Караоке бізге қашан жетеді?

left
Кәрістерді 1 жылдай зерттеуім бойынша, олардың басты көңіл көтеру орталығы болып – караоке саналады. Бір компания жиналады да, караокеге барады, ішеді, ән айтып, билейді, яғни стресс шығарады. Біздің елде мұндай үрдіс әлі толық жетілмеген, алайда қазіргі уақытта караокеге барғыштардың саны артып келеді, оның ішінде әрине қыздар қауымы. Ал жігіттер қысылып, көп бара бермейді. Менің байқауымша караокеге алғаш барғандар көбі ұялып барады. Бастапқыда ән айтпаймын, жәй бақылап отырамын деп ойлайды. Алайда берілген катаолгтағы көптеген өлеңдердің соблазнына беріліп, өзі микрофонды алып, қалай айтып кеткенін байқамай да қалады.

Караоке сөзі жапон тілінде 空 [кара] — «бос» және オケ [окэ] (от オーケストラ [о: кэсутора]) — «оркестр» деген мағынаны білдіреді. Оны 1971 жылы Дайсукэ Иноуэ деген барабаншы ойлап тапқан екен. Ол өзі өнер көрсететін рок-топтың концерттерінде үзіліс кезінде елді немен алдандыра тұруды білмей әлек болады. Сол кезде ол сөзі жоқ, тек музыка ғана шығып тұратын құрылғы ойлап табады. Музыканттар көрермендерге өлеңнін сөздерін таратып беріп, өздері демалып жата беретін болған. Сол уақыттары осы құрылғы ешкімді аса қызықтыра қоймаған екен. Тек 15 жылдан кейін ғана караоке аса танымалдыққа ие болды. Алайда Дайсукэ бұл жаңалығы үшін 2004 жылы «Шнобель сыйлығының» иегері атаныпты. Барабаншыны сонымен қатар «Адамдардың бір-біріне деген шыдамдылыққа үйрететін жаңа құрал ашқаны үшін» деп әлем премиясын алған екен.

Айтарым, осы караокеде қазақша әндер каталогы дұрыс жасақталмаған сияқты. Мүлдем жоқ емес, бар. Бірақ ішіндегі саздары кішкене дұрыс емес және аз. Алдында бір караокеге барып, қазақша диск сұрап едік, мүлде жоқ болып шықты. Қазір «Қазақстан» ТРК болып жатқан «Қазақтың 100 әні» деген бағдарламада қандай қазақтың керемет әндері орындалады. Осы әндер караоке-барларда болса қандай күшті болар еді. Мұнымен кім айналысады қазір, білмедім. Очм, халыққа керек зат екенін біліңіздер, менджерлер оқып отырған болса, назар аударса екен… ))
Бөлісу:

21 пікір

chimaq
demalys kunderi KTV ge baryp an aityu mening eng jaqsy koretin isterim....okinishtisi qazaqcha ander joq qoi ali kunge dein,kiwi da bir jigit qazaqcha karaok dep bir narseler salyp juretin,muzikasy bar astynda qazaqcha sozderi chyghyp turady eken,istetip korgen jandar barma eken??
Zere
Шын айтсам, кім айналысатынын да білмеймін. LG компаниясының қазақша дискісі бар, ішінде 100 өлең ба сондай. Бірақ саздары өтірік құрастырылған. Осыны сазгерлердің сүзгісінен өткізіп, дұрыстап жасауға болатын еді ғой.
satibaldi
Мен де көргем, «Атамекенді» — «Атамекен-айдың» әнімен айтып отырған топты, бықсывалған шығар деп ойладым.
sammita
2005 жылы Кореяға іссапармен барған қызметтестің сурет-виедоларын көріп отырсақ, тоқтаған қонақ үйлеріне дейін караоке залмен жабдықталған екен. Шынымен қазақша караоке әннің мәтінінде қате көп кездеседі.
a63a1
Көбінесе қазақша өлеңдер караокеге кеш шығып жатады, хит өлеңдер ескіріп барып бірақ жазылады ал оны айту адамды қызықтырмайды міне осындай кемшіліктері барррр!
Zere
Мен айтқым келеді, мысалы. Осында отырғандардың 50 пайызы караокеге барса қазақша ән айтқысы келетін болар? Қызық болған соң жазып жатқан жоқпын ба.
a63a1
Зере мен сенің тақырыбың қызықсыз деп отырған жоқпын
Erlan
уйде наушникти киіп алып, тамылжытып әнмен бірге қосылып айта берем, арасында қолдарымды қимылдатып билеп қойып )
VKM
Мен қазақша әндердің караокесін интернеттен алып жүрмін
satibaldi
Ұры! Роза Рымбаева не жейд???
VKM
туй, саляматсз,қорқытпаңызшы, плиз))РР аш жүрген жоқ қой)
Zere
Біз де солай көшіріп алып, дискіні өзімізбен алып жүру керек қой дим.
AKY
Караокені жақсы көрем. Дщн-Дщн, дув-дув-дув!
TERISKEI
мен де жақсы көрем, данан-душтын, данан душтын! Бірақ, караокеге барып көрмеппін. Айтпақшы, осы сөзді біздің этимологтар «караоке» -" қарап оқы" деген сөзден тараған деседі ел артындағы аңыздар
Nurgisa
Келіспеймін. «Караоке» ән айтуға құмар, ауылдағы трәктәрис "қара көке«нің құрметіне солай аталса керек.

1971 жылы ойлап тапқан барабаншы Дайсуке дегеннің аты да біртүрлі екен айтпаққа…
Ottegin
Аты жаман екен, орысшаласаң)))
Сол караокеңе енжармын, ән айту күй тартуды Аллаһ тағала бермепті бізге(((
Nurgisa
Күшті тақырып көтеріліпті, рақмет Анар.
Дені дұрыстан есімде қалғаны Қ.Махановтың орындауындағы «Кездесу мен қоштасу» ғана. Бұның саздық сүйемелдеуін істеу қатты қиын іс те емес, былайша қарап отырсаң. Тек қазіргі зияткерлік құқықты қорғау мәселелерін басшылыққа алатын болсақ, авторларға тиесілі гонорарлар төленіп, сапалы «минусовка» нұсқасын жазуға кедергі болмас еді. Тек бұны коммерциялауды көздейтін фирма керек. Бастапқыда өзінің айналымындағы қаржысын құятын. Өлеңіндегі грамматикалық қателерді дұрыстау да компетентті корректорлық топты жасақтау арқылы мүмкін болатын нәрсе.
Астанада сапалы дейтіндей бір-ақ караоке орталықты біледі екенмін. Кореан хаус деп аталады. Тек, бағалары қымбаттау кәдуілгілерден.
Abilakim
Адамның есте сақтау қабілеті аудио кітапты тыңдағаннан көрі оқығанда жақсы қызмет істейтінін білген ғалымдар енді аудио кітаптардың караоке нұсқасын жарыққа шығарып жатыр дейді…
umirbek
Cәлематсыздарма? Өтініш сіздерге! Қара Жорғаның караокесі болса жүктей аласыздарма? И пошта: kh.umirbek@gmail.com
Altygradus
Қазақша дискетгі нәрсені караоке деп те айтуға келмейд, себебі өзгертуге болмайд. Біздегі жабдықтар онша емес енді. Біз мында арасындааа бір барамыз біздің профессордың студенттері жиналғанда, тіпті даусың жетпей жатса біраз темпін көтеріп жіберуге болады, сондай функцияларымен болса ғой, әйтпесе мейрамбектей дауыс қайда бәрімізде
Gastarbaiter
Ойебой, караокенің ақыретін кеше әпкемнің үйінде көрдім. Бір әншісымақ таңғы үште артына ыстық кофеден клизма жасап алғандай микрофонды қолынан тастамай жарты сағат өлең айтты. Арасында топас әзіл айтып, бүкіл аншлагтың архивін тауысты. Әттең оптикасы бар мылтығым болмады.