Таңдаулы

MERmukhanov
Мына өлең менікі емес… деп санап, мен өзім типі объективті сынасам, қалай болар еді?.. Мен қалай көрер ем:
Мерейдің Мерейге сыны

Біріншіден, саған сын жазғаныма мәз бол. небір құсық көріп жүрм, так шо, мәз бол. құрмет деп ұқ талдағанымды.
ұйқас құрылымы — базара нет. Экперименталдығы дегенде, өзіңе экспериментал ғо, былай бұған дейін талай ақын жазған. Мұндай өлең аса қиын, бірақ көрнекті боп шығады. 4 шумағың «заезженный» ұйқастармен берілген сияқты, алайда парадоксальді — ең көркем шумағың да осы боп көрініп тұр.

Өлең атауы зор. Лап-лап! Бірақ өзіңнің айтуың бойынша, атын қойған сен емес екен. Онда еңбегің жоқ… Хм, негізі, қойып берген қыздың да еңбегі жоқ, себебі, соңғы жолды атау қыла салу менің қолымнан да келеді.

Мұң аққандай аспаннан әр күн таңнан —
Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған.
2 бірдей шығыс септігіне орай қағытқым келіп еді… Бірақ мағыналық жағынан 2 түрлі рөл атқарып тұр, сол себепті аса кінәрат таба алмадым. Ұйқасуы лайк!
«Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған.» — оооо, уаау!
Бірақ, шынымен, мен түсінбедім, ол қыз сен үшін жылап үлгерген бе? Причем сорасын ағызып? қыртасың. ну, лан, өлеңге бәрі жарасады.
Маған арнап жолданған әуез күтем
Самал арбап, жел түрткен әрбір талдан.
— жап жақсы. Бірақ тал деген сөз өзіме қызық көрінеді, білмим енді.

Бойда барым — тұнған шер, тұнған шемен,
Ойламағын келді деп бұл дәл сенен.
Әзірге ұнап, жанарды жаулағанмен,
Қазір бірақ қорқамын бір нәрседен:

ай, ит-ай! Шынымен, тас жүрек ит екенсің! Бірақ табиғилығыңа рыспек!
Бір ойды артық-кемсіз бір шумаққа сыйдырыпсың да...
Қорықпа алда!
Мас еткенің қылықпен жанға дем бе —
Паш етпедім атыңды таңғы әлемге…
Менікіндей жүрекпен күмәнданам,
Сенікіндей шын сезім бар ма менде?
негізі, пезнес боп тұрған жігіттің сөзі. че за понт?  көркем бірақ енді… бірақ екі ой вроде тоғысып тұр, типі салдары сияқты. Бірақ бәрібір әдемірек байланытсыруға болар еді.

Жарайды енді!
Келеміз жарасымға
Арай белді алтын көл жағасында.
Нұрлы көктем өтсінші өзіңменен
Түнгі леп пен таңғы шық арасында.
уоооот, атты!!! токо арай белді алтын көл деген қалай? қасында бел жатыр ма? отсров емес шығар енді.
Түнгі леп пен таңғы шық арасында.
мынаған бітірвалдым...


Шын айтуды неге жұрт санайды ерсі:
Мұңайтуды уақытша санай көрші.
Өзге аңсарым жоқ менің сен тұрғанда,
Көз моншағың мөлдіреп қарай берші.

шынымды атайын, осының алдындағы шумақтан кейін мына 2 тармаққа қарным ашып қалд. Жоқ "Өзге аңсарым жоқ менің сен тұрғанда,
Көз моншағың мөлдіреп қарай берші." — әңгіме жоқ Көз моншағыңңң… қандай күщтііі сөз!
оның алдындағы екі тармақ, сукі, романтиканың бәрін бұзжверд, не суреттеу, не қызға қаратпа сөз жоқ  жоқ, допустимо, просто әдемі аяқтай ма, жұп жұмыр қыла ма деп ем… кидать етіп кеттің...

