Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау

Қазақтар мен Адайлардың тойын салыстырып көргім келді десең, ә  Шымкент пен Ақтауды таңдауыма еш себеп болған жоқ

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау


Тұрсынбек Қабатов, асаба
— Тойдың қалай өтетіні елге, мекенге емес, тойды өткізіп жатырған әулетке байланысты. Ал, тойдың басталуы, өтуі еліміздің қай өңірі болса да бірдей боп кетті ғой. Негізі тойдың тізгінін ұстайтын асаба ғой, тойдағы халықтың көңіл-күйіне бағыт беріп отыратын да сол. Халық санынан аса айырмашылық көрмедім: Ақтаудан да, Шымкенттен де 500 адамдық той көрдім.

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау


Нұржан Төлендиев, асаба
— Шымкент пен Ақтаудың тойында аса бір жер мен көктей ерекшелік жоқ. Шымкентте той қысқа болады, Ақтауда ұзақтау болады. Шымкентте кеш басталып, ерте бітеді; Ақтауда уақтылы басталып, кеш аяқталады. Шымкентте антракт деген мүлде болмайды, Ақтауда кейде болады, кейде болмайды. Шымкенттің тойында ең аз деген 300 адам болса, Ақтауда ең көп деген 300 адам шығар.

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау

Абай Бегей, әнші (хит әні — Аспанға қараймын)
— Шымкенттің тойы басталғанда адам тола болады да, аяқталуға шақ қалғанда адам қалмайды. Сыйлықтарын береді де, қайтып кете береді. Ақтаудың тойына келген қонақтардың 90 пайызы аяқталғанша отырады. Шымкенттің адамдары би жағын қатырады. Шымкенттің халқы суретке түскенді жақсы көреді, менімен сол жақта көп түседі суретке.
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау




Асхат Тарғынов, әнші (хит әні — Мария Магдалена)
— Мен әлі Шымкенттің тойында болмадым, жақында барамын. Ақтаудың тойында ән айттым, онда маған тойдың тым қазақи өтетіні ұнады. Тіпті тойда кездескен 5-6 орыстың өзі қазақша сөйлеп, қазақша тост айтып жүреді. Қазақы салт-дәстүрді сақтаған аймақ екен, тойда жақсы байқалды. Ұнады.




Шымкенттің тойы

Ақтаудың тойы

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау


Тойға дайындық
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS АқтауҚыз бен жігіт шаңырақ көтеруге келіскен соң, екі жақтың да ата-анасы келісім берсе, болашақ құдалар бір-бірімен (көбіне болашақ құдағилар) кездесіп, танысады. Бұл – «тәтті шәй» деп аталады. Тәтті шәйда той күнін белгілеп, әкелетін қалыңмал құнымен келісіп, құдалыққа баратын адамдар саны нақтыланады.


Сырға салуБлог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Ұзату той болатын күні күндіз жігіттің ата-анасы, туыстары қыздың үйіне барады. Тамақ ішіп, танысқан соң екі жеңгесі қызды алып келеді де, жігіттің анасы қызға сырға тағып, маңдайынан сүйеді. Кейде жігіттің жеңгесі не әпкесі салады сырғаны.
Сый: Қыздың бауырларына арнап «үй тоғызын», ата-анасына, туған әпке-сіңлілеріне бір-бір алтын не мата апарады, туған-туыстарға арнап «ағайын тоғызын» апарады. Ауыл әйелдеріне арналған тәтті-пәтті салынған қоржын болады.

Қалыңмал
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Құдалар сырға салуға келгенде өздерімен бірге қалыңмалды да ала келеді. Шымкенттің қалыңмалы 2 мың АҚШ долларынан басталады. Орта баға – 500 мың теіге. Жігіт алғаш бара жатқандықтан «Іргебасар» алып барады, ол кілем не ақша болуы мүмкін. Қайтыс болғандарға арнап мал сойып, құран бағыштау үшін «Өлі-тіріге» бір қой алып барады немесе ақшасын береді.

