Стақандастарым. Тамғалы ауданының әкімі Ақшот Бейітжаппаров
Білә, бір күні мықты, мықты, қатты-қатты демалғым келді. Аса қадірменді охуйрманға демалу деп нені түсінетінімді айта кетейін. Мәрмәр әм Егейдің жағасын армандайды деп ойласаңдар, құрыған адам екенсіңдер нақ. Мен демалу деп — армансыз екі-үш күн ішуді айтамын.
Солай нақ, шілденің шыжыған бір күні бастық қайтыс болды да, балалары мойнына қарыз болып кетер деп, төрт ай бермеген жалақыны беруге мәжбүр болды. Лібәд, бір жүз елу бес мың теңге бар менде!!! Ой білә, сенбей, қайта-қайта санайм шешесс! Шынымен лібәд, шытырлаған мың теңгеліктер! Өткенде «У бұтақбаса» тектес фанер-қаңылтыр кафеде бес адам болып таңға дейін ішкенде 6-ақ мың теңге шығып еді. Ал қарабасыма мына ақша… Кенет өмір сүруге жаңа құлшыныс пайда болып, жадырап сала бердім. 30 мың теңгені қалтама салып алып, армансыз ішудің жорығына шықтым.
Қайда барам? Есіме түсті: өткенде бөтелкелестерімнің бірі, қала сыртындағы Құланды деген қалашықтағы бір қонақ үйдің мейманханасына 20 мың теңгеге төрт күн қонып тұрып ішкенін айтқан. «Мент-сент, адам-падамға аллергиясы барларға жақсы жер: Ақшаны төлейсің — құяд — тартжівересің-құлайсың, рақат!» деген қиялданып. Солай қарай тартып отырдым ендеше.
… Рақат жер нақ! Аздап қорқынышты: клиент жоқ екен менен басқа. Кафе қызметкерлері әдетте тек тойға жалға беретінін айтты. Сонымен, бастап кеттім. 20 шақты столдың біреуінде күнұзаққа шошайып отырып, жалғыздан жалғыз сілтеп отырам. Тіпті ұжмақ деген осы емес пе деген күпір ойлардың да келгені рас. Сондай бір күні кафенің басқа бұрышында тағы біреудің отырғанын байқадым.
Әуелде оның-барынан жоғы деп отырғам. Бір кезде анау:
— Э бала, берігел, мына жерге отыр! — дейд!
— Неболд ағасс? — дедім мен де.
— Ет алдырайын, салат жасатайын, не жейсің айт! — дейд.
— Рахмет ағасс, өзімдікі өзіме жетед! — дедім мен де.
— Сен не мені танымай тұрсың ба не? — деді анау.
— Жоқ...- дей бердім де, кенет танып қалып: — Ой біләә, сен баяғы бізде әкім болған Ақшот Бейітжаппаров емессің бе? — деп саңқ еттім.
— Қазір мен Тамғалы ауданына ауыстым ғой, білесің бе? — дейд.
— Білә ағасс, мен мұнда демалуға келіп едім. Кімсің; қайда кім болдың: қаға ма мені? — дедім.
— Біраз жаңалықтар жасадым ғой баяғыда мен сендерде әкім болғанда, білесің бе? — дейд бір кезде өзінен өзі.
Менің есіме бірден: қалалық мал базары үшін болған атыс, электр стансасының күмәнді приватизациясы, хуйлыққа жалақының орнына бензин берілуі, құлағалы тұрған мәдениет үйінің жөндеуге бөлінген ақшаға — аяғына дейін қиратылуы сияқты аудан өміріндегі елеулі-елеулі оқиғалар түсті.
— Лібәә, жаңалықтарыңды өзің айтшы, хуйлыққа А-80 бензин бергеніңнен басқа нәрсең есіме түспей тұрғаны?
— Ой, жақсылық көріне бермейді ғой, — деді ол күрсініп, — жақсы құрысын… Официант! Мына жігіт қанша төлеуі керек?
— На сегодня его долг составляет двадцать четыре тысячи тенге — деді даяшы таза қазақша.
— За мұй шот! — деген әкім, бір қора ақшаны ұстатты да, есік алдында тұрған джипіне қарғып мініп, жоқ болды…
* Иллюстрация: Василий Шульженко
Боқ тапқан жерлерде де өркендедік.
Үшеуіміз туғаннан үшем бе едік,
Төртеуіміз қуғаннан төртем бе едік?