Жігіттерге мода

  • Автор
coco chanel

Біршама уақыттан бері ойыма жиі келетін, алайда ұмыт қала беретін тақырыпты қозғағым келіп отыр бұгін. Еуропаның маған ұнайтыны, онда қыздар да, ұлдар да қалай киіну керек екенін біледі. Ал, Қазақтанға алғаш қадам басқаннан көзіме қораш көрінетіні жігіттер. Бірақ, менің айтқым келіп отырғаны жігіттер жайлы емес, олардың киімі болмақ! Бойжеткендер теледидардан өздеріне орташа болса да, жарасымдылыққа ұмытылады. Ал, жігіттеріміз (реніш болмасын, достар!) өзіне қарағанды үйрене алмаған секілді.

К. Шанель (Koko Chanel) айтқандай; сән өтер, бірақ талғам еш тозбайды!

Ең бастысы, белгілі бір стилің болсын. Мысалы, бір қыз саған сыйлық алар кезде қиналып кетсін! Сыйлық іздеген кезде, көрген барлық киім-кешекті есіне түсіріп тықрыңдап Ммм деп ойлап, «Ол мұны кимейтін шығар» десін. Стиліңді біле тұра қолыңа алған жемпірге он рет қарап, қайта тастасын. Он шақты бутикті аралап, ештеңе таппай, сізге кітап немесе қырынатын Жилет алсын. Яғни, Mega Center ішінде орналыскан NEW YORKER’да сатылатын, тегін болса да киюге жарамайтын жаман, жыртық бір жейдені сатып алып, оған бәрі бір осыда бола береді демесін. Ол кісі сіздің жүріп жүрген қызыңыз болуы мүмкін немесе апаңыз. Кім екені маңызды емес. Бастысы, талғамыңды айналаңа көрсет!

Магента қандай бояудың ақшылы? Бирюзовый деген? Қанық сұр, реңді сұр дегендерде не айырмашылық бар? — деген сұрақтардың жауабын үйрен. Алғаш рет кездескен қыз кездесуге алқызыл көйлек киіп келсе, саған қызыл өте жарасады екен деп секірме! Ұмытпа! Қыздар бояу, түстер туралы әңгімелескенді базар аралаудан да жақсы көреді. ФБ-те қыздардың суреттерін лайктай берудің орнына, бір жолы википедияға кіріп, түстер туралы ақпарат ал. Бірақ, қатты кетіп, ішіне кіріп кетпе. қыздар гей деп ойлап қалмасын.

Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!

Және де, түрлі-түсті киінуден ұялма! Қанық түстер кие бер, ауылда жүрген жоқсың, уақыт өте келе халық оған да үйренеді.

Кез-келген бутикке кіргенде қара түске секіре берме. (Әсіресе, Шымкенттік жігіттер, сендерге арнайы айтып отырмын!) Сұр және күлгін, ашық түсті көк шалбардың не болғанын киіп көріңдер. Жас кезіңде киіп көрмей, қартайғанда ғана мойынға шалма, үстіңе сап-сары жакет киетін теледидар жүргізушілері сияты болып қалмаңдар! Мысалы, фисташка түсі ақшыл жігіттерге керемет жарасады.

Өзіңе ұнайтын бояулардан варианттар жасап көр. Мысалы, сарғыш түсті чино шалбар сатып ал, кез-келген аяқ киіммен жарасады, бірақ, үстіне мал сияқты футболка киме. Алдын айтып өткен көк жйдені ки.

Көшеде фитнес жаттықтырушысы сияқты капишоны бар ветровкамен жүрме. Әсіресе, көктемде, жазда қалай киеді адамдар, санама мүлдем келмейді.

Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!

Сонша ақшаға алғасын маркасын көрсету керек деген ойдан бас тартыңдар! Соқырларға арналған, тоқпақтай GAP жазған жемпір алмаңдар. Жарнамалағаны үшін жұрт ақы алады, ал біз тегін жарнамалап жүреміз.

Былғарыдан жасалған қысқа top-gun жакет бұл өмірде тек Том Крузға ғана жарасады, босқа ақша шашып, ондай жакет алма.

Белдік деген ең маңызды аксессуар. Қанша әдемі киінсең де, белдіксіз костюм тиянақты емес. Бірақ, американдық шериф сияқты бүркіт, барыс басты тоқпақтай өрнекті түрлерінен емес, моногамды, былғарыдан жасалған және өзіңе шақ болуы тиіс. Белді екі рет айналып, ұшы бұтақ сияқты салбырап тұрмасын.

Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!
Футболканың жағасын қарап көріңдер, ағылшынша BASIC жазуы болса, онда ол футболка әлемдегі ең әдемі футболка екенін ұмытпаңдар! Біртүсті, ешқандай жазуы жоқ basic футболканың астынф ештеңе кимей тасакты салбыратып жүрсең де жарасады.

