Қазақ патриотизмінің символы кім?

Блог - asaubota: Қазақ патриотизмінің символы кім?

Жақында бір әлеуметтік сауалнамаға қатысқан едім, патриотизм тақырыбында. «Патриотизм символы ретінде кімдерді атар едіңіз» деп 3 адамды жазуымды өтінді. Менің жазғаным тек 2 адам ғана. Өз жауабымды кейін жазармын. Сіздер үшін кім қазақ патриотизмінің символдары? Кімдерді нағыз патриот дер едіңіз?
Бөлісу:

120 пікір

dark_nazgul
Тоқтар Әубәкіров
Аршат
Мен
Ispek92
Нобельді де сіз, символды да сіз
omarbirat
Қанат Сіләм.

Қалғандарын ойлана тұрайын…
omarbirat
Мұстафа Өзтүрікті қоса алады екенмін.
asaubota
тәәәәк, енді жазуға болады

мен обшым Бауыржан Момышұлы мен Мұстафа Өзтүрікті ғана жаздым.

екеуі де таза ұлт үшін тірлік қылған адамдар. ешқандай пафоссыз, өзжарнамасыз, таза, шын жүректен. Бауыржанның мінезі, сөздері әлі күнге дейін бізге рух беріп келе жатыр. Мұстафаның ғұмыры қысқа болды, дегенмен сырттан келіп нағыз Отансүйгіштік қасиеттерін көрсетіп, аз уақыт ішінде қазақтарды оятып кетті. мен үшін осы екі тұлғадан басқа ешкімнің тірліктері мен сөздері әсер етпеді.
nurjanbay
өлі потриоттар керек пе, әлде тірі потриоттар? өлілерді айтып тауыса алмайсың ғо.
Adiletshu
Қабылданбайды. Тірі адам керек
asaubota
қызықсыңдар, мұның не қатысы бар өлі, тірісіне? тірілерден ешкімді патриот деп бағаламаймын. әсіресе қазіргі заманда «белсенді» болып жүргендер. біләттің, кейде ішкі кухняны білген де жаман да
omarbirat
Қазақстан туының астында бокстасқысы келгені үшін патриот деп атаймын.
Мұстафа Өзтүріктің де Қазақстанға таэквондоның WTF нұсқасын әкелгені жемісін көп болмаса да беріп жатыр. Бұған дейін бізде тек ITF таэквондоны біліп келген екен ғой.
Бауыржан Момышұлы нұсқасына келісемін. Мен білетіндерден аты-жөнінің қазақтығынан айырылмаған жалғыз кісі.
a63a1
Мен Және Бекболат Тілеухан
Daniar-Alan
 бейнесін көрдің ау
a63a1
рас айтам, Мен Және Бекболат Тілеухан.
Janasil
жерлесіңді тартып жатсың
a63a1
Со қасыма тартываламба деп ойлап жүрмін.
Adiletshu
Мені де тартсай. Дауысымды Бекболат ағамызға бердім
a63a1
Дауысты негізі маған беруің керек еді
asaubota
және неге олай ойлайтыныңызды жаза кетсеңіздер екен
satibaldi
Меніңше, алдымен — жалпы патриотизм деген не екеніне көз жүгіртіп қайтқан дұрыс сияқты.
Adiletshu
Бекболат Тілеухан.
nurjanbay
Айдос Сарым
nurjanbay
Айдос Сарым ағамыздың «Тағы да ауыл мен қала туралы...» деген жазбасы. қызықтыру үшін бір үзінді келтірейін:
… Бүгінгі барша шығармашылықта жүрген ағайынға айтпағым мынау еді: Ауылды шын сағындың ба, сөзіңе тұр! Қайтып барып, фермер бол! Ал қалаға келдің бе, өз мақсатыңды дұрыс түсіндің бе, таңдаған кәсібіңді шын сүйесің бе, қаланы қазақыландыр! Қалада сенің балаң мен немерең үнемі қазақша сөйлейтіндей жағдай жаса! Қаланың баласына қажетті, соған ұнайтын, түсінікті әлемді сол баланың эстетикасына сай суретте! Сонда бәріміз қазақша сөйлейміз, ал балалар бәрібір орысша шүлдірлеп жатыр деп таң қалмайтын боламыз. Сонда ғана өмір мен шығармашылықта шынайылық пайда болады. Шынайылық пайда болса оқырман да табылады, көрерменнің де саны артады...
