Стақандастарым. 9 сынып оқушысы Бекболат

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. 9 сынып оқушысы Бекболат

Қарабақырларды қалтама салып жіберіп, қайта алып санап тұрмын. Көбейіп кететіндей. 1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік пен 10 теңгеліктер, көңілге медеу боларлықтай шылдырлағанымен, болғаны 55-ақ теңгені құрап тұр.

Онсыз да мәңгіріп тұрған басым кішігірім есеп-қисаптың өзіне шыдай алмай тұр. Қай-қайта басынан бастап есептей беремін. «Сонымен, — деймін осымен нешінші рет, — 15 теңгесіне үш дана қызыл „Соверен“ алсам — 30 теңге қалад; 10 теңгесіне — тауық бульонын алсам — 20 теңгесі қалад; автобусқа сонда 20 теңге қалад...». Бас жазу туралы тіпті армандап та тұрған жоқпын, бүгін ауырып-құсып, әбден қор болып алайыншы осы дедім өзіме.

Есебім қандай да бір қисынға келгендей болып, дүкенге кіре бергенім сол еді, бұрыштан біреу:
— Ей ағасс! — деді.

Жалт қарадым. Ол да бұрыштан толығымен шықты.
— Сізді бола ма? — деді мұрынбоқ бала.

— Негерек? — дедім мен жақтырмай. «Шамамен сегізінші сыныпта оқиды-ау» дедім ішімнен.

— Аға, екі темекі, сосын — 14 бөтелке сыра алып шықшы! — дегені!

Ойбай-ау, мынау қарапайым адамның киімін киіп келіп тұрған Исаның нақ өзі емес пе!
— Маған не бересің? — дедім мен де есемді жібермей.

— Ештеңе…

Лібә, осы күнгі таскөттер пензесс нақ! Ептібайымайдтың айтып тұрғанын қара!
— Ақымақты тапқан екенсің онда! Жоғалнақ! Қазір дүкеншіге ескертіп қоям, мынау адамдар жіберіп тұр сырттан деп!

Дөп түстім білем: бала ойланып қалды. Сосын:
— Сонда не берейін?

— Бір бөтелкесі — маған, келістік пе?

— Сонда бір-ақ бөтелке саған не болад? — дейд боқмұрын!

— Ауырып тұрмын да ептібайымайд! — деп бақырып жібердім, шыжып келе жатқан күн одан сайын басты қиратып бара жатыр еді.

— Ооо шешесс, онда арақ жарамай ма саған? — дейд ана бала!

— Херине жарайд! Бір чекушка алып бересің бе?

— Жоқ, менде басталған бөтелке бар еді…

… Тоғызыншы сынып оқушысы Бекболат осы жердегі үй жөндеу мен дәнекердің құдайы екен. Қызық: бармақтай бала жұмысшылар мен басқа да алқаштарды ұйымдастырып, нәпақа тауып, үйін асырап отыр. Мұны естіген мен мана дүкеннің алдында бопсалағаныма ұялып кеттім. Ол болса:
— Қойня ағасс, жақсылап бас жазывал, айтпақшы, қолыңнан не келед, бәлкім жұмыс беріп қалармын? — дейді өзіне де, маған да құйжіверіп.

— Жұмысым бар інім, қ ам жеме! — деймін мен ахаңды мейірлене сіміріп отырып.

— Жұмысың бар болса, тұяғыма дүкеннің алдын торып, әркімге бір жармасып жүрсің?

Аузыма сөз түспей қалды. Болғаны:
— Өййй, сен де бір! — деп тыжырынып, қолды бір сілтеп шығып кеттім. Әрине, бөтелкені іле кетуді де ұмытпадым…

* Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

29 пікір

burkitshi
атаңа нәлет алкоголик
MERmukhanov
О, менің шығармашылығымның қозғалтқышы! Ардақты С.К.-ға!

Мас боп қайтқан кездерде есен келіп,
Бесеуіміз бауырдай бесем бе едік?
Құйса келіп қасыма пацан бала,
Иса дедік, соңынан «Шешең...» дедік…
burkitshi
Жырға қосып шайтанның азғын құлын
Арақты айтып, адасып азба дүрім,
Қайдағы бір шатпақтан шабыт алып,
Кетірдің-ау қайтейін сөз қадірін
MERmukhanov
Гигок, қуған жыр дейді менше мұны,
Бұл жай ғана еріккен ерке жыры.
Негізі сөзің дұрыс, ойың түзу,
Кәрім мен Патриоткз-тің синтез ұлы!
burkitshi
Ертең сұрақ әр сөзге қозғалғанда
Шатақ сөз шатыстырар бірталайды
Қазақтан қайран шіркін сөз қалған ба
Еріккен сарт енегін уқалайды
MERmukhanov
-деп шыққанда, Мастұр батыр «Кетнақ» деп құтылған екен.
©(Дәруішөлген елінің әдебиетінен)
Marco
Сонда, өмірі сөзден тосылып көрмеген Багратионыч
Өййй, сен де бір!
, — деді
Aya
Ана тиын санап тұрған жері қандай шынайы еді. Тамаша, Сатеке. Сүйем сіздіііііііііііііі
MERmukhanov
мен де фк Ақтөбеден кейін Сатыкке аздап фанаттау екенімді жеткізуге қиналып жүрмін. Арудың постттарынан кейін
asaubota


көзден ақты бұлақтап

осы серияларды да біреулер алкоголизмнің пропагандасы деп ойлайды ау?
Marco
Айтпа білә, удай ащы иронияның дәмін сезе алмайтындарына таң қалам
asaubota
қаншама нәрсеге стеб жатыр, түсінгенге
Aya
1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік пен 10 теңгеліктер, көңілге медеу боларлықтай шылдырлағанымен, болғаны 55-ақ теңгені құрап тұр.
осы жерін, жалпы осы жазбаны Муха оқыса шегіп кетер ме еді деп қоямын)))
MERmukhanov
Көпенді көтпен сезіндіретіндей сатирик жазушы болуға әбден болады. Бірлі-жарым сленгтерді жалпыға айналдырса болды.
zholantai
қалай,қалай сілтейд, ә
burkitshi
неге кейіпкердің есімі Бекболат болды екен деп ойланбаймын да
Korkem
 ыыыыыырррза болам ше
kariim
Бірақ мен осы жолғысына онша ырза бола қоймадым.
Korkem
9 сынып оқушысы болғаны үшін бе?
kariim
Солай деуге де болады ия.
Korkem
шыны ма, ойдан шығарды ма білмеймін, бірақ өмірдің шындығы екені рас еді.
kariim
9-сынып оқушысы дегеніміз жас бала емес. Пайдалы бір сюжет жазса да сындырып жібере алар еді-ау деп ойлағам.
Adiletshu
7 класс оқушылары да іше беретін біздің кезімізде
AL-ASTER
Амиго, совереннің кабығын жинап, көлік ұтып алу ойда болды ма? Менде болған. Бірақ бала едім.
Anar70
Нұржол, бала кез дейсің, менің бір апайым соктың қабығын жинап, тоңазтқыш ұтып алған)))
Zilola
Ауырып тұрмын да ептібайымайд! — деп бақырып жібердім, шыжып келе жатқан күн одан сайын басты қиратып бара жатыр еді.
таныс сезім )))
сосын шы, «мейірлене» деп жазатын жерлеріңіз сондай ұнайды, ішуге деген желаниені оятып жібереді