміздегі жалақының күнкөріске жетпегені себепті, дамыған мемлекеттерге гастарбайтер ретінде кетіп жатыр.
Түсініксіз бірдеңе бар. Экономикалық білімім болмағандықтан басым жетпейді.
Ал 566 мың "қазақ гастарбайтері" дегені расында да біраз шу болды, Ресейдің ресми статистикасы барлық қазақстандықтарды айтса керек. Гастарбайтер дегенді тек негатив реңкте қабылдайтын жерлестерімізге қатты тиген ғой.
айына 1000 доллар, не еуро жалақы болу керек, валюта түрі есімде жоқ, жатын орын, тамақ, ұшып келу-кету, виза сияқтылар жұмыс берушінің есебінен төленеді
нақты қай елдер екені есімнен шығып отыр, әйтеуір үш мемлекет болатын,
из рук в рукиде шығад көбіне,
биылғы статистика круиз лайнерлерде жұмыс істеуге ниетті қазақстандықтардың артқанын көрсетті,
рекрутерлік сайттардан да шығад,
осы сілтеме көп әрі бірінші шығад,
Қазақстанстандықтар арасында круиз лайнерлерде жұмыс істегісі келетіндер көбейді
типі, мынандай жұмыстар: бір (вакансия жабылып қалыпты, қабылдау сезоны бітіп қойған ау дейм),
Байқағаным, Астанадағы құрылыстың бәрінде қазақтар жүрген сияқты. Әзірге басқа ұлт өкілін көзім шалған жоқ не өзім дұрыс мән бермей жүрмін.
Жазба мықты дим
Комлиментіңізге мәз болғанымды білдіре отырып, бұл жазбаны толыққанды зерттеуден өткен, толыққанды ғылыми сараптама деп қабылдамауыңызды өтінемін. Жұмыс Миграциясының пердесін түріп, сығалап, ой түрткі болуға ғана хақы бар жазба.
Алда-жалда бір-екі жыл зерттеп, бақылап, мыңнан астам жауап нәтижесінде сауалнама жасайтын болсам, оның қандай форматта болғанын қалайтынымның үлгісі деп қабылдаңыз.
Ал тек осыған сүйеніп, кесіп-пішпеген дұрыс.