БАҚ және Интернет
Осындай тақырыппен Блогкэмпте Әлия Сембай презентация ұсынып еді. Мен де қатысушылардың бірі болдым. Презентацияда 2030 жылға дейін қағаз газеттің ғұмыры бітеді деген болжам жайлы айтылды. Осыны естіп, біртүрлі жұмыссыз қалам ба деген уайымым қылт етті )) Сосын ол уақытқа шейін бәлкім бизнесвуман болып кетем ба деп өзімді жұбатып қойдым ))
Сөйтіп, сол Блогкэмп барысында «Қазақстандағы журналистика» және орысша нұсқасы «Практическая журналистика в Казахстане» деген кітаптар тегін таратылды. Бәрі «қазақша нұсқасын берші» деп сұрағанда біртүрлі мәз болып қалдым ) Өзіме де бір қазақша нұсқасын сақтап қойып едім, ақырында жоғалтып тыңдым. Қазір Әйгерім суретші қыз тағы артық кітап табылғанын, маған беретінін айтты. Оған рахмет!
Құр қалмайын деп, орысша нұсқасын қолтықтап кеткем. Кеше босқа тұрмасын, жалпы өзіме қызық болып, ішін аштым. Ең алғаш өз тәжірибесімен Арман Шураев деген журналист бөлісіпті. Оның айтуы бойынша:
Сөз соңында айтарым, осы Арман Шураевтың тәжірибесімен бөліскен мақалсы ұнады. Журналист болғысы келетіндерге, жалпы қарапайым адамдарға өте керекті дүние екен. Маған өте ұнады. Кітапты сыйлаған адамдарға рахмет!
Сурет мына жерден алынды.
Мақала сілтемесі: http://akzere.dosym.kz/?p=1251

«Жарнаманың 70 пайызы теледидарларға келеді. Бұл газет басылымдардан гөрі телевидениенің дамып кеткенін көрсетеді. Мен Америкада тәжірибе алмасу іс-сапарында болдым, содан айтарым, ондағы американдық газеттердің шығарылым данасы біздің елдің басылымдарына түсіне де кірмейді. Штатта 5 млн. халық тұрып жатса да, бір аптада шығатын газеттердің топтамасы 15 млн. данаға жуық. Бұл сандар адамдардың газет оқитынын білдіреді. Интернеттің дамуы жағынан бізден әлдеқайда ілгері екенін айтпағанда.Біздің жағдайда жаңалықтарды интернеттен оқи салған ыңғайлы. Міне, осыдан қазіргі уақытта газет басылымдардың дағдарысқа ұшырап жатқанына түсінік берілгендей. Өзім осындай баспалардың бірінде жұмыс жасайтындықтан мемлекеттің көмегі жақсы әсер етіп жатқанын айта кеткім келеді. Алайда Медиа нарығы бойынша газетті жарнама ұстап тұруы керек. Біздің нарықта осы проблемалар дұрыстап қарастырылуы керек деп ойлаймын. Газет 15-20 теңге тұрса, әр жұма күні 5-6 газетті қолтықтап кететін оқырман әркез табылатыны сөзсіз.
Біздің БАҚ нарығының проблемасы – баспа БАҚ-тың даму деңгейінің төмендігі. Оған себеп – қағаздың қымбаттығы, оқырмандардың қызығушылығының төмендігі. Бәлкім, қарапайым халықтың бірнеше газетті сатып алуға қалтасының көтермеуі де болар, оларға теледидарды қоса салу ыңғайлы».

9 пікір