«Біз 25 жасымызда»… Үлкендердің осылай басталатын әңгімесін талай естідік (тұра-тұр, соңғы кездері өзім де айтып жүрген жоқпын ба осы?). Тіпті өлеңнің өзі қаншама?! Үйткен 25, бүйткен 25, сағындырған 25, жай 25… Стоп! Сонда 26 тоқалдан туып па? Екеуінің арасы 12 ай, 365 күн ғана емес пе? Бұлай болмас. 26 жасқа неге ән арнамасқа?!
Сән үлгісі — ережесі үнемі өзгеріп тұратын ойын. Сол ойында Сіздің орныңыз қандай? Кейбіреулер қолды бәріне бір сілтеп, өзін қандай киімде ыңғайлы сезінеді, сондай киім киіп жүре береді. Егер киген киіміңіз дене бітіміңізге сай келмей тұрса,
Елдерге блогиада азық болып, пост қаптапты ғой. Мен де бірінші постымды жазып көріп отырмын. Пост болғанда сауалнама. Бірінші турдың қорытындысы бойынша ең үздік жазба қайсы? Дауыс беріңіз.
Ақ өлім, сары ауру, тіпті қызылша. Бізде адам басына келетін дерт-нәубеттерді белгілі бір түске шырмап қою сирек кездесетін жайт емес. Бірақ бүгінгі біздің тақырыбымыз, көк індет — негізінен, адамның өз еркімен таңдап алатын құбылысы. Сондықтан індет делінуі шартты да шығар.
О, жоқ, жоқ, үркімеңіздер. Көк індеттің көгілдірлерге тікелей түк қатысы жоқ. «Көк індет» деп ғылымда татуировкаларға құмарлықты айтады. «Коловрат» тобының әнінде шырқалып, таралып кеткен бұл тіркестің мәнін, яки денесінің әлем-жапырақ суреттеріне психологиялық тәуелділікті қазақша бұған дейін тәржімалау кемшін-тін, сондықтан көк індет деп шартты түрде атап алайық. "Синяя болезньді" көк ауру емес, көк індет деп аударуыма түрткі — дыбыс үндестігі ғана, айыпқа бұйырмассыздар.
Өткен жылғы Блогиада чемпионы Асқар Базарбай биылғы жарыстарға қатыспайды. Бір жыл өткізіп барып, одан кейінгі додаларға қатысады.
— Миллион қалай құртылды?
— Миллион теңгенің 1/6 бөлігі ұсақ түйекке, ал қалғаны ешқайда құрыған жоқ әлі.
— Биылғы жарыстарға қатыспай жюри болсаң деген ұсынысым бар. Қалай қарайсың?
— Негізі өзім жобаны насихаттауға, қызығын келтіріп, реалити шоуға айналдыруға үлес қоссам дегенмін. Былтырғы блогиаданың «тамадалығын» орта жолдан болса да, Мерей Ермұханов қыздырған еді. Бірақ жүректің қалауы мен мүмкіндік бірдей бола бермейді. Сосын, тірлікті жартылай жасап, әдемі әнді бүлдіретін пұшық болғым келмеді, ал толық берілу үшін, тағы бір жыл мониторға байлануым керек екен. Қалай болғанда да, жобаны маңайлап жүрерім анық еді. Жюрилікке келсем, келесі жылдың үздігін таңдауға қуана қатысар едім. Кішкентай болса да, билік пен мәртебе ғой қайткенмен, хахаха (маньяктарша қарқылдаған күлкі). Дей тұра, ең алдымен әр қайсысының шыңдалуына дем беруші ретінде де көргім келеді өзімді. Шүкір, объективтілігін өзіме үлгі ететін адамдар бар.
— Жастар арасынан биыл кімдер жарқ етуі мүмкін?
— Былтыр блогиадамен қатар бірнеше үлкенді-кішілі сайыстарда көрініп үлгергендер мен блогиаданың болатынын кеш естіп қалғандардан шығатын шығар. Нақты айта алмаймын.
— Биылғы Блогиадада қандай тақырыптардың, форматтардың қамтылғанын қалар едің?
— Менталитет, кино, тіл (бетіңді баспай тұра тұр, танымдық тұрғыда, талқылық емес), тұрмыс, сондай-ақ, былтыр қамтылмаған блоггингтің қырлары, мысалы үздік рерайтинг, қысқа видеороликтер дің озвучкасы, әрине әзілдің тақырып емес, формат болып тақырыпен бірге берілгенін қалар едім. Мысалы, «Тылсым күштер» тақырыбы, формат әзіл. Шолулар, үздік ондықтар, батлдар, сауалнама мен статистикалар, бәрін көргім келеді.
— Қатысушыларға берер кеңестерің?