Күйеу аттандырар
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Шымкентте «Күйеу аттандырар» деген дәстүр жоқ. Күйеу жігіт қасына жолдасын ертіп, қыздың үйіне ата-анасымен бірге барады. Барлығы тойды, киттің түгел болуын уайымдап кете ме, әйтеуір күйеу жігіт елеусіз қалады. Ол өзімен-өзі қобалжып, "қуып" жүреді

Күйеуді күтіп алу
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Күйеу жігіт құдалармен бірге келеді де, бөлек бөлмеге отырғызылады. Үйге кірмей тұрып, адыраспаннан тұтатылған отқа сұйық май тамызады. «Жаңа отаудың оты сөнбесін» деген мағынада.
Күйеуге «қалта қағар», «төс қою» деген рәсімдер жасалады. Ол жасалған салттар үшін қыздың бір жеңгесіне ақша береді. Алдына қойылған төстің сынған-сынбағанына мән бермейді.

Ұзату той
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Құдалар әбден танысып, ішіп-жегеннен соң қыздың ағайындары құдаларға үйін көрсету үшін қонаққа шақырады. Бірақ, қазір бәрі жиналып кафе-ресторанға бір-ақ күте салатын болған.
Одан кейін кешке ұзату той болады. Ол ресторанда өтеді. Құдалар ресторанға кірерде арқан керу, тағы да басқа ешқандай рәсімдер жасалмайды. Қызды екі жеңгесі алып шығады, күйеу жігіт гүлімен қарсы алады да, ортаға отырады. Тілектер айтылады, тост беріледі, театрланған көріністер (арнайы агенттіктер бар) қойалады. Той соңында қыз сыңсу айтып, ақ матаның үстімен сыртқа шығады. Қызды түнгі сағат 12-ге дейін алып кетеді.

Беташар
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Жігіттің үйіне келіп, машинадан түскен бойда ауылдың үлкені қыздың басына ақ орамал салады. Есіктің алдында отқа май тамызып, табалдырықтан оң аяғымен аттап, үйге кіреді. Арнайы бір бөлмеде тұтулы тұрған шымылдық ішіне еніп, сол бөлмеде ұйықтайды. Ертесіне (кейде тура тойдың алдында) арнайы өзіне алынған халат, аяқ киімді киіп, көпшілік алдына беташарға шығады. Беташарда келіннің алдына банкі қойылып, аты аталып, келін сәлем салған жандардың бәрі банкіге ақша тастайды. Ол ақшаны бетін ашқан адам алады.

Отқа май құю
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Қыз жігіттің үйіне келіп, машинадан түсіп, үйіне кірейін деп тұрғанда отқа май тамызып қояды (жоғарыда көрсетілді). Адыраспан тұтатылады да, ол бықсып жанып тұрғанда үстіне бір қасық той май салады не сұйық май құяды. Ол «кірген отауының оты өшпесін» деген ниетпен жасалады.

«Гулянкі»
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Кейде Ұзату той мен Үйлену тойдың арасы апталап, айлап ұзап кете береді. Сондықтан Шымдықтарға тойдың алдындағы «гулянкі» өте маңызды. Қымбат көліктерді жалдап, қала/ауылды аралап, мешітке соғады. Бірақ, «гулянкіде» АХАЖға тіркеліп, некені заңды түрде қиятындар өте сирек. Той басталар уақытта тойханаға келеді.

Үйлену той
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Той басталар уақытта жас жұбайлар гулянкіден қайтады. Жар-жар айтылып, екі жас ортаға жайғасады. Тойға қыздың ата-анасы, туыстары, достары қатысады. Жаңа құдалар ортаға шығып, тост сөйлеп, төс қағыстырады. Құда табақ таратылады. Ән айтылып, би биленеді. Жас жұбайлардың неке жүзігін жігіттің аға-жеңгесі не әпке-жездесі той басында тағады. Екі жас торт кесіп, бір-бірінің ата-анасына өз қолымен жегізеді.