Zhan
Мына тақырыптан кейін «Сен үшін ең аяулы фамилия мен ең жексұрын фамилия кімдер?» деген сауалнаманы да ұйымдастырып жіберу керектігін көрсетіп тұрғандай. Мен үшін ең аяулы фамилиялар Өзбекәлі Жәнібеков, Шәкен Айманов, Ахмет Байтұрсынов т.б. деп кете берер еді. Ал ең жексұрын дегенде… Колбин, сосын дәл қазір есіме ешкім түспей тұр.
e_zhalgas
мен патриот емеспін, ал қалғандарының ішіне кіріп шыққан жоқпын
dark_nazgul
Бауыржан Момышұлын ешкім атамапты…
Daniar-Alan
айтты…
dark_nazgul
жоқ, оны Аршат ана өзі сауалнамаға жауап бергенде жаздым деді ғой… Ал оған дейін мына жерде айтылған жоқ…
Abilakim
Сұрақ нақты қойылғанымен түсініксіз тұстары да бар. Патриотизм деген пәлені естіп-білгеніміз осы кейінгі жылдарда ғана ғой. Сондықтан да көбінің тірі адамдар арасынан символ іздегені анық.
Ал, символдың өлі адамдар арасынан шығуы сұрақтың қоғамдағы қазіргі рөлін түсіріп тұр дей алмаймыз.
AKY
қилызаманшалап кеттің ғо)))
kokbori
Тірілерден ешкім емес, өлгесін айтам, ал өлілерден Бөкейханов, Байтұрсынов, Рысқұлов
AKY
Тірі нағыз патриоттар жоқ сияқты.
Abilakim
Сәбет кезінен бері КНБ-да тыңшылық (шетелдерде де болған) қызмет еткен бір ағамыз бар еді. Өмірбойы кеңес билігінде қызмет еткен жан ғой. Тәуелсіздік алған соң ол кісі қатты өзгерді. Шын ниетімен қазаққа қызмет етті. Билікке қызмет етті. Бірақ, одан да жиіркеніп (биліктен) зейнет жасында үш әріп тарапынан ұсынылған бірнеше қызметтерден бас тартқан адамды білемін. Ия, кезінде шатасты, баласын орысша оқытты. Бірақ, сол қателігін түзеуге қатты ұмтылды. Сөйлегенде сөзіне ешқандай да орыс сөздерін қоспады. Немересі таза қазақша сөйлейді. Қалада өскен баланың қазақ тілінде дәл сол баланың деңгейінде сөйлеуі мені таң қалдырды. Көпшілік арасында орысша сөйлеген адамдарға қатты ескертулер жасап, күйініп отыратын. Сол кісі мен үшін патриоттықтың символы мысалы. Өлер алдында бұрынғы қызметтестерін шақырып алып «Мені таза мұсылманша жерлеңдер. Медалдарымды, суретімді жұрт алдына шығарып, менің құрметіме мылтық атудың қажеті жоқ» деп қатты қадағалаған жан. Бұндай кісілер көп ел арасында. Бірақ, есімдерін дүйім жұрт біле бермейді.
kokbori
ол кісі нағыз мемлекетшіл адам болған ғой онда
ibnabbas
ее қазақтар! Ужы Абай Құнайбайұлыны ұмыттыңдарма?