Бұтыңа жыртық джинсы, аяғыңда шүберек аяқ киім киіп жаз бойы солай шықсаң, ешкім саған киім туралы әңгіме қозғай алмайды. Әртүрлі түстер араласып кеткен, кемпірқосақ сияқты болып кісі көзіне түспе. Жоғары аралас түсті болса, төменгі жағың біртүсті, қарапайым болсын. Ал, бұтыңдағы шалбар түрлі-түсті болса, жоғарғы жағың қарапайым болсын. Индиядағы, Пакистандағы түрлі-түсті автобус болып кетпе.

Айтпақшы, жейденің алдыңғы қалтасына зат салып жүрген адамды құдай төбесінен ұрсын! Ол дегенің зейнеткерге жарасады, зейнеткер жасына жеткенде темекі қорабын саласың ба, үй ақысының квитоктарын саласың ба өзің білесің.

Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!

Шалбардың да қалтасына кез-келген нәрсені салып алып, толтырып жүрме. Алыстан қарағанда қозып кетіп, бұтағын тұрғызған псих сияқты көрінесің

Ертең президент болғанда, барқыттан қандай да бір киім киген жігіттерге Германиядағы жәйіттерге тиіскен Гитлердей боламын. Барқыт шалбардың ауы артынан қарағанда ALWAYS сиякты көрінеді.

Шкафта міндетті түрде қара-көк блейзер жакет, таза ақ, көк жейде және қарапайым қара шалбар болуы керек. Тек осылармен ғана өмір өткізіп, әдемі көрінетін голливуд жұлдыздары бар осы әлемде.

Жып-жылтыр нәрселерді ешқашан киюші болма. Кисең де менің көзіме көрінбе. Жұлдыз дегенің жалтырақ нәрсе, онда неге маған жалтырамасқа деп жылтырақ арасынан түрі көрінбей қалған Қайрат Нұртас сияқты болып кетпе. Осы күнге дейін жылтыр десе есіме Элвис Пресли түсетін еді, ол байғұстың өзі стилистінің сөзіне алданып, киген киімдеріне өзі шыдай алмай, өмірден ерте кетті Джастин Биберге де ата-анасы жалтырақ кигізсе екен.

Аяқ киім туралы осындай үш пост керек, қысқаша айтқанда, ана тышқанға ұқсайтын, алды тесік, тесік туфлилерді кимеңдер енді. Бұл әлемде тек қара мен қоңыр түс жоқ. Егер спорт үшін болмаса, аппақ аяқ киім кимеңдер. Ақ туфли дегенің 80-шы жылдардағы шашы ұзын, қолтық жүні беліне түскен, шұлықсыз жүретін сасық немістерден қалған.

Бояулар сияқты, өлшемдерді де білу керек. Мектеп бітіргеніңе неше жыл болды? Киімдеріңді әлі де анаң алып жүрген болса, сөзім жоқ. «Келер жылы бойың өсіп қалар, сондықтан бір размер үлкен алайын» деп саусақ ұшына жететін мектеп формасын алып жүрген жоқсың ғо, бауырым.

Өлшемдер жайлы бірер сыр:
— костюм жеңі дәл білекте болуы керек.
— Жейде жеңі екі см-дей ұзын болып шығып тұруы керек.
— Шалбар балағы орташа 21-22 см болатындай алыңдар.
— Жейде жағасы мойыннан әрі кеткенде 1 см-ге кең болуы керек.
— Әкеңнің жемпірін киіп жүрсің бе дегенді естігің келмесе, үстіңе киген нәрсең иықтарыңнан салбырап тұрмасын.
— Анаңмен дүкенге барма. Не кисең де, анаңның көзіне тар және кішкентай көрінеді.

Осы посттан кейін 1-2 бұтақсыз шығып: «Далдыбай, өзіңше болып жазасың, бірақ сол айтқандарыңды алуға ақша қайда?» деп шығатынына 100% сенімдімін. Осы жерге дейін, айтқан киімдерімнің брендін жаздым ба? барахолкадан алсаң да, Hugo Boss-тан алсаң да қарапайым таба аласың ғой?

Тағы бір нәрсе: құдай үшін, тазалыққа көңіл бөліңдерші, жігіттер! Адамның өз-өзіне қарап жүргені артық емес. Мысалы бир күні кафеде отырмын, көрші столдағы жігіт қызына материализмнен бастап, парапсихологиядан шығып, неше түрлі әңгімені періп жатыр. Қызы мәз-мейрам бірақ сол жігіттің күйіп калған чечилдей бүйра бүйра тасак жүнін дәретхана тасында көруді маған жазған. Су деген жақсы нәрсе, тасагың көрінбейді, бірақ мұрын жүнің, құлақ кірің көрінеді. бомжский стиль ұнаса да, ол кір-кір жүруіңе себеп емес.