Келін шәй
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Той өтті. Келесі күні болмаса да, 2-3 күн ішінде ауыл-аймақтың үлкендері келіннің қолынан шәй ішуге келеді. Шәй ішіп болған соң келіннің ыдысына ештеңе салып кетпейді, көрімдік те берілмейді. Тойдыаман-есен өткізіп алғанын, онда болған қызықтарды талқылап, әңгіме айтып кетеді. Келін халат киіп, орамал тағады.

Құдалық
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Шымкент өңірінің құдалығы Ұзату той болатын күні күндіз және Үйлену той болатын күні күндіз өтіп кетеді. Кейде жаңдайға байланысты тойдан кейін өткізіп жататыны да бар, өте сирек.

Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Тойға дайындық
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS АқтауҚыз бен жігіт шаңырақ көтеруге келісіп, өз ата-анасының келісімін алады. Тойдың қай мерзімде өтетінін отбасымен өзара ақылдасады. Одан басқа ешқандай кездесу, танысулар болмайды. Екі жақ та өздері дайындықтарын жүргізе береді.


Сырға салу немесе үкі тағуБлог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Жігіттің ата-анасы, туыстары болашақ келінінің үйіне құда түсіп келеді. Қызға сырға салып, үкі тағып, қызды «белгілеп кетеді». Қыздың үйі тамағын беріп, щығарып салады. Той уақыты да осы күні нақтыланады.
Сый: жігіт жақ болашақ құдасының үйіне келе жатқандықтан үйіне «ілуім» деп, кілем алып барады; костюм-шалбар, мата, жаулық салынған сөмкесі бар, ауыл әйелдеріне, балаларға арналған тәтті-пәтті салынған қоржын апарада. Қоржын «дәм» деп аталады.

Қалыңмал
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Сырға салуға келген құдалар қыздың қалыңмалын да ала келеді. Ақтаудың қалыңмалы 300 мың теңгеден басталатын көрінеді. Жағдайы барлар миллиондап апарады екен. Қалыңмадан бөлек «той мал» деп 50-70 мыңның жобасында тағы теңге тастап кетеді. Оны тойға сояды деп ырымдаса, өлілерге құрбандыққа тағы бір мал сойылып, құран бағышталу керек. «Өлі-тірі» үшін тағы бір мал немесе шапан әкеледі.

Күйеу аттандырар
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Ұзату тойдан бір күн бұрын үлкендер батасын беріп, қасына 1-2 құданы қосып, күйеу баланы қыздың еліне аттандырады. Күйеу жақта мал сойылып, бәрі абыр-сабыр болатын бұл үлкен жиын «күйеу аттандырар» деп аталады.

Күйеуді күтіп алу
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Күйеу қыздың еліне келгенде бас құданың үйіне кірмейді, бөлек отауға қабылданып, бөлек сый беріледі. Қасына еріп келген құдалар ғана бас құданың үйіне барады.
Күйеуге «күйеу табақ» тартылады. Күйеу табақпен төс алып келеді, сол төстің сүріншегін сындырып әкелген жеңгесіне ақша ұсыну керек. Ал, сүріншек сындырылмаса, күйеудің ақша бермеуге қақысы бар.
«Күйеудің ілуі» деп – кілем, дәм алып барады.

Ұзату той
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Күйеу келгеннен кейін қызды аттантыру тойы болады. Ресторанда өтетін ұзату тойға барардың өзінде қызды үйден екі жеңгесі алып шығып, машинаға отырғызып жібереді.
Күйеумен бірге келген құдаларды тойханаға кірерде арқан керіп қарсы алады. Құдалар ақша беріп, ішке кіреді.Тойда қызды ортаға сол жеңгелері алып шыққанда, ортада гүл шоқтарымен күйеу жігіт күтіп алады. Сонымен тілектер айтылып, тост беріліп, той өтеді. Той соңында қыз сыңсу айтып, ақ матаның үстімен жүреді де, қыздың үйіне барады. Күйеу сол үйде қонып, қызды ертесіне күндіз алып кетеді. Қызбен бірге екі жеңгесі де кетеді

Беташар
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Қыз жігіттің ауылына келіп, машинадан түскен бойда жігіттің екі жеңгесі қолтықтап алып келеді. Дәл сол жерде, яғни тойхананың жанында беташар болады. Беташарда келінге бүкіл туған-туыс, ауыл-аймақты таныстырады. Аты аталған адамдар ақшаны ортадағы банкіге жинамайды, балаларға шашады, тәттілер, шашу шашылады.