Edu
Жалпы патриоттар деп мыналарды айтар ем: Б. Момышұлы, Алашордашылар, Қ. Сәтбаев, Әлия, Мәншүк, М. Шоқай, М. Өзтүрік, Бекзат Саттархан,Қайрат Рысқұлбеков, Бақыт Сәрсекбаев, Қанат Ислам, Илья Ильин, М. Шаханов, Б. Тілеухан, арырақ барсақ Шоқан, Ыбырай, Бөгенбай, Қабанбай, (Сартай, Таймас, Қорлан, Мак Дакаскос )т.б. Ал, символ ретінде — Б.Момышұлы
AKY
үш тірі патриотты таба алмағандар үш тірі көтриотты жазып шықсын.
Adiletshu
Алжас, Шерхан, Әбіш
AKY
Әбіш
ойнайтын басқа ат таппадың ба  немес фамилиясымен жаз)))
mercedes
AKY
Абай інім не жазып қалд, құдай-ау))))
mercedes
жазғаны көп оның
konvict
Соны айтамын дә ще
nurjanbay
әкең жаман дедім бе, шешең жаман дедім бе,өкшең қисық дедім бе?
Xansha
Мен үшін, Мамам мен Папам.  Патамушта, Мені дүниеге әкелді.
aza
Ешкімге сенбеймін. Патриоттығына. Мен қазақтың патриоты емеспін, себебі, қазіргі қазақ ешкімнің мақтау-мүсіркеу, жақсы көру-жек көру немесе басқа да пікірлеріне қарайтын жағдайда емес. Күн ашық-жарықта аттандап жүретіндердің бәрін «ойбай осы кісі ұлттың бет бейнесі» дей алмайм. Артымыздағылар айтады. Әлдерің келгенше, қазаққа көмектесіңдер… Бітті! Қазір нәрмәлні күн көрудің өзі белгілі дәрежеде патриоттық
kokbori
Патриот дегенді қалай түсінесің сонда деген сұрақ туындайды)
aza
а мен патриоттыққа қойғаным бар! Құл жиылып, бас болмайды, құм жиылып тас болмайды!
Edu
Иә, бір жағынан патриоттар ел басына күн туғанда ғана көрінетін сияқты. Әлемдегі атақты патриоттардың барлығы азаттық, тәуелсіздік үшән күрескен немесе басқа елмен соғыс кезінде көзге түскен.
Xansha
Шынымен қазақ үшін жаны ашып, ел мүддесі үшін өмір сүріп жүрген жанбыз дегеннің өзінде олар өз қалталары мен өз жағдайын ойлайды ғой алдымен… Тоқтар Әубәкіров бір сұхбатында телефон номерімді неше жыл болды өзгертпеймін, түнімен звондаса да қоңырау қаылдап, халықтың ұсыныс, пікір, өкпе, наз, барлығын тыңдап, қолымнан келгенше көммегімді аямаймын дегенін естіп сол кісіні нағыз альтруист екен деп қалдым. Бірақ кейіннен ол туралы да аз-маз негативті пікірлер естідім де, қойдым.
mercedes
Енді пенде болған соң кемшілік болад та дуниелік
Abilakim
Патриоттық деген базардан алып жатқан кәртөшке емес. Өлшеп, кімде қанша екенін дәл айтып бере алмаймыз. Ел басына күн тумай-ақ қойсын. Туа қалса, біз азбыз ғой, азбыз…
asaubota
КерекИнфоның версиясын шығарайық. ұсынысым: Бауыржан Момышұлы. әлі күнге дейін ерліктің, ұлтшылдықтың символы мен үшін.
ken
Сауалнама етіп ашсайш
asaubota
вариант жоқ қо басқа
Abilakim
сауалнаманың қажеті жоқ. Анау мынау деп отырғандардың көбі Бәукеңді басады ендігі
kokbori
Ол турады апталық та өткізсе болады ғой. Мысалы әлемдік соғыс әдістеріне қосқан үлесі туралы, қазіргі таңда Германия, Израйль, Куба секілді мемлекеттер кітабын солдаттарына оқулық ретінде оқытуда, т.б. соларды айтса деген ой
asaubota
жарайсың! өзің ұйымдастыр ал, келесі жетіде Бауыржан Момышұлы апталығын өткізейік.
zholantai
қиын сұрақ екен, жауап та жоқ.