Соңғы сөз қыздарға бағытталған: жігіттерге қандай киім-кешек жарасатынын айтудан қорықпаңдар. Қасыңызға жарастырып ертіп жүргенді білгенде, жігітіңізге жарастырып киіндіруден ұялмаңыздар!

П.с.: Қазақшамды дүзеп берген Bakytty Gosha'ға үлқен рахмет

152 пікір

patick
Батыр — батыл. Енді көпшілік ойланып, үстіне бір анализ жасап жатқан шығар
a63a1
менде анализ жасадым
a63a1
Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!
Мәйкі кисе ше?
batyr
James Dean сиякты ұялмай көрсете алатын мускылдарын болса кийебер арени  ол кісі сол стилдін атасы еді бырақ ол мода өткені неше ғасыр  cүретин тапқан қезде ілермін.
Aya
Бір демде оқып шықтым. batyr — мықты, күшті жазыпты
araika
Құшты! Жігіттерге дәл осындай инфо керек-ақ.
araika
Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!
Сериал кезіндегідей жарнама уақытын да ұмытпапсың
Gulistan
Батыр, жігіттерге арналса да, қыздар біліп жүретін тың мәселелер бар екен.
Шынымен де ниет болса, мақсат болса аз ақшамен де сәнді киінуге болады.
құдай үшін, тазалыққа көңіл бөліңдерші, жігіттер!
VKM
Керек инфо екен.
Rafaello
Джинс шалбардың балағын қысқартқан дұрыс па әлде қайырып қою ма?
19852407
сол қысқартып жүргеніңіз өзіңізге жарасып жүр...
batyr
шалбардын түрине байланысты, балағы тар(slimcut) алде қен(bootcut)ба? оларды қыскарту кыйын бырак дүзу болса тобығына 1 см жетпейтиндей қыскартсан болады.
asaubota
студент кезімде қысқартуға ерініп, қайырып жүре беретінмін. қайырсаң кейін желініп қалады сосын ішіне құм толып қалады. обшым піштір, салафит балағынан төмен етіп әрине
Gulistan
Айтпақшы, әтірді орнымен қолдану мәселесі де маңызды болмақ.
VKM
ооо, Гүлістан. Автобуста көп байқалады, нашар иісті әтірді көөөөп қылып сеуіп алғандар.Қақалып қала жаздайсың
Zilola
қақалғанда қоя бер, кеше сондай істен көзім ашып, өліп қала жаздадым
ushkin
жігіттерге деп өзгертіңізші тақырыбын. қалған кеңестерге келісем, әсіресе, белдік туралы )
19852407
американдық шериф сияқты бүркіт, барыс басты тоқпақтай өрнекті түрлері
Осы жеріне келгенде өлдім , алматы сахнасында жүрген оралдық бір досымның белдігі бар еді сондай, әлі тастамай тағып, өлең айтып жүр екен «Кеш жарықта»
Abilakim
мойындай кетейін стил қалыптастырған түгім жоқ. Не арзан болса соны алып киіп жүрмін. Мен кимегенді бала-шағам кисін стилі былайша айтқанда))
GulL
о нағыз керек инфо жігіттерге
әсіресе тазалыққа көңіл бөліңдерші, кейде автобусқа мінсең тым жақсы қыз-жігіттер тер сасып тұрады
19852407
Шұлық мәселесін де қойын дәптерлеріңізге түртіп алыңыздаршы. Қара туфлимен немесе қара шалбармен аппақ ұйық киіп алған жігіттерді көрсем  қажып кетем.
Шлепкамен носки киетіндерді мүлде ұға алмаймын. Сосын жазда қап-қара күздік ботинканы (!) қалай киесіздер, аяқ-башпайларыңыз да тірі жан ғой, демалғысы келеді, аямайсыздар ма, әлде расымен де еркектер сондай пофигист, есщо безбүйрексіздер ме?
Zilola
аяқ-башпайларыңыз да тірі жан ғой, демалғысы келеді, аямайсыздар ма
19852407
Мужики, уже лето, не расстраивайте женскую психику, не одевайте шлепки с носками… или трико с туфлями!!!
Gastarbaiter
Ресми түрде модельерлер рұқсат берді сүйретпені шұлықпен киюге.
Gastarbaiter
АЙ БӨРІ ДЕСЕ! АЙ ДА МОЛОДЕЦ!
МЕЙІрім қанып тұрып оқыдым, Керекинфоның GQ бойЫ сияқты қауымдастық ашайық
Ойыңды жинақылап, Ортастастикалы Еркектің табысын ескеріп, суреттерді тақырыпқа сай, тақырыпты нақтырақ, бірнеше постқа бөліп, ашуланбай жазсақ, өте актуалды тақырып.
Айтқаныңның 90 пайызына қосылам.
Стильдік негіздерді білсең, модаға қарамауға да болады.
Erbol
Алматыда өтіп жатқан #prforum-да сән туралы бірнеше порталдың аты аталды. Мына жазбадан кейін, керек болып қалар))) look.tm, hushhush.kz,whoop.kz, gns.kz, clutch.kz, buro247.kz,lookatme.kz (Ашып қарамадым.Жігіттерге арналған ақпаратар табылып қалар)
meirzhan
ФБ-те қыздардың суреттерін лайктай берудің орнына, бір жолы википедияға кіріп, түстер туралы ақпарат ал.
Gastarbaiter
Өзіміздің жігіттердің арасында Нұрғисаның киінгені ұнайды. Ол шымкенттік, бірақ автор айтқандай қап қара боп түнеріп жүрмейд. Өзіндік стилі бар, сөйте тұра киімге керегінен тыс уақыт бөліп, айнаның алдында бес сағат тұрмайтыны, мода қуып, біреуді таң қалдыруға тырыспайтыны білініп тұрады. Өте ұқыпты сосын, бір қарағанда білінед. Егер мода қумайм, киімге көп уақыт жұмсағым келмейд десеңдер, бірақ чинно благородно, дене пошымыңа сай киінем десеңдер Нұрғисадан үйреніңдер, бауырлар.
Simona
Еуропаның маған ұнайтыны, онда қыздар да, ұлдар да қалай киіну керек екенін біледі.
Қосылaм.
Пaйдaлы кеңес. Қaзaқ жiгiттерiне «Модный приговор».
19852407
Түсі жуа-жуа ағарған қапшықтай болған, арзан джинси мен барахолкадан 400 теңгелік Dolce Gavbana, Adidos деген жазуы бар фиолетовый футболкаларды киіп алатын жігіттерге расыменде керек инфо екен
Батырдың стильный, аккурат жігіт екенін кэмптік суреттерден байқадық
monti
бож, уот пост
шаш қоюда кейде адамды онша тартымды етпейді, соңғы кезде ұзын шаш қою қазақ балдарына көп боп кетті, рас беті тегіс, болмаса ақ(қара) бір келкі болса жарасымды болушы ма ед
өзімде қаз шаш жоқ басымда жаман ешқайда шыға алмай қалдым
ПС: сенің(Саттардың) шаш қою стилдерін ұнайды
Aya
өзімде қаз шаш жоқ басымда
Мяяяя)))))Сіз еркек пе едіңіз? Мен ойлап жүрмін ғой сізді ұрғашы жынысты деп???
Rozatai
Сіз еркек пе едіңіз? 
 