Отқа май құю
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Беташардан соң келін бірден үйге кіргізілмейді, ресторан жанынан тіккен ағаш үйге (киіз үй) оң аяғымен енеді. Қойдың іш майы салынған отты тұтатып, үлкен кісілер оттың ыстығымен «жүзің жылы болсын» деп бетін, «құрсағыңа бала бітсін» деп құрсағын сипайды. Ол кірген отауда ең алдымен қыз боп иығына жамылып келген қызыл орамалын ақ орамалға ауыстырады. Орамалды ауылдың берекелі, алтын құрсақты анасы ауыстырып береді.

«Гулянкі»
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Беташардан кейін жастар жағы машинаға отырып, қала сыртына қыдырып кетеді. Жол-жөнекей АХАЖға тіркеледі, неке жүзігі тағылады. Кейбіреулер мешітке кіріп, құран оқытып шығады. Қаланы аралап, той басталар уақытта бір-ақ қайтады.

Үйлену той
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Той басталатын уақытта жас жұбайлар мен жастар тойханаға келеді. Жар-жар айтылып, екі жас ортаға жайғасады. Тойға қыздың екі жеңгесі ғана қатысады, ата-анасы келмейді. Екі жеңгесіне той үстінде алтын тағылады. Құда табақ, бас табақтар ескі құдаларға тартылады. Ән айтылып, би биленеді. Кәдімгі той өтеді. Соңында екі жас торт кеседі.

Келін шәй
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Той өтті. Келесі күні ауылдың бүкіл үлкендері жиналып, келіннің қолынан шәй ішеді. Болған соң шәй табағына (ыдыс) «келіннің көрімдігі» деп ақша тастап кетеді. Бұл Ақтауда «тәтті шәй» деп аталады. Тәтті шәйда келін арнайы тіктірілген ұзын шәй көйлекті киеді, басына ақ орамал тағып, үстіне кәжекей киеді.

Құдалық
Блог - aikarakoz: Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау
Тойдан кейін 2-3 күн өткен соң құдалық болады. Қыздың ата-анасы, туғандары 30 шақты адам болып, қыздың жасауын алып келеді. Құдаларды шашу шашып, шұбатпен қарсы алады. Үйге кіріп, ас алынған соң әйелдер жағы әкелген дүние-мүлікті көруге шығады.
Одан кейін қыз жақ пен жігіт жақ ортақ ақша шығарып, ресторанда құдалық өткізеді, тойлайды. Құдалықты құдалар қызы түскен үйге ғана қонақ болады. Құдаларға ұн жағылмайды.
Суреттер интернеттен алынды. Ақтаудың тойын айтып берген Гүлжан апыма, Шымкенттің тойын айтып берген жеңгеме рахмет! Гүлжан апаның жеке архивінен алынған суреттер үшін де алғысым шексіз.
Бөлісу:
  • 31