dossor88
тек НӘН емес калғандары бола береді
ken
Жұмабек Тәшенов
Edu
Патриотқа деген талап жоғарылап кеткен бе? Тым аз есім.
nurjanbay
туғаннан өлгенге дейін күнә жасамау тек пайғамбарларға ғана тән. олар күнәдан қорғалған. ал әулиелер (святой) жас кезінде ауыр күнәлар жасаған болуы мүмкін, бірақ кейін сол күнәсі үшін қатты өкініп, құдайдан кешірім сұрап, көп құлшылық қылып сондай қасиетке ие болады. ал потриот — пайғамбар да, әулие де емес. отанды сүю иманнан дейді. отанды сүю үшін міндетті түрде діндар болу керек деген сөз емес. бірақ еліңнің болашағына сену міндетті. әйтпесе "Қазақстанның болашағы жоқ, себебі бізде демократия жоқ, қазақ тілін үйреніп қажеті жоқ, себебі бүткіл әлем ағылшынша сөйлейтін болады" деп айтатын адам қалайша отанын сүйе алады? потриоттардың да түр түрі бар. біреулер өзіне саясатта, қоғамда жақтастар табу үшін потриот болып көрінуге тырысады. біреулер елге риясыз қызмет етеді. біреулер потриот екенін біледі, потриот екенін мақтан тұтады, басқаларды да потриот болуға шақырады. «Болмасаң да ұқсап бақ бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болу қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз» дейді Абай атамыз. өткен өмірі идеальный емес шығар. бірақ қазіргі кезде елім деп жүрген ағалардың соңынан ерудің, оларды кумир тұтудың еш айыбы жоқ. не үшін потриот болу керек? ер жігіт үш нәрсені қорғау керек: иманын, отбасын, отанын. иманын шайтаннан қорғайды. әйелін бөтен еркектерден қорғайды. отанын жаулардан қорғайды. көтриот деп атасаңдар да өзімді потриотпын деуге арланбаймын.

Всю свою жизнь я был верен законам чести. Законы эти просты: почитай богов, люби свою жену, обороняй свою Родину!
Гектор, «Троя»
Соңғы түзету:
abzalsariyev
Бұл топтамаға бір топтағы адамдарды ғана қоса аламын, бөліп жара алмаймын:
Мұқтар Шаханов пен Бекболат Тілеухан! СЕБЕБІ
Кім қалай айтса да, бірінші топтағылар: осы кісілердің деңгейін толық ұғынады, сол деңгейде топта сөз бастап, еліне тозаңдай кілтипан әкелетін жайттарға еміреніп, толғанады, «диагнозын» дәл анықтай алады, оны жария сап, соңынан адамдарды ерте алады.
екінші топтағылар: осы кісілердің айтқан-түйгендерін тыңдайды, түсінеді, ойы азат, санасы қазақ, бірінші топтағылардың артынан ереді (ере алады).
үшінші топтағылар: жоғарыдағы екі топты танымай, білмей-ақ, ой-өрісі, салт-санасы солармен пара-пар!

Менен осы ой!
temir1986
Мұхтар Шаханов, Бекболат Тілеухан, АЙдос Сарым. Өзгеде жақсы кісілер көп, дегенмен іш жиятыным сөзі мен ісі басқа адамдар өте көп. Әсіресе 40-50 ден жоғары жастағы кісілерде. Егер халқым деп шырылдапжұрген кісілердің қандайда бір кемшілігі болса, жақшадағылардан басқасы (пайдакүнемдік, ақшаға қызмет ету, өтірік ұраншылдық, өзге ұлттың, діннің сойылын соғу, жасырын байлық жию) ол жай нәрсе деп ойлаймын. Ал жақшадағыларды кешіруге болмайды. Ондай адам соңынан ергендерді сатып кетеді. Екінші бір нәрсе биліктегі адамдардың не ойлайтынын білмеймін. Бірақ олардың көбінің тек қана өзіне ғана қызмет етіп жүргені аян. Ойламаңдар халыққа жұмыс жасап жатыр деп. Оған олардың өздері де сенбейді халыққа қызмет қылып жүргеніне. Әйтеуір жүрміз бас сағаттап. Айналамыз толған өтірік пен ұрлықтың, ұрыны қарақшы тонағанның кері.
nurjanbay
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков және басқа да «Желтоқсан көтерілісінің» құрбандары
себебі Еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізуіне 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісі» тікелей ықпал етті. қазір тәуелсіздігіміздің арқасында аман есен интернетке кіріп kerekinfo.kz деген сайтқа кіріп осы сөздерді жазып отырмын. бірақ тәуелсіздіктің қадірін түсінбейтін, тәуелсіздік қандай құрбандықпен келгенін ұмытқандар бар.
Соңғы түзету:
nurjanbay
мен Қазақстандықпын
орыс тілді шалақазақтар мен оларға еліктеушілердің ұстанымы. қазақ тілін, дәстүрін менсінбейді. мамбетизм деп санайды. олар не орыс емес, не қазақ емес. төлқұжаттарына "ұлты — қазақ" деп жазылғанға намыстанады.
nurjanbay
мен ұлтқа бөлінбеймін, мен мұсылманмын
арап елдерінен діни білім алғандар мен соларға еліктегендердің ұстанымы. олар салт дәстүрді ширк, бидағат деп жоққа шығарады. намаз оқымайтын қазақтарды кәпір санайды. армандары шариғатпен жүретін мемлекет құру.
nurjanbay
мен жайдарманмын (КВН-чиктер)
өздерін нағыз потриот санайды. айтатын дәлелі "қазақша" КВН-ды дамытып жатыр екен. қай тілде болса да бұл КВН-ның оңбаған жері сол бесіктен белі шықпай жатып жап жас балдар өзінен үлкен кісілерді келемеж қылады, өздері керемет адамдай билікке сын айтады, көрінген нәрсені прикол қылады. свежи прикол іздеу үшін тарихымыздың барлық тұлғаларын мазақтап бітті. менің таң қалатыным оларға ешкім қой демейді. үлкенді, елде басшылықта отырған адамдарды, рәміздерді, тілді, тарихты құрметтеу дегеннің бәрі потриотизмнен шығады. ал КВН жастардың потриотизмін жөргегінде жатқанда жойып жібереді. сөздің шыны сол. ойлап қараңдаршы. КВН-де актерлық шеберлікпен жарыса ма? жоқ. ән айтудан жарыса ма? жоқ. біліммен жарыса ма? жоқ. сонда немен жарысады? КВН (клуб веселых и нахочивых) — кергеткен қылжақбастар клубы. неғұрлым сөздің тонын теріс айналдырып, кергетіп сөйлесең, бәрінен асып түскен қылжақбас болсаң сонда ғана басқа клуб мүшелері арасында қолдау тауып ерекше құрметке ие боласың. *54
Daniar-Alan
сенің ойыңша бәрі галстукпен сөйлеу керек па сонда?
nurjanbay
КВН өте қажет нәрсе ме? егер халықты күлдіргісі келіп бара жатса әзіл-сықақ театрына жұмысқа тұрсын.
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
әзіл сықақ театры өте қажет нәрсе ме сонда?
nurjanbay
я, өте қажет. олардың жауапкершілігі бар. бір ел түгілі біреудің ар-намысына тиетін артық бір сөз айта алмайды. егер айтса әр сөзіне жауап береді. қоғамдағы кемшіліктерді халыққа әзілмен жеткізе біледі. КВН-чиктердің бастықтардың парақорлығы туралы, депутаттардың уәделері туралы приколдарының еш салмағы жоқ. сол парақор басшылар мен сол депутаттар залда халықпен бірге күлкіге қарық болатыны анық. «жынды прикол айтты, ә» дейді де сол жерде қалады. ал сол «саяси» приколды айтқан КВН-чик өзінің «батырлығына» мәз. КВН мен әзіл-сықақ театрлары салыстыруға келмейді. Әрине КВН-нен балалаған театрсымақтарды айтпағанда.
Daniar-Alan
Неге жалпы өмірге галстукпен қарайтындарыңды түсінбеймін амигос. Газет, жалпы БАҚ әлдебір ұлттық маңызы бар мәселелерді шешу қажет, анау ананы істеу керек, мынау мынаны істеу керек… енді міне әзіл-сықақ театры да бір мәселені шешу «керек»… Мен мысалы теледидарды тек көңіл көтеру үшін көремін, театрға барудағы мақсат та сол, газетті де айдаладағы бір депутаттың «ел қамын жеген» сұхбатын оқу үшін емес, көңіл көтеру үшін ғана оқимын. Интернет те тура солай. Жалпы ойым: егер әр адам өз тірлігін ғана істесе, яғни құрылысшы үй салса, ал таксист барған жеріңе дейін саясатты соғып баратын әңгімелесуші емес, жеткізуші рөлін ғана ойнаса өмір сүру әлдеқайда жеңілірек болатын еді… ойым осы очм…
Shah
0ЧЫМ, азғындап барасыңда)
Adiletshu
*54
осы не мағына береді
nurjanbay
ертеден келе жатқан әдетім еді. қоя алмай келе жатырмын.
Adiletshu
НЕ ол. Прикол ұстап күлгенің ба
nurjanbay
КВН-ге қатысу үшін жол, тамақ, баспана, форма, басқада заттарған қырғын қаражат керек. сосын олар спонср іздейді. кто платит тот и заказывает музыку. әкімдер өзінің атын шығарады, университет даңқын шығарады, кәсіпкерлер тауарын шығарады. реклама-шоубизнеске айналған.
Sashok
Пікірлердің ешқайсысын оқыған жоқпын. Баукең ғо, со. Тұрар Рысқұлов. Төңкеріс жылдары қазақ елін құрмақшы болғандардың бәрі.
Соңғы түзету:
Sashok
Әлия мен Мәншүк. Өзі сұранып соғысқа кеткен осы екі апамыздың батыстан болуы көп нәрсені аңғартса керек. Хиуаз Доспанова, ҰОС қатысқан жалғыз қазақ ұшқыш қыз. Тоже батыс.
Соңғы түзету:
Aldeken
Бауыржан Момышұлы, Дінмұхамед Қонаев, Кәкімжан Қазыбаев, Шона Смаханұлы.
негіз.
Б.Момышұлы. Халық арасындағы беделін пайдалана отырып, қарапайым ғана жеке әрекеттерімен патритоизм мен ұлтшылдықтың мысалы, үлгісі бола білді.
Д. Қонаев. Өз заманындағы саяси жүйенің белді мүшесі бола отырып, сол жүйенің мүмкіндіктерін елдің дамуына, көркеюіне қолдана білді.
К.Қазыбаев. Қазақ ССР-нің кезінде 3-хатшы (қазіргі деңгеймен салыстырғанда премьер-министр орынбасары деңгейімен шамалас) болған тұлға. Солтүстік облыстарда Неміс АССР-ін құру туралы шешімге тойтарыс беріп, нәтижесінде қызметінен айрылған, Семей полигонын жабуға атсалысқанымен аты көлеңкеде қалған қайраткер.
Ш.Смаханұлы. Қазақты қазақ ету ең алдымен оларға қазақша білім беруден басталатынын ескеріп, Алматы қаласында іс жүзінде қазақ мектептерінің ашылуына бастамашы болған (үй аралап, балалар мен ата-аналарын үгіттеуге дейін барған) қайраткер.
Ал, шынына келгенде, қолында бар мүмкіндігімен шама-шарқынша ұлт мүддесіне сай әрекет еткен кез-келген адам мен үшін патриоттықтың символы бола алады.
Ottegin
ИМХО, Нұрғиса Тілендиев, Әлихан Бөкейханов, Бауыржан Момышұлы.