мынауың түйеден түскендей сұрақ қой
Zilola
шаш қою қазақ балдарына көп боп кетті, рас беті тегіс, болмаса ақ(қара) бір келкі болса жарасымды болушы ма ед
қосылам, көп ауылдың (тура ауылдың, қаланыкілер ондай емес) жігіттері сол сабалақ шашын жумайды да, беттері безеу, ужассс на, сосын маймыл құсап жүргені, сондай жиеркенішті уощым
Gastarbaiter
Бір жігіттер форумда «ВВ» — Внешний вид — деген арнайы бөлім бар болатын, әлі де бар шығар.
«Модный приговор» демекші, қауымдастық ашсаң, сол жерде реал уақыт режимінде, қалағандар, сыннан қорықпайтындар бастан аяқ бүкіл бойы көрінетіндей суретке түсіп, киімін, шашын, стилін сынатып, иммиджінде өзгеріс жасайтындай ақыл-кеңестер алатындай қылуға болады.
Сөйтіп, аплодисментпен жаңа кейіпінде тағы түсуіне болады, Әділеттің 4,5 айдың нәтижесіндегідей.
Зайцевымыз бар, сыншыларымыз бар, Керекинфомыз нағыз Керек инфоға толыссын деп бастап жіберуге болады.
Жаз қарсаңында ең задроттың задроттары ұяларынан сыртқа өрмелеп шығады. Сондықтан, салғырттыққа жақсы ем боп қалуы да мүмкін.
Қыздар да бойдақ жігіттерді тамашалауға қарсы болмайды деп ойлаймын, ия қыздар??
monti
ага қарсы меспіз)))) бірақ көбі жасырын агенттер ғо оған келсе қоймас балдар, нау жақс идея қыздарда сондай қауымдастық ашып, қандай стил ұстанатынын жазып қана қоймай көрсетіп отса можт стимул болар көбіне
Aya
ага қарсы меспіз))))
әлде қызсыз ба?
Rozatai
әлде қызсыз ба?
Аяжан, саған не болған? Монтиды білмеу күнә ғой!
monti
Монтиды білмеу күнә ғой!
 мені қазіргінің монализасы етіп жібердің ғо
да ужжж Аяның түрі үшін(постары аяусыз сондай) осы жерде іштартушы едім, чета ұрғашы деген сөзіне бола іштарту сезімімді қайтып алсам ба? деп тұрмын
Rozatai
Мона Лизам менің!
Aya
Құрметті, абзал МонтиКешір мені, мана барып профиліңізді қарап келдім)))"Әйел" деп тұр екен
kokbori
Әбден шатыстың ау, қарғам
19852407
Әбден шатысқан тек қана Ая болса жақсы...
asaubota
Каро дизайн деген қандай? мен еш жазусыз, суретсіз футболка киіп, үстіне шолақ көйлек киіп, алдын ашып қоятындарданмын.
Rozatai
Соқырларға арналған, тоқпақтай GAP жазған жемпір алмаңдар. Жарнамалағаны үшін жұрт ақы алады, ал біз тегін жарнамалап жүреміз.