72 пікір

ken
батыс пен оңтүстік бір біріне ұқсас болса керек. шымкент пен солтүстік немесе шығыс жақты салыстыру керек еді.
MamaAya
Керемет тақырып. Өзімде өткеннің бәрі көз алдымнан зуылдап өтті ғой. Мен үшін ең қиын болғаны ана шай құю рәсімі еді))) Біреу сүт шай, бірі көк шай, енді бірі кипяток, бірі толтыра құйғаныңды ескертет бірі керісінше. Шатасасың. Пысынайсың, орамалың қисаяды, сондай-сондай...)))))))
Еще Ол сырға салуға келгенде жастар бөлек отырасың, үлкендерде құдалық қайнап жатады, мықтыыы ощущение, ол сені алып кетуге келіп отыр, сенің үйіңде, бәрі сендер үшін қуанып, тілек тілеп, шауып жүреді. Ол бұрынғыдан басқа болады сол күні, какой то слишком слишком вежливый ))) Сызылып қалған ғой.)))) Қолдарымыз тас қып ұстап отырғанбыз)))) Ары қарай бәрі как в сказке болады деп  Жанры қызық сказка екен ғой)))
Соңғы түзету:
MERmukhanov
Салыстыру деген до того кееең тақырып, ә…
Философиядағы неопозитивизмнің бедері ретіндегі махизм мен реструктуризацияланған статорлық механизмнің өзгерістерін де салыстыра беруге болады. Или көршінің қабаған итімен, или бәшпаймен.
xsanatos
менде ғана дұрыс көрсетпей тұр ма?
SaryQazaQ
Аймақтар жақсы таңдалған. Өйткені салт-дәстүр жақсы сақталған деген осы екі аймақ.
Бірінші-екінші курста жүргенде салт-дәстүр салыстырып, қызылкеңірдек болып айтысатын едік. Әрине, соңында мойындайтын)))

Енді Ақтаудағы тойлардағы кейбір келіспейтін жерлерімді жазып кетейін:
«Сырға салу немесе үкі тағу» — құда түсуге жігіттің ата-анасы бармайды. (кәрі де емес, жас та емес) Жақын туыстары барады
"Үйлену той" — тойға қыз жақтан тек екі жеңешесі келмейді, сіңлілері, апалары, жеңешелері оншақты адам болып келеді. Бұрын 5-6 адам келетін еді, қазір 15-ке дейін жетіп қалып жүр. Ал қыздың ата-насы келмейді!
"Құдалық" — 2-3 күннен 2-3 айға дейін аралығында болады. Кейде белгілі жағдайларға байланысты одан да көп уақыттан кейін жасайтындар бар.
AKA
Той соңында қыз сыңсу айтып, ақ матаның үстімен жүреді де, қыздың үйіне барады. Күйеу сол үйде қонып, қызды ертесіне күндіз алып кетеді.
Мұны Ақтөбенің тойында бір-ақ білдім, қызық көрінді. Сосын, Ақтауда үйлену тойына ата-анасының келмеуі ыңғайсыздау екен.  Шымкенттің тойы таныс, өзіміз ғо
nurshat-alimkyzy
өйткені кететін қыз кетіп, ұзатылды. Енді ол жат жұрттық, ең болмаса жігіт жақты үйлену тойында қыз өз ата-анасын көрмей, өзге үйге қыз болып жатқанын сезінуі тиіс. Үйлену тойынан соң, құдалық той өткізілгеннен кейін (немесе құдалық тойда) ғана көруге рұқсат өз ата-анасын.
Anar70
дааа, шынымен де Шымкенттің қыздары қымбат екен)))
sammita
батыстың қыздары қымбат де)
satibaldi
Мынау алақандағы кәпегіне дейін санап шықты, осыныкін дұрыс дей салыңдар
sammita
кәпегі несі?
Жазылып тұр ғо жоғарыда қалыңмалы.
bizbike
жұртқа сенсек, батыстың қыздары тегін, жасауына кейде үй, көлік қосылып кетеді
Serzha
Ақтауда уақтылы басталып
Serzha
инфографикаңды жөндеш, жартылай көрінед тек
asaubota
суреттер үлкен көлемде салынғасын блог бетіне сыймапты, түзетіп қойдым
bizbike
Атыраудың тойына барғанда қатты шаршадық, себебі ұзату жұма күні болды, жұмыстан кейін шығып сегізге таман барған той кешкі онда басталды ғой азар деп. Ақтөбеде беташарда бәрінің атын атайды, ал Орал жақта жалпылай айтып жібереді абысындары, қайнағалары, анау-мынау деп, күшті, жүз рет иіліп тұрмайды келін. Құдалықта Орал жақта жігіттің әке-шешесіне де киіт кигізеді, ал Ақтау, Ақтөбе жақта қыз жағы ол кезде көп шығынданбайды, себебі қызын беріп отыр.
SaryQazaQ
Шымкентте тек Жетісайдағы тойда болдым. Ақтаудан айырмашылығы — адамдар тост айтқан соң, көбі кетіп қалады екен. Ең соңында құрдастар тілек айтқанда мейрамханада адам қалмады деуге болады.
Домбыра тыңдамайды екен. Арамыздағы бір жігіт Нұрымның насихатын айтып еді, у-шу, терменің берекеті кетті.
Бірақ биді қатырады, би басталғанда столда ешкім қалмайды.
Қалғандары той иелеріне, асабаға байланысты ғой
AKY
Есшо екі-екіден билейді көбіне, бір-біріне қарап ап ))))))))))))))))))))
abzalsariyev
Джынды, енді шынымен Джынды пост!
aza
Ақтаудың тойы үстірт кетіп қалыпты. Өзгеге ұқсамайтын, шектен шыққан ҚАТАҢ дәстүрлері бар еді Солар қамтылмапты. Айтпақшы, қалыңдықтың ата-анасы үйлену тойына қандай қатысы бар? Ұзатылу тойында жігіттің ата-анасы болмайды ғой.
nurshat-alimkyzy
шектен шыққан қандай салт көрдіңіз? нақты айта өтсеңіз.
asaubota
тек 2 адамның айтуымен құралған ба сонда?
sammita
Ақтаудың тойы дегеніміз адайдың тойы ғой. Себебі, мысалы, Шымкентте тұратын адайлықтардың жөн-жоба, тойы, өлім-жітімі өзгеше. Еш аймаққа тән емес қалыптасқан үрдісі бар. Осы жерден нақтылап айтсам дауласып кетуіміз ықтимал адайлармен))

Ал жалпы қазір ана жақ пен мына жақ деп салыстыру қиындау, мыс. Астанада олай екен дегендей. Себебі бәрі араласып кетті, әркім жағдайына қарай өзгертіп, ерекшелеп жасайды. Бірінен-бірі асырып.
Тіпті бір ауылдың өзінде әртүрлі қылып жасайбереді. Сондықтан: «бәленше жерге барып ем, оларда бүйтеді екен» деп жалпылап пікір айту сәл артықтау.
Постқа әңгіме жоқ, жақсы жазылған, Жұмағұл жасай берсін
bizbike
Көктемде қызыл көйлек, қызыл орамал, ұзын қызыл камзол киіп келсем жұмысқа "«Адай қыз» болып жүрсің ғой" дейді бір әріптесім. Неге олай дегенін сұрағанда, олар ұзатуға қып-қызыл болып киінетінін айтты, бірақ тек адайлар емес, жалпы Ақтөбеде де солай, ұзатуға қыздар қызыл не қызғылт көйлек киеді.
AKY
Ақтөбеден ондайды байқамадым. Мүмкін адайлар шығар сіздің көргеніңіз.
bizbike
Жоқ, дым адайлығы жоқ, рулары мүлдем бөлек.
Erkekyz
Мен аса мән бермеппін, қазір есіме түсіп отыр. Аха, көршіміз адайлар қызын ұзатқанда қып-қызыл көйлек киген еді қыздары.))
aza
Адайың бөлек боп тұр ғо бәрібір.
bizbike
Айтпа деймін, жаман көлігінің сыртына Адай деп қып-қызылмен жазып қояды ғой. Адай еместер де қызыл киіп ұзатады, бұрын қазақтардың бәрі де солай ұзатқан шынында.
Daniar-Alan
жаман көлігінің сыртына Адай деп қып-қызылмен жазып қояды ғой.
nb22
Сәлем, Эльвира! Жазғаның — қызық. Рахмет! Дегенмен, қазір Шымкенттегі беташардан түскен ақшаны келіннің бетін ашқан адам алып кетпейді. Бұрын сондай болған шығар. Халықта ақша аз, тоқырау жылдары. Ал қазір адамдардың барлығы ақылды, банкаға әжептәуір ақша түсетінін біледі. Сондықтан, беат ашатын адаммен бөлек ақыға келіседі. Себебі, банкаға түсетін ақша ақынға беретін ақшадан ең кемі 3-4 есе көп болады.
nurshat-alimkyzy
Мен Ақтауда 7 жасымнан бері тұрамын, руым адай да емес. Маңғыстаудың тәрбиесін әбден көрдім десем болады. Соның ішінде нақты осында айтылған жоралғыларға келсек, басқа өңірлердікінің барлығынан да ұнайды маған (ас та төк ысырапшылдық барлық жақта бар, ол әрине ұнамсыз). Әсіресе ұзатарда қызыл киіндіретіні — үйінен қыз болып аттанып жатқаны, қыз дәуренге тән келбетін соңғы рет көрсетуі. Ол енді ешқашан қызыл орамал салмайды басына. Бір халық әнінде "қып-қызыл орамалың бозарды ма сәулем" деп келетін жолдар бар, демек қыздар ғана қызыл тартып, келіндер тек ақ тартуы тиіс болған бұрындары. Барған үйінде шай құярда ерекше әдемі, арнайы тігілген (болашақ енесі әдейі тіктіріп дайындап қоюы тиіс 2-3 түрінен) шай көйлек, камзол, кәжекейін (жылдың мезгіліне байланысты жұқа-қалың маталардан тапсырыспен тігіледі) киіп, шашақты АҚ орамал тартып отырған келіншектен артық сұлулықты басқа қайдан көре аласыз? Ол киімін ағайын-тума есік көрсетіп, қонақ еткенде де киіп барады. Жалпы бөлек отауға шығып кеткенше ұзын көйлек, ақ орамалын тастамауға тырысады. Меніңше тәрбие деген осы. Өзге өңірлік бауырлар ренжімесін, халат пен тәпішке кигізгеннен гөрі, осындай сән-салтанатты келіншек болуды дәріптейтін Маңғыстаудың шоқтығы биік лайым.
