SM Entertainment Қазақстанда кастинг жариялайды
SM Entertainment – Оңтүстік Кореяда беделді продюссерлік орталығы Қазақстандық өнерпаздарға кастинг жариялайды. Кастинг Алматы қаласында 2011 жылы 11 шілдеде өтеді. Іріктеуге ұлты, жасы, жынысына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Финалға шыққан жеңімпаз әлемдік сахналарда SM Entertainment қатысушыларымен бірге Азия құрлығының атынан өнер көрсетеді.
Бұл продюссерлік орталық қазіргі уақытта әлемге танылып үлгерген BoA, Super Junior, SNSD, SHINee, f(x), KANGTA, The Trax, Го А-ра, Ли Ён Хи сияқты өнерпаздармен жұмыс істейді. (Корея индустриясымен таныс емес адамдарға айтарым, өз арасында өте танымал топтар, әншілер, дарынды өнерпаздар).
Бес саусағынан өнер тамған әрбір адам осы кастингке қатысып, өз өнерін көрсетсе болады. Жеңімпаз SM Entertainment орталығымен жеке контрактіге отырады.
Толығырақ мына жерде.
©Yesasia
7 күн демалыссыз жұмыс істеп, күніне 3 сағаттан ғана ұйқтасам да, бәріне шыдайм, ең бастысы жетістікке жетсем деген адам үшін өте жақсы мүмкіндік екен.
бірақ СМ энтертейнмент бір сұмырай компания, соңғы жылдары осылармен соттасу көп боп кетті. жалпы кәрістердің шоу бизнесінің бір ұнамайтын тұсы, талантты жасты прям езілгенше пайдалануды ғана көздейді, мысалға ана Тохошинки болсын, қыздардың Кара тобы болсын, Жапонияда миллиондап пайда табады, ал әртістерге берілетіні мүлдем мизер. Қанша пайда кіріп жатқанын да айтпайды екен оларда.Жапон нарығына кірмесе мүлдем білмес едік қанша табатынымызды, ондай жаңалықтарды продюсерлерден емес жапон газетінен біледі екен
Тохошинки молдам обал боп кетті.Солардың лайв концерттеріне барсам деп жүр едім:(
спамдатып таныстарға лақытар отырайын)))