Жарияланымдар

Zako
Әр сенбі күні Алматы қаласы әкімшілігінің жанында (Желтоқсан көшесі жақта), сағат 17:00 басталады. Толығырақ мына группада жазылады www.facebook.com/groups/1406516916293729
Zako
О, ағайын ауылға (Шмкентке) келіп, бұл жақтың тағы бір ұры журналын тауып алдым. Ондағы журналистер balana.kz сайтындағы қалаған мақалаларын қалағандарынша көшіріп алады екен.

Шымкенттік "Әйел денсаулығы" деген ұрылардың газетімен соттаспақ болып, ол іс аяқсыз қалып қойып еді ғой, естеріңізде болса. Олар ұрлықтарын әлі де тоқтатпапты. Балана сайтының атауы өзгеріп кеткен соң «Бәлеқор Сағынның ана мен бала деген сайты емес қой бұл» деп ұрлықтарын жалғастыра берген болса керек  

Бұл жолы уақыт бар. Ұры журналистерді бетімен жібермеуге тырысамын.
Zako
 «Есейіпсің» деп өзіңіз айтып отырсыз ғой. Уақыт өте келе түсінетін дүниелер көбейеді екен.
Zako
Ішіп-жеу, демалу деген көпшілік блогердің ойында болғанымен, Блогкемптің миссиясы ондай емес. Алғашқы блогкемпке қатысушылар сол кездегі жиынның пайдалырақ болғанымен келіседі деп ойлаймын.
Zako
Уа, ағайын! Осы фоторепортажым блогқұрылтайда бірінші орын алды. Өзім Қарағанды әкімдігі атынан сыйлыққа Samsung Galaxy S2 Plus смартфонын алдым. Көзбен көргендерімді фото-видео етіп көрсете алмай жүрген маған керемет сыйлық болды
Zako
Екі бөлмелі мына пәтер де 5 мың теңге екен, Әбеке  
Zako
Менен бір +. Айтқандарыңызға қосыламын. Бірақ оны түсінетін адамдар аз ғой.
Zako
Тимур, «Бәріміз бірігу керекпіз! Бір тудың астына жиналу керекпіз!» дегеннен не шығады? Шағын ғана топ тамаша етіп ұйымдастырсын қандай іс-шара болса да. Ал, қалғандары қатысушы (қонақ) ретінде барсын. Демеушілер мен әріптестер қандай қордың атынан шығып тұрғаныңызға қарай қояды дегенге өзіңіз сенесіз бе? Мен сенбеймін.

Аты да, заты да керемет. «Медиалабтықтар» мен басқалар еш ренжімесін. "Қазақ Интернеті" қанша дегенмен қазақ интернеті ғой. Баршамыз соның астына жиналсақ, мықты күш болар едік.
Аты керемет делік, ал затының кереметін көргендер бар ма? Менің білмеуім мүмкін, бірақ білетіндер болса соңғы 3 жылда аталған ұйымның қандай іс-шараларды ұйымдастырғанын айта аласыздар ма («Мінберден» басқасын білмедім мен)? Бұл сұрақтарға Серікқазы аға мен сіз еш ренжімессіз.
Негізі деймін де, бірігіп іс істеймін деген адамдар қандай ұйымның атынан болсын шығып істей береді. Ешкім кедергі емес. Қазнетте істеймін деген адамға шаруа жетеді. Ол үшін 100-200 белсендінің басын бір ұйымға біріктірудің қажеті шамалы сияқты.
Соңғы түзету:
Zako
Керемет! Бердім бірінші орынды  Фотоларыңыздан біраз адамды көріп қалдым.
Zako
Ұрлыққа келгендер қолға ілінгенін ұрлайтындай болып тұр жағдай. Көрінген сайттан көрінген «сенсацияны» іліп алып, ары қарай тарата береді. Нұр.кз-ні де Құдай ұрыпты.

Рафа Казнеттегі намбэ уан порталдың дамуына аз да болса өз үлесін қосты
Zako
SEO және SMO оңтайландыру, SMM салаларында жұмыс істеу тәжірибесі;
Бұл талаптарды уеб-редактор атқармайды, негізі. Администратордың қызметі болу керек. Бірақ ол да SEO, SMO, SMM-ның шебері бола алмайды.
Zako
Біз осы қалай-қалай сөйлейміз???
Адамдардың тәлпіштеніп, топастанып, немқұрайлы қарап, қазақ тілін бұзып сөйлеуінен сіз бен бізге келіп жатқан зиян бар ма? Меніңше, жоқ сияқты. Тіпті қазақ тіліне де ешқандай зиян келмейді. Адамдардың сөйлеу мәдениетінен тілдің құндылығы жоғалмаса керек.
Zako
өрескел арластырып сөйлейтін басқа ұлт әлемде жоқ
Дереккөз қайда? Қандай зерттеудің қортындысына сүйеніп айтып отырсыз?
Zako
1) жоғары гуманитарлық/экономикалық білім;
деген талап пен кейінгі талаптардың логикалық тұрғыда үйлеспейтіндігін ескерген басшылық бар ма? Адасып келіп қалған адамдар болмаса, экономикалық мамандықты тәмамдап, уеб-редактор болып жұмыс ітеуші ме еді?!
Zako
Мынадай көркем түрде жасалған сандыраққа толы бейнематериалдар арқылы Жердің қозғалысын түрлі траектория түрінде көрсетуге болады. Егер Жер бетінде спираль түріндегі табиғи құбылыстар болса, ол Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың дәл сондай спираль сияқты траекториямен қозғалатындығын дәлелдей алмайды. Сандырақ.

Ең күлкілісі, адамның басындағы орайды мысал (мүмкін, дәлел болар) ретінде көрсеткені болып тұр ))
Zako
Википедияға бір қарай салу да қиын болып бара жатқан тәрізді
Қарау үшін де ми керек. Миы сасыған көлшіктің суындай болған арамтамақтардың қаптаған заманы, атасының.