SaryQazaQ
Қазақтың қызы қызыл орамал немесе үкілі тақия киген, күйеуге шыққан күннен бастап ақ орамал тағады. Былай айтқанда, белгі ғой, үйдің келіні қайсы, қызы қайсысы екені білініп тұрады.
Наурызбек жыраудың ба бір термесіндегі жолдар осы тұста есіме түсіп отыр:
Қыз өлгеннің белгісі — Қызылды шешіп басынан,
Ақ жаулықты жапқаны,
Бір үйден шығып бір үйге
Өз еркімен барғаны…
bizbike
Сондықтан қазақта қыз бала орамал таққан емес деген сөз далбаса, қыз кезінде түрлі-түсті орамал тағып, тұрмысқа шыққанда ақ орамал тағатын болған.
Anar70
шіркін, Көкшетаудың тойын айтсаңшы))))
Daniar-Alan
Қызыл халатты айтшиш  #Шымкент
MamaAya
Ой, қызыл халаттар-ай аппақ орамалмен. ))) Сағынам сол халаттарды бәрібір, униформамыз еді ғой.
MERmukhanov
Ет жегім кеп жүр.
пы.сы. мындай безендіру жолын айтып жіберетін ізгі ниетті мұсылман не ізгі ниетсіз админ бар ма?
Daniar-Alan
ізгі ниетсіз админ бар ма?
бар. бірақ наққа түсіндіріп саған?
MERmukhanov
білмим, біліп жүрик та, век жиби — век ушис депті ғо
Daniar-Alan
Ет жегім кеп жүр.
лібә пойызда аңсап келдім да келе сап ет асқыздым ғо
bizbike
Қызды аттандырарда қыз көрісу болады LХІV.
Қыз:
Қызыл мақпалдан телпек кидім
Папажан қырын тұрып, төсек жидым
Ақ пана қызда болсам ұлдай едім
Жек көргеніңді бүгін білдім деп, үйден шығып кетеді.
Ерте тұрып кеш тұрып,
Кімнің бабын табамын
Бір жат елге барып
Қайтіп адам боламын
Жеңгесіне:
Ақ көйлегім белдемше
Ойнаушы едім өлгенше
Енді айналып көргенше
Қош аман бол жеңеше
Анасы айтады:
Балапандай байпадым
Жұмыртқадай шайқадым
Айналайын құлдығым
Ақ күн тусын алдыңнан, — деп, қыз келіншектермен ауылдың сыртына шығады. Қызға қазақтың ұлттық нақышымен тігілген киімін: басына қызыл орамал, қызыл мақпал бешпет бүркейді. Мұны құда келгенде де өз үйінде бүркеп тастайды. Қызға аттанарда артыңа қарама деп жатады.
Қызықты деректер
Соңғы түзету:
satibaldi
Шымкент VS Ақтау
Ал былай, шынымен, — екі қала тувлессе — қайсысы жеңед?
bizbike
Жоғалшы, шымкенттіктер ақтаулықтарға пара беріп, достықты сатып алады.
satibaldi
Кетәрмен әйел, басыңды көтеріп сөйлеуші болма.
bizbike
Өше салшиш
satibaldi
Вон пошла. Вооон.
bizbike
Күшенбей-ақ қой
satibaldi
Вон, окаянная. Пошта отсюда.
bizbike
Қазақшаң таусылып қалды ма?
bizbike
Бар орысшаңды шашып жатсың ба
satibaldi
Вон некрасивая.
bizbike
Қой ей, рас па не?
Daniar-Alan
екі қала тувлессе — қайсысы жеңед?
Шымкент әлбетте!
bizbike
Санымен жеңеді ме, сапасымен бе? Негізі ешкім ешкіммен тувелеспегені жақсы, одан да құдаласып көбейіңдер ей!
VKM
жанармай алып отырыңыздар))))
zholantai
ақтаулық келін шәйдегі келіннің орамалы күшті екен,
bizbike
Олар онымен қоймай кез келген тойға мықты-мықты ұлттық киім тіктіртеді, бір кигенін екінші рет киюге ұялып, очм келіннің гардеробында қырғын камзол, орамал болады.
zholantai
күшті екен, ұнайды сондай әрекеттер
zholantai
шымкенттікпін, бірақ неге екенін Ақтаудың жөн-жоралғысы сіңімді екен, ұнады өзіме

