Боташымның әкесі...

Блог - ErnarSeytahmet: Боташымның әкесі...
Сіздің өміріңізде қызықты оқиғалар жиі болады ма? Менің өмірім қызықты оқиғаларға толы. Әсіресе бүгінгі күн есімнен шықпасы анық. Нақтылайын.
Отырған ем компьютердің құлағында ойнап, әлеуметтік желі де жалғанып тұр жарықтыққа. Шыр етіп дауыс шықты, вконтактідегі хат келген дауысты барлықтарың естіген шығарыңдар. «мен ешқайда кеткен жоқпын». Қуандым, қызымнан. Дереу мініп автокөлікке кеттім «аруымның ауылына», алғаш көрісуіміз үлкен үзілістен соң, менің қызметіме байланысты кездесе алмаған едік. Жүрек шыр-пыр етеді, аяқта да бұлшық еттер жоғалғандай, қанша жыл спортпен, әсіресе жүгіріспен айнлысам да. Күтіп тұр екен, мен оның бұл ісіне таң қалдым. Қай уақытта шыққанымды біліп, қай уақытта келерімді есептеп қойған ғой ботақаным(!). Күлімдеген дидарымен қарсы шығып алдымнан, қол ұстасып кете бардық қыдырып. Осы ауылға алғаш келуім болғандықтан мені ауылымен таныстырғысы келді. Бір білгені болды ма, әйтеуір алдымен әскери коммисариатты көрсетті, «әрбір ер әскерге бару керек қой» деген сөзіме. Мен үндемедім, мемлекетімді қорғау менің үлкен арманым еді, ел қатарлы қару ұстап, қаһарлы күнде қаймықпай қанжар қадау қарсы келгенге. Тағы бір жаққа әдемі көздерімен, ботадай көздерімен қарап: «Ал анау жергілікті АХАЖ бөлімі, білесің бе?» деді. «Керек болады» дедім ішімнен, бір алыстағы күнге ой салып. Қол ұстасып ессіз келе жатыр ек, дереу қолын жұлып алды менің қолымнан. Ештеме сезбеген мен тағы алдым, мен үшін аяулы алақанын боташымның, алдымыздан бір адамның шығып қалғанын көрсем де, оның әкесі екенің білмегенімді қайтем!?!
— Ассалаумағалейкүм!
— Уағалейкүмассалам! Қызым, анаң үйде ме?
— Жоқ, мен қазір келемін…
Біз жүре бердік. Беті әжімге толған әкесінің ойында не болғанын кім білсін. Әлде кенже қызының үлкен қыздары секілді бір күні үйінен кететінін сезгеннен бе, маған жымия қарап кете барды. Осы кезде өз әкемнің жездемді алғаш көргендегі сөзі ойыма оралды: «Балапаным үйімнен бір күні кетеді деген ойдан-ақ жүрегім жарылып, жаныма жұрт естімеген қорқыныш ұялайды, қайтейін, қыз жат жерлік.»! Міне, әке бейнесі қаншалықты берік қамал болып көрінсе, жүрегі соншалықты нәзік екенің осы сөзден-ақ көрінді маған. Ботамның әкесінің жүрегі де осы сәтте сондай сезімде болған шығар-ау…
Бөлісу:

11 пікір

zholantai
Сіздің өміріңізде қызықты оқиғалар жиі болады ма? Менің өмірім қызықты оқиғаларға толы. Әсіресе бүгінгі күн есімнен шықпасы анық. Нақтылайын.
мына сөйлемдерді қабылдамай тастадым-дағыны, нуу норм оқып шықтым. бі жазбалар болад ғо, өлең сияқты оқылатын, сондай ма, бірдеңе әйтеуір, плюстедім корош
dark_nazgul
Сіздің өміріңізде қызықты оқиғалар жиі болады ма? Менің өмірім қызықты оқиғаларға толы.
преамбуласыз жазылса керемет жазба болар еді. Бейтарап қалдым.
ErnarSeytahmet
есте ұстармын)рахмет)
kariim
Көңіліңізге тимесін, бұлыңғырлау екен.
ErnarSeytahmet
тиген жоқ) келесі жазбаларым ұнар деген үміттемін…
Ispek92
Авторың не дегісі келгенін мен ғана түсіне алмадым ба тек?! Миым қабылдамады ма, сондай бір бәле…
ken
Баяндаушы қыздың әкесі ма, жігіті ма?
ErnarSeytahmet
қайтадан оқып түсінерсіз деп үміттемһнемін.)
Emilia
Мықты қыз екен ауылда қол ұстасып жүрген.
AsylNazar
Менинше, Ернар акенин балага деген кимастык сезимин баяндагысы келген сиякты…