Интернет журналистика деген не?



— Мектеп бітіргенде 10 арманым болған, қазір солардың үшеуі орындалды: араб тілі бойынша білім алу, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасына қатысу және спортқа арналған сайт жүргізу.Қысқа-нұсқа: SportNews ресурсына ақпараттар Guardian, Daily Mail секілді ірі басылымдардан, сондай-ақ түрлі спорт командаларының ресми сайттарынан аударылып алынады. Қолданушылар санының ең ірі көрсеткіші — 400 адам.Интернет-журналистика туралы айтқанда блогинг деген туыс құбылысты назардан тыс қалдыруға тағы болмайды. Жеке тұлғаны ақпарат таратушы ретінде қарастыратын бұл ұғым азаматтық журналистика деп те аталып жүр. Бұл үрдістен қазақ блогосферасы артта қалып жатқан жоқ тәрізді. Белгілі бір блогерлер ортасын топтастырған қазақ тілді платформалар бізде жеткілікті. Осыдан алты ай бұрын солардың қатарына Blogtime.kz тұғырнамасы қосылған еді.
— Иә, қазақ тілінде блог-тұғырлар жетерлік. Бірақ олардың бәрін сапалы деп айтпас едім. Блогтаймды ашудағы мақсатымыз да сол — блогосфераның сапалық деңгейін көтеру. Мысалы, тіс пастасы бар екен деп басқа өндірушілер қарап тұрмайды ғой, олар да өз пасталарын ұсынып, бәсекелестен асып түсуге тырысады. Біз де қатарымыздың алды болуды мақсат етеміз. Қысқа-нұсқа: Blogtime әлеуметтік блог-тұғырына күніне 10-30 аралығында пост жарияланады. Контентке цензура бар: анайы сөздерге, үлкендерге арналған егжей-тегжейлі баяндауларға тыйым салынады. Сайтқа күніне 400-500 адам кіреді.Цензура демекші, Нұрлан Жанайдың жобаларына қатысты өз ұстанымы бар екен: «саясат пен дін туралы жазбаймыз». Оның айтуынша, негатив пікірлер мен түңілген жазбалар өмірімізде онсыз да жетеді және сол әңгімелердің басым бөлігі дін мен саясат төңірегінде өрбиді. Нұрлан өз қарамағындағы сайттарда жарияланатын материалдардың барынша позитивті түрде берілгенін талап етеді.
— Жоба коммерциялық мақсатпен, болашақта табыс әкелетін сайт деген жоспармен ашылған. Әдетте тәуелсіз БАҚ дегенде бірден сынаушы, мемлекеттің кемшіліктерін баяндаушы деген ой пайда болады. Бізде керісінше — мемлекеттің атқарып жатқан істерін насихаттау, кәсіпкерлерді қолдауға арналған шараларын ашып көрсеткіміз келеді. Бірақ бұл бизнестің басқа салаларын назардан тыс қалдырамыз дегенді білдірмейді. Жеке компаниялармен, банкттармен де қарым-қатынас орнатып жатырмыз.Қысқа-нұсқа: BusinessNews биыл наурызда ашылған, көрермендері енді қалыптаса бастаған жас сайт. Ақпараттарын Bloomberg, Times секілді ірі басылымдардан және отандық сайттардан алады. Күнделікті қолданушылар саны 100-ден асады.