— Бас жүлдені алу үшін финалға өту керек, ал финалға өту үшін сегіздікке кіру керек, ал ол үшін он алтылыққа. Былай қарасаң, топасқа да түсінікті математика. Бірақ, «бірінші раунд жай қыздырыну ғой, үшінші раундтан бастап айырам» деген оймен, шықсаңыз, жас та менмен боксердің көбі секілді бірінші раундта нокаут алып, не болғанын түсінбей қалуыңыз бек мүмкін. Әрбір тур финал деп есептеңіз.
Төрт күн өткен екен. Иә, осыдан төрт күн бұрын Асқар Базарбай (Gastarbaiter ) Блогиаданың миллионын жеңіп алған болатын. Сегіз айға созылған сайысты әлде де соза бермей-ақ, көзіңіздің майын тауысатын сұхбатты назарыңызға ұсынамын. Жо-жоқ, Елбасымен сұхбаттасқам жоқ. :) Журналистерің шәй ішіп қайтты ғой. Мен біреу білсе екеуі білмейтін, үшеуі күдіктеніп сенбейтін, төртіншісі мән бермейтін атақты Бөрібай Бекарыспен шәй ішпей-ақ сұхбаттасқан едім.
Таныдыңыз ба? ;) Блогиада тарихында жазбаларға алғаш шолу жасаған Бөрібай Бекарысымыз (Boribay_Bekarys ) — өзіміздің Мерей Ермұханов (MERmukhanov ). :) — Мерей, негізі қай жақтансыз? Қайда жұмыс істейсіз/оқисыз?
— Күн қайырлы болғай! Адамдар да. Сұхбат жасайтындай тау қопарып, тас қазған жоқпыз. Әншейінде понторез басым біртүрлі именіп отырмын. Енді Керектегі біраз қауым біледі, сонда да саған таныстық қылайын. Менен гөрі Бөрібай деген азаматты жақсырақ білесің ғой деймін. :) Ақтөбенің Ойыл деген кентіненмін. Ол жақтан шоқтығы биік Шернияз жырау мен тарыдан рекорд жасаған Шығанақ шал шыққан. Иә, сосын осы сайттың әкімшісі, Қазнеттің тіректерінің бірі Аршат Ораз (asaubota ) деген біреу де сол елдікі.
Иә, мен Ойылдан он жасымнан кетіп, қалада оқығам, интернатта тұрғам. Демалыс сайын Аршаттың мамасы не қарындастары алып кетуші еді, сол үйде жиі болатынмын. Ол кезде ол Түркияда оқуда болатын. Не дейін, ол мені бөле дейді, мен оны бөле деймін, ақиқат осы екеуінің бірінде шығар. :) Жұмысым қоғамдық салада, партиялардың бірінде (бірінде деп қоям, ә!) жастар бағытының аналитигімін. Жұмыс атмосферасы, ритмі мен реті өзіме ұнайды. Сондықтан айырып жатқан жалақым жоқ, оған қарап жүргем жоқ. Оқу оқып болдым, бәрін тауыспасам да, екі магистрлік дипломым, шетелдік тағыламдамам бар. Негізгі мамандығым – Мемлекеттік жергілікті басқару. Бірақ мемлекеттік қызметте осы кезеңде қызмет жасауға құлқым жоқ. — Керекинфоға қалай келдіңіз?
— Қарасам, Керекинфоға тіркелуім 2011 жылы екен. Сол бірнеше минуттан кейін екі жылға ұмытып кеткендеймін. 2013 жылы еске түсіп, алғашқы постым – Парижді нәжіске былғауға бағытталған фотореп болды. Былай жақсы қабылданды. Шамасы, Аршат ескертсе керек, "Өлеңдерің болса да, жариялауға болады" деген тіркес есімде қалыпты. — Блогиада жайлы не айтасыз? Блогиадааралық сайыстағы жеңісіңіз туралы да айта кетсеңіз.
— Блогиада жайлы тек жағымды пікір айтамын. Жағымсызы болса, оны да айтар қатысушы көп қой. Қазнет үшін теңдессіз жоба, тамаша посттар сыйлаған бастама. Азаматхан Әміртай – красавчик! Жоба менеджерлері де. :) Шама-шарқымша оқып жүрдім. Әсіресе, Керектегілерді. Блогиада үздігі – Асқар, шынымен, ең мықты блогер болуы мүмкін. Бірақ принципиалды түрде бұл жоба ең талантты не ең креативті, ең шебер блогерді анықтамайды. Ең үздік блогерді анықтайды делік, бірақ ол көптегеееееен элементтерден тұрады. Тұрақтылық. Апта сайын жаңадан туған баладай, «зықыны алды» демей, жаңғыра пост жазу, анда-мында жүру ептілігі, жеткізу шешендігі, жалпы, аққан тер мен адымдаған жермен өлшенетін ауыр еңбек. Мен өзім мұндайға төзе алмас ем, сол үшін қатысушыларға ризамын.
Блогиадааралық сайыс жайлы несін айтайын, еркін тақырып, еркін формат. Ортаға тиын тіктік, жарыстық. Сол кез бір он шақты күн еңбек демалысым еді. Ақтөбеде жүріп қоғамдағы тізесі шыққан мәселелердің бірі – жезөкшелікке келу жайлы қыңыр тілмен жазба әзірледім. Оларды аралауға тура келген жоқ, қиялыма сүйендім. Жеңуге ниет болды, Сатыбалдыдан (satibaldi ) қорықтым. Бірақ ол аса байсалдылық танытпады ма, еріккен жазба жазды да, жеңіп кете салдық қой. Иә, Асқар Базарбай мен Өркен Кенжебек 10 балл берді. Назгүлдің (dark_nazgul ) баллын айтпаймын. ;) — Блогиадада Бөрібай Бекарыс боп шолу жасадыңыз. Шолу жасау идеясы қалай пайда болды?
— Мен? Алмас Көзілдірік (kozildirik ) не Нұрберген Мақым (nurbergen_makym ) емес пе не? Әлде Асқардың өзі ме? Хехе, бәріне кінәлі Асқар Базарбай. Менде жалпы өзімнің блогер екеніме күмән бар, мотивация атымен аз. Енді жаңа/дұрыс анықтама бойынша, блогым бар болғасын блогер шығармын. Бірақ оны жүргізуге былай да ниет ат төбеліндей. Оның үстіне Блогиада блогерлерінің сайыстық посттары одан сайын құртып жіберді. Асқар үшінші кезеңде хабарласып, ұсыныс жасады. Базынасын айтты, әмір етті, қалай болғанда да «Жазуың керек!» деді. Шамасы, блогиадааралық сайыстан бір мүләйімсіген ұшқын байқаған шығар. — Бөрібай боп жүргенде қандай қиындықтар болды?
— Фейсбук желісіндегі Бөрібай бұрыннан болатын, ол менің пошталарымның біріне жалғаулы еді. Аты-жөнін өзгертпей-ақ, осы атпен блог ашып, бастап кеттік қой. Турнирлік мотивация емес, аса бір қиналыссыз, қалай қарай бұрғым келді, солай жаздым. Бір турда Асқарға қарсы қуаттап, айдап-айдап салдым. Ал ол өзі менің кім екенімді біледі ғой. :) Тағы бір турда өзімнің Асқар екенімді ашып жаздым. Жалпы, қызық көп болды. Жұмыс бабымен Қытайға екі аптаға кеткен кезімде қиындау болды. Жұмыс жасап/қыдырып жүрген адамда аса қатты жай да, стимул да бола бермейді екен. Сол жазбамды үйтіп-бүйтіп жазып шықтым. Аса бір маңызсыз, келеке етіп, тілді орынды-орынсыз ойнатып… Жалпы, мағынасы дұрыс, бірақ «Рейтингтерге рейд» атты жазбамды қарасаңыз, өзіңіз де біртүрлі екенін байқайсыз.
Ең қызығы, Қытайда фейсбук бұғауланған, ал маған әлеуметтік желіге де сілтеме тастау керек дегендей. Оны да сол жақтан бұзып кіріп, бірдеңе қылдық қой. Бір-екі адам сол кезде біліп қойды деп ойлаймын. Мысалы, Әйгерім Тоқсанбек қарындасым. Бәлки, геопозиция айқындалған шығар. ;) Жалпы, өзім үшін де шолу жасау процесі эксперименттерге толы болды. Бәрі де жеуге жарамды болғанымен, бір турда артығымен фонетиканы ойнатып, бір турда лексикамен, бір турда сырт факттер мен тым ақылгөй ілімдер қосып… Алқаштың қаламында бұл қайдан жүр дейсіз, ә?! :) — Алғашқы фурордан кейін қандай күйді кештіңіз?
— Хех, фурор артық айтылған сөз. Априори беймәлім біреу тәуір жазба жазса, фурор сияқты қабылданады. Егер мұны Мерей Ермұханов жазғанда қалыпты қабылданар еді. Сондықтан фейкпен жазғаныма қуанамын, жалпы құныңды да білесің, шын бағаңды да естисің. Әйтпесе, біреу жақсы көріп, ренжітпейін деп мақтай салар еді. Біреу араз болып, даттап кетер еді. Жалпы, ешқандай фурор болған жоқ және күй кешпедім. Жұмыси атмосфера болды, көрерменге ұнады. Болды, сол ғана. :) — Бөрібай болғаныңызда идея жағынан, жалпы, шолуыңызға кеңес айтып, көмектескендер болды ма?
— Асқар ең басында жалпы бағыт, кеңес айтқан шығар. Кейін оған араласуға болмайды ғой, ол – қатысушы, мен – сарапшы, объективтілік… Басқа ниеттілерден сен ғой, танымасаң да, суреттер жасаған. :) — Псевдонимді неге Бөрібай Бекарыс деп таңдадыңыз?
— Дайын материал болатын. Оны ертеректе бір шаруаға керек болар деп, жұмыс бабымен ашып едім, ол одан керек болмай қалды. Сосын дәл сол атпен Керекке бара қойдым. Кіші жүзге де, Асқардың ұлына да, Көкбөрі (kokbori ) не Кеулімжайға (AKY ) да қатысы жоқ. ;) — Шолуды неге бірінші кезеңнен бастамадыңыз?
— Зорығып өлсін дейсің бе? :) Блогиада басталғанда шолушы болу ойымда болған да жоқ. Бұйырған уақытында кірістік қой. Миттельшпильде. Жалпы, бірінші турға кіріспес бұрын бұған дейінгі жазбаларды оқыдым. Сол себепті Нұрбергеннің идеясыздығын да, Жандос шығып кеткеннен кейін ол жайлы да бірнеше жерде жаздым-ау деймін. Соңғы тур кезінде де шолып шықтым. — Шолулар жасаудағы шеберлігіңіздің себебі неде?
— Шеберлігіміздің сыры – сенің суреттеріңде. Уахахаха! :) Шеберлік деп қомпитпайық. Жаза алу қабілетім бұрыннан бар, ана тілімді жақсы көрем, өлең жазам. Былай шала шабыт, пайдаланылмаған әлеует, немқұрайлы көзқарас. Жалпы, тіл – жақсы көре отырып, пайдаланып кеткенге ренжімейтін жалғыз субъект. Аяусыз эксплуатация үшін ешкім айыптамайды. — Әр жазбагерді жақсы танитыныңыз байқалды, блогосфераға қашаннан қызығып жүрсіз?
— Блогосфераға қызыққанда… Мен білмеймін, блогым бар әйтеуір, болды. Блогерлермен жеке таныстығымыз бар, сондықтан блогосфераға да сіңе бастайтын шығарсың. Біреуге туыс боп жаралдық, біреуге құрдас боп, біреулермен Домбыра патиде білістік дегендей. Сонсоң әлеуметтік желіден ғой, әрине. Жеке таныстық, біліктерді сирек пайдаландым, әрине. Максималды объективті болуға тырыстым. Себебі кей қатысушыларға көмек қолын созып, ол жазбалар қалай туғанын да білетінмін. Адами қатынасымыз да объективтілігіме әсер етпеді деп санаймын. Әртүрлі көңіл-күй, қатынас болған кездер де болды. Бірақ Бөрібай – қатаң, құрғақ, мүлдем бөтен адам. Мен, жалпы, Бөрібаймен 100 пайыз келісем дей алмаймын, 95 пайыз шығар. ;) — Келесі Блогиадаға қатысасыз ба? Тағы да шолулар бола ма?
— Келесі жылы болса, қатыспаймын, шолу да жасамайтыным түсінікті. Бірақ жанашыр болып, оқырмандық танытам. Апта сайын тапсырмамен блог жазу – менің жолым емес. Миллион – тамаша мотивация, әрине. Бірақ мен Асқардан гөрі Нұрберген, Димаштардың (qisyq ) сортынанмын. Шеберлік жөнінен болмасам да, жарты жолда тастап кететінім анық. ;) Шолу жасауға Перібай Жанарыс деген біреу шығатын шығар мүмкін. :) — Блогиаданың бір турына сыйлық тіккен екенсіз. Сол жайында не айтасыз?
— Ол кезде турға ұсақ сыйлық тіге беретін. Мысалы, бірлік секілді. Кейін бұл дәстүр жоғалды. Мен бала тақырыбына орай Хэппилон орталығына карталар тіктім. Сол турды осы блогиаданың үш жүлдегері жеңіп алғаны есімде. 10 ұпайдан алған Асқар мен Әйгерім болатын. Әйгерімді бірінші орынға қойдым, оған 3 карта бұйырды. Одан кейін не көбірек қаржылы, не ешқандай деген сыйлықтар болуы тиіс боп кетті-ау деймін. — Бөрібай болған кезіңізде жұрт қанша уақыт ішінде Мерей екеніңізді білді?
— Асқар – бастамашы, Админ тіркелген сәтімнен, Базука (bazuka ) көп ұзамай фейсбуктан біліп қойды. Одан өзге ешкім айқын білген жоқ осы күнге дейін. — Қандай кітаптар оқисыз? Сүйікті авторларыңыз?
— Бұйырған кітап оқимын, қазір оқымаймын. Поэзия оқуға зауқым жоқ, өзім жазып қалсам, оқыса деймін бірақ, ә?! Шетел әдебиетін көбірек оқимын, бала күнде қазақ әдебиетін оқығам. Сүйікт автор – Сатыбалды Кербабаев десем, қалай болады? :) Хаха, Бернард Шоуды әзіл сезімі үшін һәм Исламға көзқарасы үшін жақсы көрем. Ремарк, Хаггард, Хемингуэй, Конан Дойл боп қалады. Твен – еркек! Төлен Әбдік – қызық. Иә, Қадыр Мырза Әлі балалығымның кумиріне жақын. Қазір арнайы оқуға мүмкіндік жоқ, болса да, өзімнің ақымақтығымнан оқымайтынымды тағы мәлімдеймін. — Сүйікті киноңыз қандай?
— Шүкірлік қылатын жыл. Жұмысымнан да, іс-шаралардан да ләззат алған жыл. Ағам үйленіп, жол ашылған жыл. Шетелдерге іссапарға барған жыл. Қызығы да, шыжығы да көп жыл. Бөрібай Бекарыс Мерей Ермұхановтың блогын өлтіріп тастаған жыл. Қалай ойлайсыз, оның рейтингінің менен артып, "Құрметті қолданушы" болуы қаншалықты релевантты?! ;) — Келер жылға қандай жоспарларыңыз бар? Керекинфо жамағатына тілегіңіз болса...
— Жоспарым бірнеше бағытта. Біреуі – анда-санда блог жазып тұру, баяғыдай. Қалғандарын айтпаймын. Керектіктерге денсаулық тілеймін, қалғанын өздері жасап алады. Отбасына амандық және пәтер тілеймін. Алла жар болсын!
— Сұхбатыңызға рақмет! Жаңа жыл құтты болсын! :)Идея авторы — Асқар Базарбай, фото авторы — Исабек Жұбаныш (Ispek92 ), сұхбаттасқан — Мен. ;)
Қазақ блогерлері арасында наурыз айында басталған Блогиада жарысы өз мәресіне жетті. “Инвесторлар альянсының” демеушілігімен өткен Блогиада қорытындысы 18 желтоқсан күні Астана қаласындағы Multispace коворкинг орталығында өтті.
Жарысқа Алматы, СҚО, ОҚО, Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 31 блогер қатысты. Қатысушылардың ең жасы 18, ең үлкені 33 жаста. Конкурстық жазбалар Қазнеттегі 13 түрлі блогта жарияланды. Жалпы 8 ай ішінде Блогиадада 338 пост жазылды.
8 айлық марафонның нәтижесінде 1-ші орынды Қызылорда облысынан ағылшын тілі аудармашысы Асқар Базарбай иеленді. Жүлдегер финалистер қатарына танымал блогер, Kaztube порталында жоба жүргізуші Эльвира Ерғалина, Еуразия Ұлттық Университетінде мұғалім Әйгерім Кеулімжай, ОРТ-Еуразия телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов кірді. Бас жүлде иесіне “Инвесторлар Альянсы” президенті Азаматхан Әміртай 1.000.000 теңге табыстады, ал финалға өткен жүлдегерлерге 100.000 теңгеден сыйақы берілді.
Блогиадаға бір ән арналмаса оғаш шығар? :) Барлық қатысушылардың атынан «Блогиадашылар әнін» қабыл алыңыздар.
Орындайтын Асқар Базарбай.
Блогиадашылар әні
Сөзі: Әйгерім Кеулімжай
Әні: Асқар Базарбай
1. Көктем қызу басталды,
Көркем көңіл, жас жанды
Отыз екі блоггер,
Сақадай-сай аттандық.
Тақырыпқа сан түрлі,
Сюжет іздеп шарқ ұрдық.
Фотореп, видеореп,
Апта бойы бар тірлік.
Қайырмасы:
Бұл – блогиада, блогшының сапары,
Бұл – блогиада, біз шынығып, ысылған!
Бұл – блогиада, контентке сапалы,
Бұл – блогиада, миллионын ұсынған!
2. «Он екіге он қалды!»
Жазбаменен байсалды,
Пікірталас туғызып,
Оқырманға ой салдық.
Жегідей жеп сан күдік,
Бағаларды аңдыдық.
Әділдіктің бес қазы
Символы ғой мәңгілік!
Қайырмасы:
Бұл – блогиада, блогшының сапары,
Бұл – блогиада, біз шынығып, ысылған!
Бұл – блогиада, контентке сапалы,
Бұл – блогиада, миллионын ұсынған!
3.Сең қозғалып, жөңкілді.
Өткір ойлы, өр тілді
Блогшылардың үнінен,
Қазнет қайта серпілді!
Қайырмасы:
Бұл – блогиада, блогшының сапары,
Бұл – блогиада, біз шынығып, ысылған!
Бұл – блогиада, контентке сапалы,
Бұл – блогиада, миллионын ұсынған!
Уақыт қалай зымырайды, ә? 8 ай да зу ете қалыпты. Міне, отызыншы постымды жазып, Блогиададағы бәйгеме нүкте қоймақпын. Дүбірлі блогжарыс мені ізденуге, шыдамдылыққа, сынды дұрыс қабылдауға, қатені мойындауға үйретті. «Блогермін» деп сенімді, нық айта алатын дәрежеге жеттім.
Сапалы контентке қосқан 29 «үлесімнің» мониторға дейінгі жағдайы қалай болғаны; постты жазу барысында қандай қызық, нендей қиындық кездескені айна-қатесіз көз алдымда. Енді ше, әр постым ішімнен шыққан балам сияқты: әрбірін толғанып, толғатып, қиналып, жылап-сықтап дүниеге әкелдім. Әр жазбаның жазылуы — ауыз толтырып айтарлықтай әңгіме)))
Ең алғашқы пост
Блогиадаға қатысуға шешім қабылдағаныммен артынан қатты қорықтым. Адуынды ақсақал-блогерлері бар, мықтылары бар, олармен жарысамын деп сайыстың ортасына жетпей масқара болудан, елдің күлкісіне қалудан шошыдым. Алайда, шегінуге жол жоқ, барынша жақсы жазба жазуға тура келді. Берілген «Көктем» тақырыбы былай қарасаң, тым оңай сияқты, екінші жағынан тым қиын. Креативімді іске қоспасам, постым 8 сыныптың шығармасынан аумай қалғалы тұр. Ойыма бизнес сап ете қалсын!
«Жезөкшені жазам» — дедім бірден. Одан кейін сатушылар, кондуктор, таксист, жалғаса берді.
Жұмыстың фотоаппаратын қолыма алып, Астананың орталық базарына шықтым. Базарда жай адам томардай құрылғы ұстап жүрмесі анық, бәрі маған бұрылып тұрып қарайды. Сатушылардан ақпарат алу да, суретке түсіру де оңайға соқпады. «Айқын газетінің тілшісімін, жақсы материал дайындағалы жатырмын,» деп алдауға тура келді (Айқын ұжымынан кешірім сұраймын).
Кешкісін жезөкшені «аулауға» шыққанда басталды қызық. Қасымда таныс жігіт бар. Алдымен сутенерлерге соқтық, бәрі ат-тонын ала қашты. Одан кейін әлгі сылқымдарды аңдыдық. Сөйтіп жүргенде ойда-жоқта пәтерді жалға берушілерден ақпарат алдым.
Тура мағынасында маңдай тер, табан ақымен туындаған жазбамды бәрі мақтай жөнелгенде төбем көкке екі елі ғана жетпеді-ау. Қазылар мен оқырмандардың оң пікірі маған дем берді, бойымда сенімділік пайда болды. Тағы да жақсы жазба жазуға шабыттандырды.
Түңілдірген пост
«Сүт» тақырыбы берілген сәттен-ақ интернетті ақтарып отырып, сүттің сапасын анықтайтын неше түрлі тәжірибелерді жасап көрмек болдым. Дәл сол сәтте құрбым Әйгерім Кеулімжай видеоларымның операторы боп жүрген еді. Сүттің сапасын анықтап тұрғандағы видеомды түсіруге де келісе кетті. Бірақ, тәжірибе сәтсіз шығып, жоспар күлге ұшты. Не істеймін? Видео түсіріп болған соң сүтке шомылу поцедурасы туралы ақпарат алуға бармақ болған Әйгерімге де сұлулық салонынан «отказ» келді. Екеуміз де «енді қайтеміздің» астында қалдық. Бірден Астанадан 70 шақырым алшақта жатқан Родина ауылындағы «Родина» сүт зауытына барамын деп шештім. Әйгерімге бірге баруды ұсындым. Ол қарсы болмады.
Бардық. Көрдік. Суретке түсірдік, ақпаратын алдық. Үйге қайтарда кімнің не жазатынын бөліп алар сәтте «Мен мынаны жазамын» деудің орнына, дос көңілін қимай, «Сен мынаны жаза ғой, мен қалғанын жазайын,» дедім. Сонда… жарыста достықты ысыра тұру керегін, өзің және өзіңді ғана ойлау керегін есіме алсамшы)))
Қазылар алқасы Әйгерімге жоғары балл қойып, маған төмен ұпай бергенде түңіліп кеттім. Екеумізге бірдей баға қояды деп күткем. Жыладым. Өзімді әділетсіздік құрбаны сезіндім. Саммитамен шәй ішуге барып отырып, жылап қайтып кеткенім есіме түссе, сұмдық ұялам. Саммита күліп кеткен шығар)))
Жаңа басталған жарыстың тұғырынан «түсіп қалатын болдым» деп байбалам салғаным-ай! Сайыс аяқталғанша сондай паникамен келдім)))
Ең қауіпті пост
Арнайы Блогиада үшін, «Фоторепортаж» тақырыбы үшін профи фотоаппарат сатып алдым. Ала сала, постымды дайындауға кірістім. Сонда жаңа Nikonның функцияларын қарап та алмаппын.
Шымкенттен туыс әпкем келіп, апталап жатып, «емделіп» жүрген космотерапевтке аттандым. Дым қорқыныш болмады, қала сыртындағы беймәлім ортаға жалғыз-ақ бардым.
Су жаңа құрылғымды түк түсінбеймін, суретке түсірсем, сонадайда тұрған адам көз алдымда, кадрге сыймайды. Ары шұқимын, бері шұқимын. Болмаған соң соткамды шығарып, соған түсіре бастадым. Емделуге келген адамдардың емес, космотерапевт Евгенияның рұқсатын алған соң көзін жұмып алып, теңселіп тұрған адамдардың арасында емін-еркін ғычық-ғычық еткізіп қойып жүрмін. Есесіне, олар сеанс аяқталған соң «жанымды шығарды». «Бізді неге рұқсатсыз суретке түсіресің» деп, құрылғыма жармаспасы бар ма?! Жаңа ғана сатып алған фотигімді сындырып қоя ма деп қорықтым. Ойбу, сонша тыраштанған суреттерімді сол жерде қимастан өшіріп тастауға тура келді. Ұялы телефонымдағы суреттерді білмегені жақсы болды.
Қайтайын десем, дала қап-қараңғы. Қаланың сырты болған соң көлік те аз. Жолдың бойында үрпиіп, такси тоқтатып тұрмын. Бір машина өтіп барып тоқтады да, жүргізуші «Эльвира?» деді таңырқаған дауыспен. Танымадым. Сөйтсем, осы Керектегі Торғай екен. Жақсы болғанда, үйге апарып тастады.
Ең нашар пост (меніңше)
«Сусын» тақырыбына асыққаныммен, дым идея болмай шықты. Ары-бері ойланып, инфографика жасамақ болдым. «Несі бар, Нұрберген Мақымның сүтке жасаған инфографикасы жап-жақсы баға алды ғой, сен де қатырасың,» деп қояды бір ойым. Таңертеңнен түннің ортасына дейін тапжылмастан жасаған инфографикаға ұқсас бір дүнием сол сәтте мен үшін ғажап боп көрінген. Қазір сол шимай-шатпақты жарияласам, 2 не 3 ұпай алар еді))). Нұрбергеннің инфографикасы қайда, менің шимайым қайда, әхәхә.
Өкіндіретін пост
«Сұхбат» тақырыбы. Нысана айқын. Бірден визажистке қояр сұрақтарымды жинап, оған жауап беретін жақсы маманды іздей бастадым. Жұлдыздардың бетін әрлеп жүрген Сандуғаш Бексырға Алматыда, сұхбатымды телефон, интернетсіз тікелей өзінен алу керек. 7 арнаның визажистін тауып, келісіп, сұхбатты алып келдім. Үйге келіп, диктофондағы диалогты жазбы қылып түсіріп отырып, кенет бәрі ұнамай кетті. «Қазылар алқасының 80 пайызы жігіттерден тұрады, олар онсыз да боянған қыздарды жақтырмайды. Демек, менің жазбам оларға қызық болмайды да, төмен балл қоя салады.» Осы бір ой маза бермей қойды. Мерей Ермұхановпен(Мереймен көп ақылдасатынмын) ары-бері ақылдасып отырып, қолжетімсіз мамандық иесінен сұхбат аламын деп шештім. «Неге Мерей» дейсіз бе? Жәй, ол – менің құрдасым ғой)).
Сонымен не керек, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесін, рэкэт деуге аузым бармайды, таптым. Досым арқылы оларды әңгімелесуге келістірдім. Аяқ-қолым дір-дір етіп сұхбатымды алдым. Алдын ала сұрақтарымды қағазға түсіріп алмаппын, «бұзықтардың» гүр-гүр еткен дауысынан ойымдағының бәрін ұмытып қалдым))) Ол постыммен бәрін «жыртып тастаймын» деп ойлап едім, БАЦ! Ерлан Оспан 6 ұпай қойып, ұрысып кетіпті. Тағы көңіл-күй түсіп, тостағаным жуылып қалды. Өкіндім. Ішкі дауысымды тыңдап, визажисттің сұхбатын жарияламағаныма өкіндім. Жігіттерге боянып-сылану жұмбақ боп көрінеді деп ойламаппын…
Ең ыңғайсыз сәт
Маралбекті таныстырар кезде өзі Астанада болмай, жампозы Самалды біраз мазалауға тура келді. Сағат түнгі 1-2-ге дейін отырып, Марконы біраз зерттегенім бар-тын. Ертесіне кейіпкерімнің сыныптасы, досы, ата-ана, ауырының телефон номерлерін алып, бір-бірден хабарласа бастадым. Келесі күні бір ақпар керек боп, тағы телефон шаламын. Келесі күні тағы звондадым. Қайта-қайта қылқылдай берсем керек, соңында менің қоңырауыма жауап бермейтін болды біразы. Mail.ruдағы аккаунттарына кіріп, суреттерін іздедім. Таңдағаным жарамай, тағы барып, фото қараймын. Соның бәрін басқаша түсініп қалған-ау, біреуінің әйелі хабарласып тұр. «Сен неге менің күйеуіме хабарласа бересің? Неге тыныштық бермейсің бізге?», қысқасы, «материалыңмен қоса құры» деді.
Не күлерімді, не жыларымды білмеймін. Ана апайға ақталып та үлгергем жоқ. Жыпылық-жыпылық еткен күйі біраз отырғам))). Кейіннен звондап, кешірім сұрағым келді де, тағы бірдеңе бүлдіріп жүрермін дедім.
Ең көңілді дайындалған пост
«Садақа» тақырыбында, бетін аулақ қылсын, көшеге шығып садақа сұрап көрдім. Сонда біреудің алдына жетіп барып, алақан жаюға сонша ұялғаным-ай! Өзімді «дайындап» біраз тұрдым. Алдыма бас киім қойып, ән айтарда 30 минуттан аса «дайындалдым». Айналамның бәрі мені танитындай, ұялып барам. Әнді бастайын десем, дауысым шықпайтын сияқты. Бәрі маған қарап тұрғандай әсерде отырдым. Күле берем, күле берем. Маған көмектесуге келген Абылай да бір бұрышта тырқ-тырқ етеді. Ақыры, қолыма жиған ақшамды алып, мәз боп жүргенімді бір танысым көріп тынды мені))) Ұялғаным-ай!
Ең жылдам дайындалған пост
Мәскеуден келіп, Шымкентке бөлемнің тойына кеттім. Бір апта бойы «Жыныстық сауаттылық» тақырыбына мойын бұруға еш уақыт болмады. Уайымдаған да жоқпын, «ары кетсе, шығып кетермін сайыстан» деп жүрдім. Сондай немқұрайдылық пайда бола бастағандай, бәлкім, сайыстың ұзақтығы жалықтырып жіберген шығар. Сенбі күні той болды, жексенбі Астанаға жолға шығамын. Ойыма Айқаракөздегі «күлкілі» пікірлер сарт етті де, соларды топтастыруды жоспарладым. Бірақ, оның өзіне уақыт жоқ. Жолға 2 сағат қалғанда компқа отырдым да, пікірлерді іріктеп, скриндерін алып алдым. Пойызға отырғанда жазбаны бастадым да, зуылдаған тальго Таразға жеткенше үлгеруге тырыстым. Тараздан өтсем, интернет ұстайтын келесі станцияға жеткенше сағат тілі түнгі 12-ден асып кететін еді. Зыпылдатып отырып, ойымды соткама түсіріп, Таразда жариялап жібердім.
Айтпақшы, үйдегі компьютерде сақтаған скриндерді өшіруді ұмытыппын, кейіннен жеңгем: — «Анау бүйтіп қалдым, сөйтіп қалдым деген суреттер не пәле? Сенікі ма, Бахоштың (баласы) істеп жүргені ма?» — дейді. Ой, ұялғаным-ай)))) «Хорошо что» ағам көрген жоқ)))
Осы атүсті дайындалған постым 10 ұпайға бағаланғанда таң қалдым.
Бір заңдылықты байқадым, мен барынша «тыраштанып» жазған постым төмен бағаланып, қалай болсын солай жазған жазбам жоғары бағаға ие болады екен.
Айтпақшы, «Инвестицияның» жазбасын да 2-3 сағат ішінде жазып шыққанмын)))).
Мені жылатқан, күлдірген, қуантқан, өкіндірген, сабақ болған Блогиадаға қатысқаныма қуанамын. Блогиада — нағыз блогерді тәрбиелейтін мектеп. Алда талай дүлдүлді баптайтынына сенімдімін. Сондықтан жалғасқанын қалаймын.
Көңілі көтеріңкі болса, бағаны үйіп-төгетін, мазасы болмаса, ұрысып тастайтын Ерлан Оспанға;
Қатені тізіп жазып, түзеу керек жерді бетіме басып тұрып көрсететін Асхат Еркімбайға;
Қанша қатал боп көрінсе де, ең жұмсақ, жекеде «Блогиададан кетем» деп жылағанымды сабырға шақыратын Тимур Бектұрға;
Қолы ашық, ең мейірімді жюриіміз Нұрғиса Асылбековке;
Менен 6-сы мен 7-сін аямаған, жазбам жәй ғана ұнамай қалатын Назгүл ҚожабековағаАЛҒЫС АЙТАМЫН! Сіздердегі қаталдық менің блогерлік тұлғамды қалыптастырды, ізденімпаздыққа әкелді.
И мә, мына постым мерейтойда айтатын тост па, бірдеңе боп кетті ғой))). Соңғы тур ғой, жыл бойына қысылып-қымтырылып, артық сөз жазуға қорқып келіп едім. Бүгін бір еркінсиінші))))
Үстімнен ауыр жүк түсіп, тау қопарып тастағандай күйде отырмын. Алақай, Блогиада аяқталды! Енді апта сайын сары уайымға салынып, стресте жүрмеймін ;)
Ихууууу!
Сайысқа бірге аттанған замандастарым, сіздерге де рахмет!