Блогқұрылтайда қайда қонамыз?

Блогерлер жатын орын шығынын өзі төлейтін болғандықтан барынша қалтаға салмақ салмайтын жолдарды қарастырдым. Қайта-қайта айта беретін «Корона» қонақ үйімді ол кезде спортшылар брондап қойған екен. Жалпы, сол кезде облысымыда көптеген іс-шаралар өтеді-ау деймін. 3-4 адамға арналған стандартты нөмірлері бар қонақ үйлер бос емес. Сондықтан да пәтер жалдаудан басқа амалымыз жоқ. Таңдаған кезде пәтерлердің арасының бір-біріне жақын орналасуын және қадағаладым. Сөйтіп жүріп тапқандай болдым. Орталықтан жаяу адамға 15 минөттік жерден 3 бөлмелі 5 пәтер, 2 бөлмелі 6 пәтер, 1 бөлмелі 1 пәтер таптым.Екі пәтерден басқасы бір подъезде, қалған екеуі көрші аулада.
Сонымен, 1 бөлмелі пәтерге 2 адамға, 2 бөлмеліге 4 адамға, 3 бөлмеге 6 адамға рұқсат етіледі екен. ал, келушілердің саны мына сандардың қосындысынан әжептеуір артық болатын секілді. Әйтүп-бүйтіп, әр нөмірге артық екі адам кіргізтуге келісім алдым. Бағалары, 1 бөлме 5 мың, 2 бөлме 7-10 мың аралығында (жөндеу жұмыстарына байланысты),3 бөлмелілер 12-15 мың аралығында.
Пәтерлердің жағдайлары жақсы.Душ кабиналары, кір мәшинелері, тоңазтқыштары, теледидарлары, микротолқынды пештері, тоқ пештері, теледидары, қала телефоны, диван, төсектері бар. Барлығы жақсы жөндеуден өткен. Тек, көрші ауладағы 3 бөлмелі бір пәтердің жөндеу жұмыстары аса емес.Арзанқолды жыртыла бастаған обой, бөлме аралық есігінің жақтауымен қоса жоқтығын есептемегенде бұнда да кір мәшине, барлығы бар.Құбырлары ақаусыз.Қонуға болады жалпы. Сонымен, жан басына шаққанда 2500 теңге шамасында шығады.егер, жоғарыда көрсетілгендей екі адамнан артық қонса одан да аз келеді адам басына. Суреттер сөйлесін:
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
BlogCamp: Блогқұрылтайда қайда қонамыз?
Ендігі мәселе, егер бұл пәтерлерді алар болсақ «брондау» керек.Ал, бұған демеуші тарап уақытша да ақша бере алмайды. Бір күнге аталған пәтерлерді жалға алу 130 мың теңге екен. егер, жалға алар болсақ 20 наурыздан кешіктірмей кемінде 60 мың теңге беруімді өтінді. Не дейсіздер? Дәл сол күні келіп те жалдауға болар.Бірақ, біріншіден мереке, пәтерлер бос бола қоймас, екіншіден әр жерге шашылып кететін секілдіміз
Бөлісу:

3 пікір

beko
банктегі счет, карточкалардың мәліметін көрсеткен дұрыс ау ендеше. Сөйтіп осында чегі туралы мәлімет қалдырса, осында немесе смспен. транзакция, счет(карточка) номері, уақыты деген сияқты мәліметтерін.
Zako
Екі бөлмелі мына пәтер де 5 мың теңге екен, Әбеке  
Abilakim
Диван бар, кілем бар. Енді саған не керек?