2011 жылы 5 мамыр күні Корея Республикасының Қазақстандағы жылына байланысты Астана қаласына
Сон Иль Гук (актер, «Ханзада Жумонг»),
«T-Max» тобы,
Со Ын Ён (әнші, «Прости я люблю тебя» сериалына ән жазған),
JQT (қыздар тобы),
«Чонгдонг» театр тураппасы қонақ болып келмекші екен. Концерт «Қазақстан» концерт залында өтеді, басталуы 18:30. Қазіргі ақпараттарым бойынша кіру – тегін. Бірақ алдын-ала Корей мәдениет орталығының әкімшілігіне хабарласып, орын тағайындап алу керек сияқты. Телефоны: 90-11-13.

Шақырылған қонақтардың біразы бізге танымал.
Сон Иль Гук (Song Il Gook) – атақты
«Ханзада Жумонг» телехикаясында басты рөлде ойнаған актер. Ал бұл сериал біздің көрермендердің ықыласына бөленіп үлгергені белгілі.