Беташардан соң келін бірден үйге кіргізілмейді, ресторан жанынан тіккен ағаш үйге (киіз үй) оң аяғымен енеді. Қойдың іш майы салынған отты тұтатып, үлкен кісілер оттың ыстығымен «жүзің жылы болсын» деп бетін, «құрсағыңа бала бітсін» деп құрсағын сипайды. Ол кірген отауда ең алдымен қыз боп иығына жамылып келген қызыл орамалын ақ орамалға ауыстырады. Орамалды ауылдың берекелі, алтын құрсақты анасы ауыстырып береді.
мына әрекеттер де ойға қонады,

айтпақш,
қызды «белгілеп кетеді»
мына сөздер үшін респект,

үйлену деген әрекетке әлі ұшырасып көрмегіндіктен, білерім аз, сондықтан мен үшін мұндағы жазылғандардың бәрі жаңалық,
рахмет, Эль, айырып тацтадың,
Соңғы түзету:
SaryQazaQ
осы постты пайдаланып Асхат Тарғыновтың Мария Магдалнасы кім деп сұрап алайыншы. Мария түсінікті, ал Магдалена?
Ispek92
Неміс биатлонситкасын танушы ма едің, сол қазақ екен)))
nurshat-alimkyzy
қатырдың Рахат)) жалпы ойда жүрген сұрақ
Daniar-Alan
Гуглде іздеуге ерінген заман ай ((( мә ал: сілтеме