Жарияланымдар

«Тәшке 2» : жәй ғана дубляж емес


DISNEY/PIXAR студиясы, «Болашақ» Қауымдастығы және «Меломан» компаниясы «Тәшке» мультфильмінің жалғасында кейіпкерлер қазақ тілінде сөйлейтіндерін хабарлайды. Сонымен «Тәшке 2» кинотеатр экрандарында мемлекеттік тілде дубляж жасалған ең бірінші Голливуд жобасы болмақ. Бұл жәй дубляж ғана емес, сонымен қатар жаңа қазақ тілінде фильмді жасап шығаруға күрделі жұмыстар жасап жатқанын атап көрсеткен маңызды.

Аудару жұмыстары жасалып жатыр: Disney/Pixar студиясы сұхбат парақтардың бөліктерін және фильмнің жұмыс видеоматериалдарын берді, қазір аудармашылардан, редакторлардан, қалаушылардан, дубляж режиссерынан тұратын креативті топ жұмыс істеуде. Қазақша сөйлейтін көрермендерге жақын мақал-мәтелдер, әзілдердің мысалында мультфильмнің мазмұнын ағылшын тіліннен тікелей түсінуі үшін қазақ тіліне сапалы аударуда. Аударманы қазақ тіліне жасау барысында орыс тілінен екі, ал ағылшын тілінен үш рет ұзынырақ болғандықтан жұмысты қиындата түсті. Бұл кейіпкерлердің айтылған сөйлемдерiнiң күрделендiреді.

Әрі қарай

3 кітап ұсынамын

Эстафетаны Өркеннен қабыл алдым.

Маргарет Митчелл «Желмен ғайып болғандар» («Унесенные ветром»).

«Ертең… Бәрін де ертең ойланамын!»
Скарлетт О’Хара

Бұл кітапты алғаш 17-18 жастарымда оқыдым ғой деймін. Сол кездері осы батыл қыздың мінезіне аса тәнті болған едім. Оның бойындағы батырлық, бірбеткейлік, қаталдық, махаббаты үшін дүниені төңкеріп жібере алатындай қасиеті – әрбір қыздың бойында жігерлік тудыртатыны сөзсіз. Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде сүйікті әкесінен, анасынан, туған жерінен айрылып, кейін бәрін қайта қалпына келтіруге қолынан келгеннің бәрін жасайды. Көптеген істерге сүйіктісі Эшлиды қайтару үшін істегенімен оның бойында үлкен рух бар – жеріне, тіліне, қоғамына деген сүйіспеншілік. Менің ойымша дәл Скарлеттей емес, бірақ тым болмаса 20 пайыз осындай жігерлік әрбір арудың бойынан табылу керек деп ойлаймын. Екі томдық кітап. Кейін Маргарет Митчелл қайтыс болып, «Скарлетт» деген екі томдықты Александра Риплей деген жазушы жазған екен. Оны да оқыдым. Бірақ автор ауысқаннан кейін жанр да біраз өзгеріп кеткен сияқты болды.

Әрі қарай

Астарын ақтарамыз…


Әр апта сайын КТК телеарнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасының шыққанына біраз уақыт болды. Негізінде шындықты айтудан, біз естуден ешуақытта тайған емеспіз. Тіршілікті қызғылт түспен көруге құмар болғанымызбен, ондай емес екенін түсінеміз. Бірақ, жаңалықтың да жеткізілу жағынан бір ұстанымы болуы керек сияқты. Шығатын уақыты да прайм-тайм, 20:00. Ол уақытта адам баласы көбі үйде демалып, теледидар көрумен айналысады. Кейде отбасы болып та жаңалық көреді. Дәл сондай мезетте тыр жалаңаш әйелдер, еркектер, тіпті анайы сценаларға да куәгер боласың. Ата-анаңмен отырсаң, кірерге тесік таппай кететін мезеттер де болады. Басқа арнаға бұрайын десең, жаңалық көріп отырмыз.

Әрі қарай

Тұңғыш рет, бірінші болып...

Тағы да “Блогкэмпті” сөз қылады деп ойлап қалмаңыздар. )) Өркеннің тақырыбын ұрлап алдым. Басыма осы тақырып қайта-қайта келіп тұр. Тұңғыш рет деп Азия клипін қазақша субтитрмен, бірінші болып бізге Жанна (Алтыградус) ұсынып отыр. Орыс сайттарында орысшаға аударылған клиптер жетерлік. Ал қазақшаға аударған әлі ешкімді көрмеппін. Біз де елден қалысамыз ба? ))
Әрі қарай

