Стақандастарым. Арзымқан әже

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Арзымқан әже

— Әльмәғаштеееең геліндей-аау,
Текеметтең түріндей-ау!
Өтеп өмер бара жа-теееер,
Сез бен бізге-ау біленбей-ай!

«А? Ох шешесс, мынау кәдімгі Арзымқан әже ме? Мынау тап сол — таң атпай 8 мың теңге пәтерақы санап берген әжем бе, жоқ па? Айтпақшы, сарайға қалай кіріп алған???». Есім-кіресілі шығасылы оянған менің, кешегі төпеген арақтан ауысып қалған санама келген алғашқы ойлар осы болды.

Әжемнің жағдайы жаман емес ияқты. Тіпті керемет деуге де болады. Байқасам, барылдап отырған әнінің «сіз бен бізге-ау» деген жерінде, сәйкесінше — саусағымен алдымен өзіне, сосын маған шошайтып, импровизация жасап та қояды. Көңіл-күйі ұрып тұр енді.

— Әже, қалай кіріп кеттің? — дегенім бекер болды, әнін кілт тоқтатты да, өзіме тап берді:

— Менің төремнің(байымның дегені) орнында жатырсың сен, біліп қой! Менің төремнің орнында жатырсың! Ал мен өзімнің төреме неге келе алмайды екенмін, а жетпегір?

Ал шешесс, танкідегі логика, кесіп ала ғой нақ! Аузыма құм құйылды. Дегенмен түсінік талап етпек болып, мейлінше қарапайым әңгіме бастамақ болдым:

— Әже, ақшаңды төледім ғой! Бір айға! Бүгін бірінші күнім! Сарайды неге ашып кіресіз, бұл енді бір айға — менің меншігім!

Пензесс претензия айтып тұрмын деп ойладым, қай жағынан қараса да менікі дұрыс қой деп. Жеппін нақ, кемпірің шақ етті:

— Маңдайыңа қаратігілсін жетпегір! Менің төремнің орнында жатырсың дейм! Аль кеттік бялям!

— А? Қойыңыз… Қайда?

-Аль кеттік: Әльмәғаштеееең геліндей-аау, Текеметтең түріндей-ау! Өтеп өмер бара жа-теееер,
Сез бен бізге-ау біленбей-ай!
Осы кезде барып әжемнің сілтеп алғанын түсіндім.

-Ой шешесс әже, құйшайш, несіне әңгіме қылып отырсың!-деуім мұң екен.

-Төремнің сөзін айттың, иииии, төрем сияқты сөйлеп отырсың! — деді де, енді басталған 0,7-ні шығарып, меймілдете құйып салғаны! Екі шай кесені тартжівергеннен кейін, өлең айтудағы жетекшілікті өз қолыма алып, «Дудар-айды» бастап кеп жібердім. Лібә, бұлай рақаттанып ешқашан өлең айтпаған шығармын нақ…

* Иллюстрация: Василий Шульженко
Бөлісу:

39 пікір

Aya
ай әжетайым-ай, озды бәрінен)))
edige
 
Түрлі жастағылар болып жатыр… түрлі ұлттар цикліне де жеттің ау…
Соңғы түзету:
Aya
Бірақ ше мына сюжет Муханың «Күтпеген кездесуіне» ұқсап кеткендей. Анығырақ мазмұнды айтқанға ерініп отырмын,
AKY
жяннем ау менең жяғямя тяққян түмарсееңң — ді айттыңдар ма?
DaniyarOmar
«Ауылдың алты ауызын» жіберген сияқты ғо
MERmukhanov
С.К.-ға (интрига, кім екен?)

Үшеуіміз туғаннан үшем бе едік,
Үнсіз ғана ұғысып "Ішем" дедік.
Таң атарда басымыз сына жаздап,
Самопалға жатамыз кісенделіп.
omarbirat
Елестетіп көрдім. Елестеткені несі нақ, мас әжеймен шынымен өзім әңгімелескендей болдым
Blogshy
керемет ай, әжеміз жасасын! мен де қартайғанда осындай әже болам ау деп елестетіп отырм…
araika
Қызық екен, неге?
konvict
 Іштей әжейдің дауысымен әндетіп көріп едім
Gastarbaiter
Кімге күлкі ал маған бұл өмірден қалған естелік.


2004-ші жылы бес бала боп, 5 мыңнан лақтырып, Горный Гигантта алқаш кемпірдің бір бөлмелі «тауық кепесінде» тұру маңдайыма хуяк боп жазылған еді.

Ол да бізден жырымшылап ақша алған күні бықсып ап бізге кіріп келіп мозгіні тігетін.
Апау, жатшиш — десек, «пензес жатқызып қоясың ба не?» -деп отала кететін.
Ол әжейің төресін Аидқа тапсырып, азаматтық некеде басқа бір алқашпен тұратын.
Сендерге шын, ал маған өтірік, кезінде бір аудандағы общепиттің бастығы боп дүркіреп, әлдебір вешірде Роза Рымбаевамен рөмкелес болған екен.
Әлгі бірге тұратын көңілдесі де осал емес, ол да бір ғылыми қызметкер болған, кітап жазған адам. Не кітап екенін қойым біледі, өздері де милерін арақ жеңіп ұмытып қалған.
Ощм, екеуі қосылып арақ ішеді. Содан кейін алпыс жасар Арзымқанымызды әлгі «профессор неведомой ебаной хуйни» бізден қызғанып қораның ішінде тырқыратып қуып, әжеміз жылап, «профессор» жылап, «артық кеттім кешір» деп, ол кешірмейм деп, шал гараждан шошқа соятындай үлкен пышағын шошайтып қазір мынаны жүрегіме сұғып өле қалам!" деп, ощм, күнде түннің тыныштығы әдіре қалатын.
Очм, жылядм, мынаны оқып
Соңғы түзету:
burkitshi
Осындағы ыржыңдағандардың бәрінің «аузының ішшіне сійейін». Менің әжем әбден ашуланғанда өстіп боқтайтын. Қызбен іштің, қатынмен ішітің, бірақ «ақ жаулықты» әжеме тиіспе, satibaldi
kariim
Мүмкін Саткеңе мына «ақ жаулықтылардың» бірі жолығып қалған болар?

burkitshi
Қазақта "қақпас" және "әже" деген ұғым бар. Айтпағым, пост тақырыбы «Стақандастарым. Арзымқан Қақпас» болуы керек. Жалпы қасиетті ұғымдарды, қасиетсіз ұғымдарға теліп шатыспауымыз керек. Бұл дегеніңіз бар ғой, мен үшін тұлпарды шошқа қораға қамағанмен тең, немесе намазды «оқымайтын жерде» оқығанмен. Түсінесіз бе?????
Соңғы түзету:
aru
Тұлпарды шошқа қораға қамаса не болады? Басы шошқа, арты ат мутантқа айналып кетпейді ғой. Оған бәрібір де шығар қай жерде жүргеніне
burkitshi
қыз бен жігітті айыра алмай жүрген сізге, шошқа мен тұлпарды айыру қайда
aru
Сіз мені өзіңізбен шатастырып отырған жоқсыз ба?)) Ажырата алмай не бопты маған))
burkitshi
бәсе, «не бопты деп» бәрінің бас қатып жүр ғой
Соңғы түзету:
MERmukhanov
Ару, қыздың жайы не болды?))))
махаббат майданынан не хабар?
aru
Мен қызық бір ой ойлап жүрмін. Соны жүзеге асыру керек енді. Тек қасыма адамдар керек боп жүр))) Нәтиже болса, жазамын ғой.
MERmukhanov
:))) вопшым, шетелде гейлердің біршама бөлігі 30-дың айналасында аяқтанып, кәдімгідей дәстүрлі отбасын құрады.

Сенде де бәлки өзгеріс болар кейін
Сәттілік!
MERmukhanov
Тұлпарды шошқа қораға қамаса, тектілігінен айырылады.
burkitshi
Сол секілді арақ пен алкоголикті жырлап жырлап жүріп,өзің де тектіліктен айрылып қалып жүрме. Бұл қазақтың текті ұлына деген жанашырлықпен туған өтініш деп біл
Соңғы түзету:
MERmukhanov
)))) ой, жоғалтатын дәнеңе жоқ менде. Текті емеспін.

Мен ақын да емеспін. Әдейі әдемі тіркес пен шумақты қор қылып жатырм осында.
ken
прикол болсын деп бала-шағасы осылай түсіре салғанға ұқсайды.
алдарына пивоны суретке түсірер алдында ғана қойғаны көрініп тұр. ішілмеген. трубочканы бәрі бір уақытта аузына сала қалыпты, "қанекей, трубочканы ұстаңдар, түсірем" дегендей боп көрінеді екен.
Соңғы түзету:
Boribay_Bekarys
молдеке, ох, бәлеее...))
Abilakim
Мына пікірімнің жазбаға мүлдем қатысы жоқ.
Жалпы, әйел адамның ішімдік ішуі, оның ішінде мас болып құлап жатуы қоғамның азғандығының бір белгісі секілді. Өткен сенбі Ботақара деген жерге тойға бардым. сол тойда ішіп алған шешесін сүйрелеп жүрген көп болса 3ші не 4-шы сыныпта оқитын бір қыз баланы көрдім. Ебіл-дебіл жылап жүр. Балаға қарау аянышты. Қатынға қарау жиіркенішті.
neoman
Ішіп алған әкесін сүйреген кішкентай баланы көру де онша емес сияқты
Abilakim
ОҒАН ДАУЫМ ЖОҚ.
Zilola
Байқасам, барылдап отырған әнінің «сіз бен бізге-ау» деген жерінде, сәйкесінше — саусағымен алдымен өзіне, сосын маған шошайтып, импровизация жасап та қояды. Көңіл-күйі ұрып тұр енді.
өтті )))))
boztorgai
— маңдайыңа қаратігілсін
қаратігілу иен көктігілудің арасын қарыстай алар емеспін
AybekBeken
Әльмәғаштеееең геліндей-аау...koneden kalgan irgak