Хохляндиядағы соңғы күндер немесе Севастополь портына саяхат

Украинадағы күндер де аяқталды, міне… Қызық… 2 ай бойы сыртта жүрсем де, алыстығын еш сезінбедім. Ол үшін интернетке мың алғыс: Агент, Фейсбук, Керекинфо жападан-жалғыз отырған кештерді мәнді етті. Бәрібір кейін қайтатыныңды біліп тұрғасын (иншалла!) жылауық сағынышқа да жүрегімнен орын болмады. Тек қана позитив.
Осындағы достарға да рахметімді айтамын: «Әпкееее» деп жымиып тұратын Теріскейге, «Өйт-бүйт» деп кеңес айтып тұратын Жаннаға, «Бұқақақалап» жыныма тиетін Қарасақалға, «Шрақ, слм» деп позитив ұсынатын Монтиға, аздап қанымды ішкен Гастаға, арасында отпускке қашып кеткен Саммитаға, керемет сюжеттерімен өлтірген Сатекеңе, өлең арнаған Қисыққа… бәріне, бәріне!
Әрі қарай

Дельфинарий. Теңіз мысықтары

@Gulistan «дельфинарийден репортаж қайда» депті)))) Ощм, баруын бардым, өте ұнады. Әсіресе теңіз мысықтарына жлъядым. Өте сүйкімді әрі ақылды жануарлар екен. Жүргізуші әйел де барын салып тұрды, дауыс интонациясы енді күшті Шоуды көруге келген кішкентай балалардың эмоциялары керемет, бәрі мәз-мейрам болды.
Көп сөйлей бермей, «біткенский» фотигіммен түсірген видеоммен бөлісейін. Ерінбесеңдер, қарай салыңдар)

Пы сы: бағасы 100 гривень, яғни, шамамен 2000 теңге.
Әрі қарай

Воронцов сарайы

Жолымыз түсіп, Ялтаға 20 км жерде орналасқан Алупка селосындағы Воронцов сарайына барғанбыз. Сарай 1828-1848 жылдар аралығында Новороссийск өлкесінің генерал-губернаторы граф М.С. Воронцовтың жазғы резиденциясы ретінде салынған. Айналасын қоршаған бақты дарынды неміс ботанигі Карл Антонович Кебах 1824-1851 жылдар аралығында өсіріпті.
Воронцов сарайының сырт келбеті
Әрі қарай