Мына сөз қыздарға да қаратылып айтылған. «Дольче Гавана», «Шанель» деп дәәәәәу әріптермен жазылатын жейделердің көбі оригинал емес.
Жігіттердің жарасымды киінгені жақсы ғой. Өз басым әлі күнге дейін шипр себетіндерді (олар шынымен арамызда жүр) жігіттерді жарытпаймын. Бұлшықеті әдемі боп көрініп тұратын жігіттер соған сәйкес футболкалар кисе күшті болады. Ал, қарны т.б. комплекстері бар жігіттер соны білдірмейтіндей киінсе екен.
Mega Center ішінде орналыскан NEW YORKER’да сатылатын,
Нью-Йоркер — Мегадағы самый худший бутик, одан барахолкадағы киімдер 100 есе күшті шығар.
Батыр, жазбаңызға рахмет! ФБ-да мына пікіріңізден-ақ киімге жақын екеніңізді сезіп ем
оған шүбә жоқ
27 января в 14:03 · Мне нравится · 1

Batyr Hamzauly мағанда шуба жок. кыс бойы женил курткамен жаурап жүрдім.
19852407
Нью-Йоркер — Мегадағы самый худший бутик, одан барахолкадағы киімдер 100 есе күшті шығар.
зато бағалары наилучший десей Розатай
Rozatai
арзан бағаға алғанның пайдасы не, бір күн кимей жыртылып не тозып жатса
aikarakoz
Мы не настолько богаты, чтобы покупать дешевые вещи ©
Adiletshu
Ең басты мәселе көйлектің ішінен футболка киіп, алдын ашып қоймау керек екен
konvict
Маған ұнады. Өте жақсы жазылған. Біраз нәрсе алдым үйренерлік. Бірақ, мына кеңесің Астанада іске аспай қала ма деп ойлап қалдым. Өткенде Артемға барғам. Таразда 2-3 мыңға алатын шалбарды мында 7 мың дегенде алғым келмей қалды. Кеше керуенге барып костюм іздестіріп көріп едім, ұнамады.