формасына әңгіме жоқ, 11 буын — 4-3-4 везде — мінсіз, бро!
В целом, романтиктер қолдана алмайтын көркем сөздер мен циник көзқарасты, жалпылама тіркестерді тіркеген қоймалжың бопты. ұқсамайды енді әқіндәрдің әдеттегі қызға арналған әдемі өлеңіне. Как бы сонысымен ерекше бірақ. Бірақ, махаббат жайлы жазбащ алда, лақтырып кетесің!((
MERmukhanov
Бұл молда мүслім болды, ұл өсірді,
Керекке де қосасың үлесіңді.
Романтика не теңі молдалардың,
Кәпірмен жасай берші күресіңді.
Нәпсіміз қайбір оңған нәпсі дейсің,
Көп сынамай, баса сал пәлөсіңді!
MERmukhanov
Шағып жаста масалар,
Адамды таптың тасалар!
Жігіт жолдас екеуі,
Болған шығар мас олар  

Талай бөбек жасалар,
Қосағыңмен қоса ағар!
Соңғы түзету:
MERmukhanov
сатыграмманың жалғасы.

Фиу-фиу, зың-дың фонтан болып,
Қалады мойным босап, арқам кеңіп.
Бесеуіміз батядан бесем бе едік?
Алтауымыз анадан алтам ба едік?

Ары қарай жетем боп туатындай,
Проставитца етіп ол жуатындай…
Ақынша өлең төгейін алып ұрған,
Ақынша ішкен спирттің қуатындай!
MERmukhanov
кешірш...))) Керекте кішкене гонево ұстаймын.
Әйтпесе мұңды өлең жазуға болар ма еді, мынадай:

Өзің едің сен, аяулым, өзің сәндім.
Жүзік әкелдім мен саған, сезім шалдым.
Мен басқа қызға салмаған сақинаны,
Сен менен үнсіз алдың да өзің салдың…

(трагедиялы мелодрама, дә?)
Соңғы түзету:
MERmukhanov
О, бөле!
Асау да бота бөле!
Уақыт бар айдан анық,
Кетеді іс қайда қалып,
Пока что пайдаланып…

О, бөле!
Жесеңші барды бөле!
Керекті кезіп жүрмін,
Осындай көзір күннің
Бітерін сезіп жүрмін!
MERmukhanov
/«О, қала» әнінің әуенімен/

О, aru !
Бұл біздің әсем aru !
Постыңыз соңғы, құрсын,
Бастады жолды тылсым,
Өзіңсің — он біріншім!

О, aru !
Сен біздің лесби, да ну!
Қыз үшін жан тігетін,
Керекте жалқы кентім,
Қыз сүйген конкурентім!

Соңғы түзету:
MERmukhanov
Гигок, қуған жыр дейді менше мұны,
Бұл жай ғана еріккен ерке жыры.
Негізі сөзің дұрыс, ойың түзу,
Кәрім мен Патриоткз-тің синтез ұлы!
MERmukhanov
О, менің шығармашылығымның қозғалтқышы! Ардақты С.К.-ға!

Мас боп қайтқан кездерде есен келіп,
Бесеуіміз бауырдай бесем бе едік?
Құйса келіп қасыма пацан бала,
Иса дедік, соңынан «Шешең...» дедік…
MERmukhanov
От жаққан су ішсек те өртенбедік,
Боқ тапқан жерлерде де өркендедік.
Үшеуіміз туғаннан үшем бе едік,
Төртеуіміз қуғаннан төртем бе едік?
Соңғы түзету:
MERmukhanov
С.К.-ға (интрига, кім екен?)

Үшеуіміз туғаннан үшем бе едік,
Үнсіз ғана ұғысып "Ішем" дедік.
Таң атарда басымыз сына жаздап,
Самопалға жатамыз кісенделіп.
MERmukhanov
А-е-е-ей!
Таныстырсам өзімді ақынмын ба,
Қысатын сәт секілді тақым бұл да.
Мерей деген кешегі айтыскер ем,
Ұқсап кеткен өлеңі татымды ұлға.
Ондай атты алдында естімесең,
Заманбектің қызының атын бұлда.
Асау бота секілді админ емес,
Юзер болып таңымды атырдым ба?
Сатыбалды секілді қисық сөйлер,
Бола алмадық троллингте батыр жын да.
Кәрім көкем секілді Хақ дін ұстап,
Айналмадық пікірі батыл құлға.
Нұрғисамен айтысып жүргенменен,
Ұқсамадық дәл сондай ақылды ұлға.
Алдекеңдей болмадық аппаратчик,
Сөзіміз де айналды-ау ақыр мұңға.
Артық ет ұстамайтын бойдақ болып,
Айнала алмай жүрміз бе қатынды ұлға?
Аза деген көкеміз шындық айтса,
Мың бірлік мені күтіп жатыр мұнда!

/пы.сы.
Төкпелетіп, бәріне шолу жасап,
Деп ойлап жатырмын мен "қатырдым ба… "
Соңғы түзету: