Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»
Ерте, ерте, ертеде, лама жүні келтеде, Кенжекей сұлу Ертөстік хикаясын жалғастырмақ болыпты. Ертөстіктің Айдаһарды жеңген күні ішкілікке салынып кетуі себепті, басты кейіпкердің орны бос қалыпты. Кенжекей әрі ойланып, бері ойланып, ертегі сиквелына басты рөлге лайық жігіт керек екенін айтып, жарияға жар салады. Сол-ақ екен, ертегі әлемінде сенделіп жүрген еркек кіндікті жеті кейіпкер желпініп жетіп келеді. Бірақ, Кенжекей жетеуін де «Бірдеңе жетіспейді» деп қабылдамай қояды.
Жетеуден маза кетеді.
«Әттең, тым арықпын, әйтпегенде өтер едім!» — дейді Желаяқ.
«Әттең, мойным қылдай, әйтпегенде өтер едім!» — дейді Көреген.
«Әттең, қолым сөздің тура мағынасында ғана ұзын!» — дейді Епті.
«Әттең, қампиған қарным болмағанда!» — дейді Көлтауысар.
«Қап, бойым қысқа боп тұрғаны!» — дейді Қаңбақ шал.
«Мені де «мойның қысқа» деп менсінбей қойған шығар!» — дейді Саққұлақ.
«Ай, дәу де болса, бөксемнен таптым-ау!» — дейді Таусоғар.
Бұл сөздерін артынан еріп отырған Мыстан естіп қояды да: «Мен сендерге бұл қырсықтың дауасын айтайын, ал сендер маған отынымды тасып беріңдер», — дейді. Жетеуі келісіп, Мыстан кемпір тай сандығын ашып жібереді де, ішінен сымбат кемшіліктерін киіммен жасыру сыры жазылған бір бума қағазды алып, бір-бір парақтан таратып береді.
Жүдеу Желаяққа
ЖАРАСПАЙТЫНЫ: | ЖАРАСАТЫНЫ: |
---|---|
1. Қара, қошқыл және қою күңгірт түс; | 1. Кең балақты шалбар; |
Қылмойынды Көрегенге
ЖАРАСПАЙТЫНЫ: | ЖАРАСАТЫНЫ: |
---|---|
1. V-пішіндес ойық; | 1. Биік жағалы сырт киім; |
Ұзынқолды Ептіге:
ЖАРАСПАЙТЫНЫ: | ЖАРАСАТЫНЫ: |
---|---|
1. Жеңінде тік жолақтары не жіңішке өрнектері бар жейде; | 1. Жалпақтығы орташа білезік не қол сағат; |
Кебеже қарынды Көлтауысарға
ЖАРАСПАЙТЫНЫ: | ЖАРАСАТЫНЫ: |
---|---|
1. Денеге жабысып тұратын киім; | 1. Бір өңірлі, сәл кеңдеу костюм; |
Қарыс бойлы Қаңбақ Шалға
ЖАРАСПАЙТЫНЫ: | ЖАРАСАТЫНЫ: |
---|---|
1. Жалпақ жаға, белбеулер; | 1. Суреті не жолақтары тігінен түскен киім; |
Қысқа мойын Саққұлаққа
ЖАРАСПАЙТЫНЫ: | ЖАРАСАТЫНЫ: |
---|---|
1. Мойынға тағатын орамалдар; | 1. V-пішінді ойықтар; |
Батпан бөкселі Таусоғарға
ЖАРАСПАЙТЫНЫ: | ЖАРАСАТЫНЫ: |
---|---|
1. Ашық түсті шалбарлар; | 1. Қара, қошқыл, күңгірт шалбарлар; |
Кемпірдің бұл мәрттігіне әбден разы болған жетеуі отынын жарып, пешін жағып береді де, Түркістанның базарына тұра тартады.
Су жаңа үлде мен бүлдеге стильдің барлық ережелеріне сай киінген кейіпкерлер Кенжекейге қайта барып, бақ сынамақ болады. Барғанша қалай боларын ойлап, уайымдаумен болады.
Ер Төстіктің отауына жақындаған сайын тізелері дірілдеп қоя береді. Үйге жақындағанда алдарынан шашы ұйпа-тұйпа, халатшаң Кенжекей шығады.
— Амансың ба, Кенжекей сұлу! — дейді олар бір ауыздан.
Кенжекей әлгілерді бірден танып:
— Қыз сынына қатысатындай біріңнен бірің сұлу болып келіпсіңдер ғой! — дейді.
— Енді өзің «бірдеңе жетіспейді» деген соң...— дейді олар да ұялғансып.
— Жетіскен түрлеріңе болайын сендердің, жүктібайымайдтар! «Жетіспейді» дегенде, мен шүберекті меңзеппін бе? Ой, жын буған, пері қуған, өңшең сайқымазақ! Сендерге Төстікжанның жігері мен сенімділігі жетіспейді! — деп жеті атасынан дым қоймай, қуып шығыпты.
PS. Тонадайда мырс-мырс күліп Ақнұр Бектеміс кетіп бара жатты…
Қолданылған ресурстар:
www.askmen.com — How To Hide Flaws With Clothing
www.ehow.com — How to dress to balance a short waist
www.noubikko.com — Waist tips
www.lifeinitaly.com – Men’s guide to hide body flaws
bitstrips.com/ — Your Own Personal Emoji
Қорытынды жақсы: шүберектен бөлек жүректілік те керек адамға!
Киім стилінің кемі үш үлгісі болады классикалық, кежуал және спорт (гибрид стильдерді санамағанда).
Спортпен айналысуға арналған киімдердің біразын, мысал трико, майка, капюшон толстовканы тек спортпен айналысу кезінде ғана немесе үйде жүргенде киген дұрыс. Көшеге қыдыруға шыққанда дышыға арналған трико, шортыларды мүлде кимеген жақсы негізі.
Ал спортпен айналысу кезінде адам жарасымды емес, ең алдымен комфортты ойлайды. Барынша қимыл-әрекетіңе кедергі келтірмейтін, теріні жақсы сіңіретін түрін таңдаған жөн, сұлулыққа тас қатырмай.
Сосын классикалық шалбар дегеніңіз Чино шалбарлары болса, оның да түрлері де, түстері де, фасондары да әртүрлі. Сондықтан, ешкімге классикалық немес еджинсы мүлде жараспайды деп айта алмаймыз, ондайды айтқан да жоқпын. Міндетті түрде, оның тар, кең, клеш, трубка, ауы салбыраған а-ля «жетеуі тышып қойды біреуі киіп алды», ашық, күңгірт, жолақты жолақсыз, биік қалталы, төмен қалталы т.б. ньюанстарын ескеру керек.
1) Жігіттерге Мода
2) Киіну әдебі: Мода vs Өз талғамың
3) Костюм -шалбар: көнермес 14 қағида
4) Киім үлгісі: Кежуал Спорт
5) Ерлердің классикалық және күнделікті киіну үлгілері
bitstrips.com/ — Your Own Personal Emoji
Тройка вообще жараспайды))))) кебеже қарындылар кимеңдер тройканы)))))