П.С. Батыр сенің препатиге дейінгі уақытта киіп жүрген аяқ киімің бір түрлі көрінді маған
VKM
Абай Батырға тиісе бастады))))
konvict
иии, араға от тастамай отыри. Мен киімді дұрыс таңдай алмайтын мәмбеттер қатарынанмын
VKM
Қазір ақшамен кез-келген салонға барсаң, сені супер киіндіріп қоя жвереді ғой, Абай.
Rozatai
Абайдың
алғым келмей қалдысы
боп тұр ғой, Мәлика
Rozatai
Мен киімді дұрыс таңдай алмайтын мәмбеттер қатарынанмын
деген пікірге пүлістер кетіп жатыр
sammita
Артем деген базар ғо, таңдау жоқ. басқа дүкендерді аралап көр.
e_zhalgas
иа, маған да жігіттердің монотонды, сұрқай түстерге ғана оранып жүргендігі ұнамайды. дегенмен, орнымен киіну керек. әйтпесе… әйтпесе не екенін айтпай-ақ қояйын, метросексуалыңдысс
VKM
Жалғас бізде франт)))
e_zhalgas
джинс киіп, футболка/жейдемін шауып жүрген сәнқойлықтың белгісі болса — сенімен келісемін
VKM
сәнқойсың сен, байқалады суреттерден.
Rozatai
Ой, Жалғас, сенің анау жыртық-жыртық женси шалбарың бар ғой, супер+мега+класс!
FaraOn1
Мына пост сәл ерте жазылғанда ғой. Бағана ғана дүкен аралап, не алатынымды білмей каро көйлегін алдым, ішінен футболкі киіп алдын ашып жүрем ғой деп жазда. Әйтпесе біздің жақта құр футболкамен жүрсең суық болады. енді не істесем болады автор? Түмесін салып, ышқырыма қыстырып киейін бе?
aza
Жаксы пост. Осыган карап бари суп супер бокетет деп ойламаймын. Бирак, кейбир керек кенестер бар екен. Сол ушин рахмет, Батыр
Erkekyz
Біздерге де сабақ. Болашақта бөпештерімізге өздері киім таңдап алуға үйрету керек. Сонда олардың өзіндік стильі қалыптасады.
Пост керемет!
Пыс: Мен қазір стильімді өзгеріткім келіп жүр, қыздарға да осындай пост жазылса екен, майда детальдарына дейін түсіндіріліп.
Zilola
қыздарға да осындай пост жазылса екен, майда детальдарына дейін түсіндіріліп
нигі, талғамы жақсы қыздар жазыңдаршы плиииз, өзімізге бір сәт сыртымыздан қарап көрелік, что не так деп
Kipshakkyzy
 джыыыыыыыыынды пост қой мынау!  Респект!
meirzhan
Келесі пост күтеміз. + суреттерімен болса. © Киімді дұрыс таңдай алмайтын мәмбет.
VKM
Мазмұны тамаша пост, бірақ біраз дөрекілеу ме солай шықты.
Gulzhanat
Грамотно и по полочкам! Қыздар жігітке ослай деп ақыл айтса, скажут, придирается деп. Көңілдеріне алып қалады. Из уст мужика — совем другое дело, оказца)
Zilola
қыздармен жабылып жүріп бір жігіттің ішкілігін қойғыздық, енді киім жағын жәймен втирать етіп жүрміз ))
Өзара отырғанда, ұят болды сол баладан деп қоямыз, но біз оған жақсылық тілеп отырып айтамыз ғой кемшіліктерін.
satibaldi
Керемет жазба. Лібә, осылай өз ойымен жазған жазбаға не жетсін, тігейіннің.
Marationok
жалпы пост қызық, жақсы жазылған. сосын, менде де стиль жоқ.
Marationok
айтпақшы фүтбөлке туралы; баяғада, қайбір жылы еді 2002 пе әлде 2003 пе, Basically Basic деген жазуы бар футбөлкені армандаушы едім, жаспын ғой ол кезде, ёпта, қазір есіме түсіп кеткені.
Gastarbaiter
Бізбен аттас, Ақтөбенің қарабет газеті мынауыңды сәндеп-мәндеп өз атынан басжверетін сияқты.
ken
жейде деген көйлек па?
Gastarbaiter
Жақында қайынағам екеуміздің арамызда мынадай пікірталас болды.
Классикалық ақ көйлек, костюмның ішінен киетін) соның ішінен майка киюге болмайды дейді. Пенсионерлер киеді, жастар кисе «лифчик» сияқты боп тұрад дейді, сондықтан тек жалаңаш торсқа кию керек дейді.
Тап мен үшін бұл даулы мәселе. Кэжуал стильде майка кимесем де, ақ көйлекті жалаңаш денеге кисем, терлегенде көйлек арқасында тамшылар көрініп тұрады, ол бір, екіншісі көйлек арқаңа терлеп жабысып жатқаны да ыңғайсыздық тудырады, үшінші мәселе, емшектің ұшы, майкасыз сосоктар көрініп тұрад. Ерсілеу емес пе?
Adiletshu
Іштен тырыстырып майка кисең денең жылы жүреді
asaubota
қайнағаң дұрыс айтады, келісем. ақ көйлектің ішінен ақ майка кию ерсі біртүрлі, шынымен лифчик таққандай көрінеді.

