Хохляндиядағы соңғы күндер немесе Севастополь портына саяхат

Украинадағы күндер де аяқталды, міне… Қызық… 2 ай бойы сыртта жүрсем де, алыстығын еш сезінбедім. Ол үшін интернетке мың алғыс: Агент, Фейсбук, Керекинфо жападан-жалғыз отырған кештерді мәнді етті. Бәрібір кейін қайтатыныңды біліп тұрғасын (иншалла!) жылауық сағынышқа да жүрегімнен орын болмады. Тек қана позитив.
Осындағы достарға да рахметімді айтамын: «Әпкееее» деп жымиып тұратын Теріскейге, «Өйт-бүйт» деп кеңес айтып тұратын Жаннаға, «Бұқақақалап» жыныма тиетін Қарасақалға, «Шрақ, слм» деп позитив ұсынатын Монтиға, аздап қанымды ішкен Гастаға, арасында отпускке қашып кеткен Саммитаға, керемет сюжеттерімен өлтірген Сатекеңе, өлең арнаған Қисыққа… бәріне, бәріне!
Осымен сентиментті кіріспе аяқталды, көптен ерініп, жазам деп жүрген тақырыпқа кезек берейік.
Севастопольде ежелден-ақ Ресей флоты болғаны белгілі. Қазір де онда әжептәуір үлкен Ресей флоты мен азғантай ғана Украина флоты сақталуда. Украина ұлтшылдарының қарсы болғанына қарамастан, екі жақ келісімге келіп, әскери кемелер бухтада сап түзеуде.
Ендігі кезекті суреттерге берейік. Бізге бәрін көрсетпеген болар, себебі нағыз әскери кемелерді көре алмадым, негізінен, көмекші кемелер. Әрі катер тез жүріп, қолымнан келгенше түсірдім енді. Сапасына айып етпессіздер деп, стандартты фразаны қыстыра кетейін.
911, 912, 913-«Иван Голубец», «Турбинист», «Ковровец» теңіз тральщиктері: миналарды залалсыздандыруға арналған кемелер.

Сол жақта: «КИЛ-158» Килекторлы кеме рейдтік құрылғыларды көтеруге арналған.
Оң жақта: «Сетунь» кабельді кемесі су асты байланыс кабельдерін жүргізу және жөндеуге арналған.


Жүзбе шеберхана «ПМ-138»

«Енисей» госпиталдық кемесі

Сол жақта: «Владимирец»-060 қайыққа қарсы кіші кеме
Оң жақта: «Муромец»-064 қайыққа қарсы кіші кеме


«Енисейден» бері қарай «Экватор» және «Приазовье» барлау кемелері

«Ямал»-156 үлкен десанттық кемесі

Сол жақта: «МБ-23»Теңіз буксирі

Мынаны су асты қайығына ұқсаттым)) Тот басып кеткен бе, қалай өзі))

«Батып кеткен кемеге ескерткіш»

Басқа да кемелер))

Саяхат кемесі

Кеме жөндеу зауыты

М.В. Ломоносов атындағы ММУ филиалы (тақырыпқа қатыссыз болса да)

Севастополь жанындағы Балаклава деген қалашық – яхталар, қайықтар мен катерлердің мекені болып табылады. Ұзынқұлаққа сенсек, бұл жерде Янукович пен Тимошенконың да яхталары тұр дейді))) Қайсысы екенін өздерің тауып алыңдар

Осымен, бітті)))) Арғыкүні қайтам уже, уря! Енді басқа жерлерде кездесейік))
Бөлісу:

33 пікір

Altygradus
су асты кемесі джынды екен, сюреті
саяхат кемелері деген соң да кемелер бармед, көрінби тұр
AKY
Тұр ғой)))) Ұзыыыын, аппақ.
Altygradus
аа енді көрінді
VKM
күүүүшті! Білім базама суреттер қосылып, супер болыватр)
satibaldi
«Иван Голубец»
Бейформалдардың кемесі…
blackbeard
Бұқақақалап» жыныма тиетін Қарасақалға
Ua, Asman hukimdarlary, meni osylai kemsitkender khokholdarga turmyska shygyp ketsin
AKY
Қойей, кемсіткем жо қо
blackbeard
Moiyndamagandar Shymkentke kelin bop tussin
AKY
Altygradus
Moiyndamagandar Shymkentke kelin bop tussin
жаман қарғыс сияқты ғып айттың ғой
balzaminka
ne degen kop keme?! Titanik, Britaniyalardn okigalarn okygannan kein keme degennen olerdei korkam, kemefobiyam bar ))
AKY
)))) Булгариядан кейін ващще, теплоходтардан да қорқом деЧ))))
Gulistan
Кемелер сондай айбынды көрінеді екен.
Қайтарға таман қуаныш пн қимастық қатар жүреді ғой. Елге аман-есен орал!
Пікір түзетілген: 15 шілде 2011, 10:09
AKY
Рахмет! Ондай қимастықты сезініп жатқан жоқпын, кейін сағынбасам))))
sammita
тұяқтан тұяқ қалмаған шығар, бәрін аралап. Демалысың жақсы өтіпті
Lyaila
ооо! Кеменің «жеті атасы» бар ғой мұнда «Енисей» госпиталдық кемесі  Қызмет көрсетудің барлық саласы кемемен байланысты сияқты
satibaldi
"Қалқымалы әжетхана" қызметін де алғаш шығарып жүрген украиндер.
AKY
Бәрі әскермен байланысты ғой. «Енисей», мысалы, соғыста жараланған жауынгерлерді емдеген.
Пікір түзетілген: 15 шілде 2011, 13:18
asaubota
Константин Паустовский деген пароход тірі ме екен?
AKY
Ол жағын білмедім))) Орыстардың мақтанышы «Москваны» да көрсетпеді ғой(
AKY
Кеме деп, міне, осыны айт! «Москва» гвардиялық ракеталық крейсері
satibaldi
Сорлы кеме. Ана 130 милиммтерлік зеңбіректерінен қазір заңсыз балық аулап жүрген браконьерлер де қорықпайды. Әбден тозығы жеткен металлолом, Сіз көргенде — Түркияға металлоломға тапсыруға жүзіп бара жатқан да шығар.
AKY
Көргем жоқ дедім ғой
satibaldi
Сыртына «Ойыл-80» деп жазып кетіп пе едің?
asaubota
шамалы понт ұстайын да, зайып ал
Gastarbaiter
=)
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 13:12
monti
Шрақ, елге жақс кел 
суреттер күчт шыққан
JAKO
Саяхат кемесі ұнады,өзімдікі болса ғой, бірақ ауылда ол сиятын арық жоқ.