Қазір тірілерден таңдағанда қалыс қалғанды жөн көрдім
mercedes
көшеде, маршрутта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп тұрғандарға қазақша сөйле деп айтқан адамдар
nurjanbay
мына жерде Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ деген кісінің «Эфиальттың кегі немесе қазақ интернеті жайлы бір үзік сыр» деген мақаласы жарияланыпты. өзім көп сұрақтарға жауап алдым.
VKM
Б.Момышұлы, Д.Қонаев, Н.Назарбаев сөзсіз! М.Шаханов саясатшы ретінде ұнамайды, ал ақын ретінде сөз жоқ! Ал еліміздің атын шығарып жүрген спортшылар,әншілер көп қой, бірақ соларға қарағанда домбра -пати ұйымдастырып жүрген керекшілер патриоттар деп есептеймін
ken
Егер Ж.Тәшенов болмағанда қазіргі Қазақстан картасы басқаша болар ма еді деп ойлаймын да осы. Солтүстіктегі бес облысты тікелей Мәскеуге бағынатын етіп, Целинный крайды құру мәселесі қозғалған кезде оның КСРО Конституциясына қайшы екенін алға тартып, қарсы шығады. Болдырмай қояды. Сөйтіп орынан босатылады.
Маңғыстауды Түркіменстанға беру туралы мәселе көтерілген кезде де қарсы шыққан.
Aya
Мағауин Мұхтар ғой   
satibaldi
Жизнь такой, что жить надо осторожні,
С нашей стараны есть свой таможні.
Я знаю по руский как положыно,
А ты кто такой, давай, до свидания,
Давай иди, гуляй до свидания!
Gastarbaiter
Отан біреу болғанымен әр саланың өз кумирі бар деп білемін. Отан деген ұғымға объективті қарау мүмкін емес.
serjan
Мұрат Қалматаев, Д.Қонаев, Б.Момышұлы, Қанат Ислам, М.Өзтүрі.
satibaldi
Мұрат Қалматаев
Хуй из ит?
serjan
Мұрат Қалматаев, желтоқсан көтерілісі тұсында республикалық ІІМ саяси бөлімінің бастығы болған, көтерілісті жаныштауда заңсыздыққа жол беріліп жатқандығы туралы жоғарыға хат жазып, жастарға жақтас болған жалғыз адам.
satibaldi
Нашар кісі болса керек.
Aya
Мағауин бұл кісі туралы ештеңе демеген екен.
satibaldi
kariim , айтулы аузы дуалы мүджтәһірлер Мухырло туралы ештеңе демеп пе?
ereke_enu1
Иманғали Тасмағанбетов
satibaldi
Нағыз патриот мынадай:
— Елге жау келд, әскерилердің барлығы сатылып кетті, генералитет шетелге тайып тұрды, қоймада таяқ пен айырдан басқа дым жоқ!- деген кезде, ешқандай рационалды салқын есепке бой алдырмай, далаға кесекпен жүгіріп шығып ажал құшу.
Қалғандары таза отақбастар.
satibaldi
Тақырып жабылды. Қазақ патриотизмінің символы мына бүлдіршін:

Бірнеше күннен бері тастарыңды сыздатқан сауалдарыңды біржола және мәңгіге жапқаным үшін сыйақыдан кетәрі емеспін. Сыйақымды ертең кешке дейін Vaxmann Bank-тегі есепшоттарымның біріне аударуларыңды сұраймын. Төлем негіздемесі ретінде «Консалтинг қызметі» деп жазуларыңды өтінемін. Каймандардың басқа төлемдерге салықтары мықты көп нақтың.
Бұл есепшотпен жұмыс істеуден қиындық туса, Anar70 жарапазаншыдан көмек сұрауларыңызға болады, тәжірибесі бар
Соңғы түзету:
ken


Тағы бір сәбидің орындауында
satibaldi
kariim , Желтоқсан толқуы туралы ресми мешіт қандай көзқараста? Аятоллалардың оған байланысты шығарған пәтуалары бар ма?
bekkerey
Қоса кетейін Жұмабек Тәшенов, Шона Смаханұлы