жалпы өзім майка ұнатпайм. тек бір түйір қара майкам бар, күн салқында ғана және просто үйде жүргенде киіледі.
Gastarbaiter
Классика жөнінен Патик та жақсы білуші еді, өзінің он төрт кеңесінде майка туралы ештеңе демеп еді, біраз мақала-таластарды оқыдым баяғыда киюге болатын, қазір мұжықтар қауымдастығы бір ауыздан кимейміз деп шешіпті, ескілік очм, майка киюге болады, тек ішкиім сияқты барлық майкаларды пешке лақтырамыз, спортқа арналғандарын ғана қалдырамыз.
ПС. Көйлек астына киюге арнайы майкалар (эстетично көрінетін) бар дейд. Әлі көрмедім ондайын. Жалпы классик стиль ұнамайд, бірақ амал жоқ, классика на то и классика, тым қатты еркінси алмайсың.
ken
мен майканы қайта шыжыған ыстықта кигім келмейді.
ал былайша кие берем. бірақ кейде кимеймін, егер таза болмаса.
Dinara
Майка емес жеңі бар футболка киеді ғой кейбіреулер көйлектің ішінен, соны қалай түсінуге болады? Өзіме ұнамайды, көрсем ауа жетпей тұрғандай көрінеді киген адамның денесіне өзі ыстық күнде
Gastarbaiter
Қандай көйлек екеніне байланысты шығар, және қай жерде жүргеніңе.
patick
Майка кию керек негізі.
Abilakim
Майкасыз да майкамен де киіп көрдім. Гаста айтқандай той томалаққа барсаң, терлей қалсаң арқаға жабысып қалады. Майкамен киген ыңғайлы секілді. Мүмкін, ыстық күндері майка үстінен қабаттағысы келмейтіндер шығарған заң шығар.
Кабинетіңде кондиционер, машинаңда және бар болса кимей жүруге болады
Gastarbaiter
ОРыстар майка-алкоголичка -дейді екен ақ ішкиім типтес майкаларды)))
Лібә, сол ішкиіммен магазинге баратын заман да болып еді.
Тельняшкі ше Әбіләкім, «блатата» деп Тельняшкіңді бір жыл шешпей киген шығарсың, әскерден кейін.
batyr
көйлектин матерялі өте маңызды. полйестер болса тердеғенде жабысып транспаран боп қалады. бырақ аздап жібек аралас немесе 80 пайыз мақтадан жасалған қөйлек болса солай жабыспайды.

мысалы: www.zara.com/webapp/wcs/stores/servlet/product/kz/ru/zara-S2012/189530/802504/PLAIN%2BOXFORD%2BSHIRT
Gastarbaiter
Полиестер мен акрил көйлектер тоқсаныншы жылда қалған шығар, әсіресе шаруа ақ көйлекке келгенде. Қазір бағасы 4000 мыңнан (Астананың меркасы бөлек болуы мүмкін) бастап 80 пайыз, 95 пайыз мақтадан жасалған көйлек табуға болады. Той-пой тәбәрік пен өлген адамның иісі боп келген көйлектерден ғана байқап қаласың полимер көйлектерді.

Жалпы өзімде тап қазір жаңа 1-ақ ақ көйлегім бар екен.
Қалғандары ескірген, не тар боп қалған, не түсі бөлек
dark_nazgul
лямка майка емес, тұйық, дөңгелек жағалы, иықпен бірдей болып тұратын майка кисе ше? (қалай аталатынын білмейд екем)
Botik11
классика көйлектін ішінен майка кимеу — мамбетизм, тем более онын сыртынан костюм киілсе, торсқа жабыспайтын, «біртүрлі» болып сырғымайтын материалдағы көйлектер болса, исключение. неклассиканын ішінен киюге де кимеуге де болады.
Zhanylai
Жып-жылтыр нәрселерді ешқашан киюші болма. Кисең де менің көзіме көрінбе.
. Кеттім, агентте отырғандарға сілтеме беріп келейін
Daniar-Alan
Кез-келген бутикке кіргенде қара түске секіре берме. (Әсіресе, Шымкенттік жігіттер, сендерге арнайы айтып отырмын!)
«менің қара көйлегімді» тастау керек болды
Daniar-Alan
ұнайййд та бірақ…
Zhanylai
 тастаңыз енді
AKY
 ырза бов оқып шықтым.
Botik11
Қызы мәз-мейрам бірақ сол жігіттің күйіп калған чечилдей бүйра бүйра тасак жүнін дәретхана тасында көруді маған жазған.

с тобой все ясно)))))
asaubota
осы жері мені де күмілжітті
Abilakim
«дәретке отырып тұрған әлгіге Батыр қарайды, анау неге қарайсың дегендей Батырға қарайды, Батыр аспанға қарайды» осылай елестеді маған
asaubota
дәретке отырған емес тұрған шығар?
araika
Авторға сұрақ: Үстіне киген киіміне жараспайды деп жүз мәрте айтсаң да, тастамайтындар болады. Себебі, оны анасы сыйлаған не өзі қатты ұнатады. Осындай жағдайларда не істеуге болады?
batyr
ол егер жолдасын болса: байкамастан кір жугыш машинанын ең ыстық денгийінде жувылып капты десен болады
Gastarbaiter
Ал менің қара көйле---егім,
Лалалай лалай лай лай лай деген бір өлең болушы еді ғой,

Негізі естігем қара түсті көйлек 30 процент адамға ғана жарасады деп.
Ескерілетін нәрсе, ол Европалықтарға қарата айтылған. Негройдтарды қайдам, біздер моңғолойдтардың теріміздің түсі де, шашымыз да бөлек.
Қара түс тек қараторы жігіттерді және шашы ашық қоңыр, сарғыш түстілерді ашпауы мүмкін, ал жоғары контрастты келбет иелеріне (қап қара шаш, аққұба келбеттілер), тым жақсы жарасады.
МӘселен, корей, жапон жігіттерде ақ пен қара түстерді ашық түстермен араластырғанда керемет үндесіп тұрады.