БАҚ және Интернет

Осындай тақырыппен Блогкэмпте Әлия Сембай презентация ұсынып еді. Мен де қатысушылардың бірі болдым. Презентацияда 2030 жылға дейін қағаз газеттің ғұмыры бітеді деген болжам жайлы айтылды. Осыны естіп, біртүрлі жұмыссыз қалам ба деген уайымым қылт етті )) Сосын ол уақытқа шейін бәлкім бизнесвуман болып кетем ба деп өзімді жұбатып қойдым ))
Сөйтіп, сол Блогкэмп барысында «Қазақстандағы журналистика» және орысша нұсқасы «Практическая журналистика в Казахстане» деген кітаптар тегін таратылды. Бәрі «қазақша нұсқасын берші» деп сұрағанда біртүрлі мәз болып қалдым ) Өзіме де бір қазақша нұсқасын сақтап қойып едім, ақырында жоғалтып тыңдым. Қазір Әйгерім суретші қыз тағы артық кітап табылғанын, маған беретінін айтты. Оған рахмет!
Әрі қарай

"Бәйтерек" және бала арман


Осыдан біраз жыл бұрын балаларға арналған «Бәйтерек» фильмі жайлы естіген боларсыздар. Мен де естігем, алайда тағы да елорданы жарнамалау ма деп ортанқол дүниелерге автоматты түрде жатқыза салған едім. Сөйтіп, бағана бір отандық телеарналардан осы фильмге көзім түсіп кетті. Абыройында бас жағы екен. Фильмді тамашалау барысында жас бүлдіршін-актерлердің ойынына тәнті болдым.
Сонау «Менің атым Қожа», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Сүйрік» атты фильмдерден кейін қазақ кинематографиясында осындай жақсы туынды шыққанын көріп, мәз болып қалдым. Әлбетте, балаларға арналған фильм түсіру оңай шаруа емес. Ол үшін үлкен шеберлік қажет екені сөзсіз. Режиссер Данияр Саламаттың бұл қолынан келген сияқты.
Әрі қарай

Блогкэмп-2011: Аласұрған сезімдер

Сағат түңгі 1:54. Блогкэмп өткен үш күнде қатты шаршадым. (Наз айтқаным емес, ерікті шаршау ))) Бағана блогшылар отырысынан да ертерек қайтып, басты мақсатым — қанша күн үйге тек түнде келіп жүріп, ата-анамды дұрыстап хабардар етіп, ертерек демалу болып еді. Келе сала, досыма хабарласып, Блогкэмптен қайтқандағы шаттық сезімімді жеткізіп, жаңалықтармен бөлісіп жатқанымда, ол өз тарапында орыс тіліндегі блог-платформада бір қызға сын айтылып жазылғанын ескертті. Көңілім су сепкендей басылып қалды, өйткені сөздің мен жайлы болғанын шырамыттым.
Әрі қарай

Өнер үшін - ұлт пида!

Superstar-дан шыққан Әлішер Кәрімовты қазіргі таңда көбі танитын шығар. Бастапқыда шашы ұзын болып, имидж жағынан халі сәл мүшкілдеу жүр еді, оған осы өткен кәріс сериалы жақсы әсер еткен сияқты. Яғни имиджіне. Тура сол сериал біткен соң, Әлішердің шаш үлгісінен корей сериалының басты кейіпкерінің образын көріп, плагиат деп шулағанда, «мен ешкімнен имидж ұрлаған жоқпын» деп ақталумен болды.

Не де болса, шашын қиғаны жақсы болды, өңі кіріп, енді сүйсінерлік әншілер қатарына кіре бастады.
Айтарым ол емес. Өзбек бауырымыздың бастапқыда Роза Рымбаеваның репертуарынан «Әлия» әнін айтып жүргенін тыңдаған шығарсыздар. Сонда «Батыр қызы сен халқымның» деген сөздері бар. Дәп сол жерін айтқанда біртүрлі ішімде бірдеңе қылт ете қалатын еді. Енді соғыс сонау КСРО кезінде болғанын ескерсек, бәрі бір халық болды, яғни идея бір дегендей. Олай айтуға намыстанбайтын да шығар.
Ал алдында Қазақстан телеарнасында Кеңес Дүйсекеевке арналған кеш өтті. Сол кеште бұл батырымыз «Қазағымның мұңысын сен – домбыра, бабамыздың жырысын сен — домбыра» деп шырқап тұр.
Ну енд, ұлтқа бөлінбеген дұрыс. Бірігіп ұстау керек, анау-мынау… Бірақ бәрібір, іште тағы бірдеме қылт ете қалады, неге екенін…
Әрі қарай

Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Реалда не істедім-1: Мафия ойнадық
Алдыңғы күні үйде түнгі сағат 22:00-ға таман жарық сөніп қалды. Енді бұл уақытта ұйықтап үйренбеген біз, диванға жайғасып, әркім ұялы телефондарына сығалаумен болды. Бір кезде мен «Мафия» ойнайық деп ұсыныс тастадым. Үйде төрт інім, және мамамның інісі болған еді. Сөйтіп, сығырайған екі майшамның жарығымен 6 адам ойнауға кірістік. Мамам да іші пысып отырған соң, оны жүргізуші етіп тағайындадық. Жасы егде адам болған соң, жүргізушіліктің қыр-сырын түсіндіруге біраз уақыт кетті. Онымен қоймай «Мафия» өлтіріп, «Дәрігер» жазған адамдарды шатастырып, біз әуреге түстік. Енді қайтсін, қартайған сайын лезде ұғу қабілеті төмендей түсетініне тағы көзім жетті.
Әйтеуір соңына дейін ережені түсініп, біраз ойын қызығына баттық. Бір інім көп сөйлемейтін, момындау еді. Сол екі рет «Мафия» болып, біз оны байқамай қалдық, екі ұтыс соныкі болды. Ал маған қайта-қайта «Тұрғынның» картасы келіп, «Мафия» болуды қалап отырғам. Әйтеуір «Мафия» болғанның бір шеңберінде бәрін міз бақпай ұтып кеттім )) Көбіне мен «Мафия» болған кезде ұтылып қалатынмын. Осы жолы түрімнің толық көрінбеуіне байланысты ұттым ба, әлде тәжірибем көп болды ма, ұтқаныма қатты мәз болдым. Улап-шулап отырғанда сағат түнгі 1 болып қалыпты. Арғы бөлмеде ұйықтап жатқан әкем келіп, бәрімізді «Жатыңдар!» деп «Тұрғындардың» ұтуымен ойынымызды аяқтатты. Айтысамыз деп ауыз кеуіп, суды кезекпен қылқылдата жұттық қой келіп ))
Бәріміз ұйқыға кіріскенде, жарық та жанды.

Пы.Сы. Интернеттен тапқан мәліметім болайын деп тұр. Кішкене білім базамызды толықтырайын деген мақсатпен. «Мафия» ойынын 1986 жылы МГУ студенті Дмитрий Давыдов ойлап тауыпты. Басында тек МГУ жатақханасында, аудиторияларда, кез-келген жерде топтастар ойнап жүрсе, кейін КСРО-ның түпкір-түпкірінен келіп демалатын студенттік лагерлерде осы ойын кең таралған екен, одан әрі басқа да мемлекеттерде ойнай бастапты. Қазіргі уақытта ойын бүткі әлемге танымал. «Мафияны» ойнау тактикалары жайында бірнеше кітаптар да шығарылған.
Әрі қарай

Блоггер екеніңізді айтасыз ба?

Блог - Zere: Блоггер екеніңізді айтасыз ба?
Менің жақындарымның ішінен менің блоггер екенімді ешкім білмейді екен. Әрине, интернеттегі достарымды айтпағанда (оның өзінде де осы блог арқылы танысқан). Интернеттен алшақ құрбыларыма блогымның сілтемесін беріп көрдім бастапқыда, ашып көрді ма, көрмеді ма, әйтеуір қызығушылығын танытпады. Содан кейін тағы бір танысқан адамдарға сілтемесін берген уақытта да, ләм-мим демейді, сөйтіп осы сілтемені беруден де, айтудан да қалдым. Жалпы біреудің бірдемені маған «навязывать» еткенін жек көрем, сосын өзім де солай жасамауға тырысамын. Жазғым келді, жаздым. Жазғым келмей, ерініп кеткенде, оқырмандарым неге жазбай кеттің деген сөзінен-ақ шабыт алып, 2-3 адам болсын, әйтеуір біреумен ойымды бөлісейінші деп жазып жүрмін.
Үйде ата-анам, бауырларыммен тұратындықтан интернет қауымымен көрісуге кетерде не айтарымды да білмей дал болатынмын басында. Кейін анама шет жағасын айтқан болдым, олар да шет жағасын түсінгендей болды. Бірақ интернетті ашып, «осы менің блогым, күшті ма?» деп айтуға батылым жетпейді )) Блогты да тек жұмыста жазамын, модерацияны да жұмысқа келіп жасаймын. Қазақ блоггерлерін де жұмыста оқимын. Үйде тек видео қараумен өтеді көбіне.
Бір күні үйге келіп, компьютер тұрған жаққа барсам, інім менің блогымды ашып, оқып отыр. Ұялып кеттім, бірдеме айтайын десем, аузыма сөз түсер емес. Әлі күнге дейін осы қырымнан танымайды олар. Таныса бір сюрприз болатын шығар, не шимай-шатпақ жазып жүрсің деп прикол да ұстап тастар ))
Әрі қарай