Сондай тип болсаңыз, қарадан қорықпау керек, тек қараңғы түстер мен ашық түстердің балансын сақтасаң болды.
Әркімнің өз түртиптері болады, көзінің түсі мен терісінің, шашының түсіне қарай.
Шаш ал десе, бас алмау керек, рекомендация мен моветонды айыра біліңдер.
ПС: Сосын үрметлі қазззақтар, загар бәріңе жараспайды және бәріңе қажет емес. Еуропалықтардың солярийге деген модасы біздің қазекемдерге жүрмейд. Себебі теріміздің типі бөлек. Загар алсақ өте жұмсақ ғана загар алған дұрыс.
(Мен сияқты вахтовик болсаңдар, бұл сұрақ мазаламайды сізді, бәрімір қап қара боп пісесің)
Daniar-Alan
ал жоғары контрастты келбет иелеріне (қап қара шаш, аққұба келбеттілер
қатарынан деп ойлап қара көйлегімді шешпей ақ қояйынш.
AKA
Красавчик!  Күшті жазылыпты.
Botik11
өте сапалы, сонымен бірге, экстравагантты көрінетін, ерекше салтанатқа арналған, басқа да бағалы ҚАРА көйлек стильді ашады. Әрине, Кімнің киюіне БАЙЛАНЫСТЫ.
Botik11
айтпақшы, Шанель сол заманда біліп айтқан ғой. қазір көбі маусымдық модаларға еліктеп шыға келеді, ал ол жаздың соңына жетпей, өзгеріп кетуі мумкін, талғамсыздар сондай кезде неге сәтсіз киім үлгісін таңдағанын түсіне алмай жатады.
ken
сұрақ: нәски мен туфлидің реңдері бір-біріне жақын болмаса, ол — мәмбеттік болады ма?
Botik11
иа))) классика мен спорттық стиль арасындағы бисексуал стильде мүмкін исключение
Gastarbaiter
Ақ нәскиді тек кроссовкамен кием, спорттық. Туфлиге қою қараңғы түстерді кие беремін. Қара туфлиді қою көк түсті шұлықпен кию мәмбеттік емес деп ойлаймын. Бастысы отырғанда, аяғыңның жүні көрініп тұратындай қысқа болмаса болды.

Бір-ақ тонға айырмашылық болса ештеңе етпейді
Daniar-Alan
менің ойымша түстерге емес, детальдарға көбірек наза аудару керек сияқты. Сағат, галстук, наушник т.б.
patick
Сосын жігіттер, мемлекеттің (қай елдікі болмасын) туы немесе атауы бар футболка кимеңдерш, кисеңдер де үйдің ішінде киіңдерш
Adiletshu
Қазақстанда «Курдистан» деген жазуы бар футболка киіп жүретіндерге қалай қарайсын?
patick
"Қазақстан" дегенге де теріс қараймын
asaubota
жоқ елдің атын жазу, туын ұстау қылмыс шығар? жүргізбеу керек.
Abilakim
келісемін, бірақ «Күрдістан» дегенді, т.б көргенде әйтеуір "Қазақстан" деген футболканы киіп жүргендерді көріп қуанамын кейде. Менің жыныма тиетіні, қазақ балаларының «Россия» деген жазуы бар спортивкалар мен футболкаларды киіп алып жүре беретіні
patick
«Италия» көп сосын )
ken
Ичкерия деген жазуы бар киім киіп жүргендері де бар. шешендер киеді.
Gastarbaiter
Мен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деген көтриоттық футболкамды ара тұра тренажер залына киіп тұрам. Кейде бір салмақтарды алуға дух беред.
Тренажеркада мода көрсетіп, в обтяжку футболкамен, джинсымен жүретіндерге жыным келед.
konvict
Менде "Қазақстан" деген жазуы бар футболкалар көп. Найд өзіме
Gastarbaiter
Қазақстанның туы бар іш киімге де немқұрайлы емес шығарсың
Zilola
менің спецовкам да кетті ма мынаның ішінде?
АҚШтың туы бар куртка
a63a1
Өзіміз нанмен майды ұнатамыз
e_zhalgas
кәдімгідей гламур-тусовкаға айналып шыға келіпсіңдер
mercedes
ой нақ маған поқ! Өзіме ыңғайлы спортивный киімдер болса болды.
Marationok
Осындай ма?
mercedes
дәл мұндай емес енді нақ!
Gastarbaiter
дәл мұндай емес енді нақ!
Бәсе мен де шошып кеттім, құрығанда ана балағын шұлыққа салып алатын шығарсз, салақтатып қоймай.
mercedes
кетей нақ. кросовка мен трико кием ғо
Marco
Көтеріп қойайыншы
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.