Жарияланымдар

Мына кереметті қараңдар...

Бірінші бүгінгі шыққан бір жаңалықпен танысып шығыңыздар. Сосын сол жаңалықтағы сайтқа кіріп қараңыздар. Ойыма аталарымның «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» деген сөзі түсті..

Открылся детский портал на казахском языке для пользователей Интернета в возрасте от шести до 10 лет, его организаторы — АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) и президентский Фонд развития государственного языка, сообщает пресс-служба КМГ.

«Web-сайт www.balbulaq.kz был разработан в соответствии с государственной программой развития и функционирования языков на 2011-2020 годы и в рамках мероприятий, приуроченных 20-летию независимости Казахстана», — говорится в сообщении, распространенном во вторник.
Әрі қарай

Мұрат Әбеновтың сұхбаты туралы



Мұрат ағамызды алғашқы рет «Блогқұрылтай» алдындағы бір жиналыстарда кездестіргенмін… Жақсы кісі ғой, жастардан қалыспай заманның ағымына сай тірлік етіп жүр..Қазақ интернетінің жанашыры екені байқалады… Бірақ, все таки, саяси ролі бар ғой… Саяси
Әрі қарай

About.me



Өткен жолы «Buzz» желісінде Тимурдың жолағында көріп қалдым..About.me сайты өте пайдалы ресурс екен..Қазір резюиені сол жерге іле салуға болатын сияқты… Керек болса сілтемесін бере саласын… Сосын осы сайттың ішіне кіріп, ішіндегі суреттерді
Әрі қарай

Тойдың да тойдан айырмашылығы бар..

Талай тойда болдым… Той, той болудан қалып бара жатқан сияқты көрінеді маған..” Тойда болдым” десем, “қалай болды” деп сұрайды таныстар, не деп жауап берерімді білмей сәл кідіріп қаламын..” Жақсы болды” деп құтылған боламын..
Иә, той деген қуаныш қой, барлық той жақсы өтеді, қызық өтеді, қуанышқа толы өтеді, сөз жоқ… Бірақ сонда да, ішімде бір нәрсе жетпей тұрғандай..
Өткен апта соңы студенттік досымның тойына барып қайттым… Той Орал қаласында болды… Той болатын күн жақындағанда Орал қаласын су басып қалды деген жаңалықтар бірінен соң бірі келе бастады… Су қаланың сыртқы жағындағы ауыл аймақты, өзендердің ортасына жайлы жайғасқан “ Рублевканы” басып қалған екен… Президенттің резиденциясы да, әкімнің үйі де кеткен екен суға..
Әрі қарай

Екі батыс..Қайсысы біздікі?

Қанша уақыт өтті… Ливияның басына іс түскелі… Ливияға қарсы кампания басталғанда, Ирак есіме түсті… Ол кезде де тура осылай басталған болатын… Негізгі көзделген нысанаға айналсоқтап жеткен болатын ол кезде… Бірінші Нью-Йорктағы қос ғимарат, одан кейін Ауғаныстанға жорық… Одан кейін Ирак..
Енді міне, сонау Мысырда басталған дүмпу Ливияға келіп тірелді..
Бұл екі киноның сценариялары бір… Режиссері де бір… Бірақ актерларі басқа..
Ең бастысы бұған ешбір ел қарсы шыға алмады..Өздерінше күш сымақ елдердің өзі… Себебі ешқандай күш жоқ… Бірақ күш бар әлемде… Американың артында тұрған күш… Кукла театрінде куклаларының жіптерін ойнатып отырған қолдар (күштер)..
Бірақ ол қолдар (күштер) нағыз Күшті ұмытқандай… Кукла ойнатқандарына мәз болғандар, өздерінің де бұл пәни әлемде кукла екендерін ұмытқандай… Ертеңгі әділ сотта, әр бір зардап шеккен тірі жан иесінің ақысын алып қайтаратын Әділді ұмытқандардың халі қандай мүшкіл еді десеңші..
Әрі қарай

Жанна қайдасың?

Жағдай жапония деуші едік баяғыда сөз арасында… Сол жағдайды енді түсіндік… Жапон халқының басына түскен мына ауыр күндерде құдайдан қайырын сұраймыз… Кеше жаңалықтарда көрсетілген бейне сюжеттер қорқынышты еді… Табиғат апаты, қарамайды ғой қанша бекіністе отырсаңда… Жер сілкінісімен ұйықтап тұратын бұл халық бұндай соңды сілкіністі сонай 1923 эылғы болған және Токионы да қоса бір қатар қаланы жермен жексен қылған сілкіністен бері көрмеген екен..Құдай басқа салмасын, қиын бұндай апатты бастан кешіру деген..Қаза болғандардың санын жүз мыңды асып түсіпті десіп жатыр, әлі толық санын ешкім анықтай алмай отыр… Атом электр стансалары бүкіл әлемді бір қорқытты Чернобль оқиғасы қайталанбас па екен деп… Абырой қылғанда реакторлар жарылмаған екен, жарылған стансадан шыққан радиация қауіпті деңгейде емес деп айтып жатыр ресми дерек көздері…

Жайшылықта аралары Курил аралдарына бола суып бара жатқан Ресей мен Жапония бұл апатта барлық наразылықтарын бір жаққа ысырып тастаған ғой… Ресей президенті Дмитрий Медведев Жапонияның Премьер министріне бірінші болып телефон шалыпты… Ап бәрекелді Димеке… Жарадың… Көршінің қадірін басқа іс түскенде ұғасың…

Айтпақшы, сол Жапонияда жүрген Жанна деген танысымыз бар еді, соның жағдайын білу керек еді… Жанна алты градус қой… көпшілігіңіз танисыз… Иншаллах бәрі жақсы шығар деген үміттемін… Хабарласқандар болса осында жазса екен…

Суреттерді қарап отырып мына жолдың қақ айырылғанына назарым түсті… Бейне бер өлшеп кескендей, тура жол жолағымен бірдей айырылғанына таңқалдым… :)



Мынау атом стансасының жарылыс сәті.


Мынау сілкіністің эпи орталығы мен таралуын суреттеген сурет:
Әрі қарай

Таңқалдырған ұқсастық..

Жаңалықтарда шыққан бір хабар елең еткізіп еді… Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің немересі Айсұлтан Назарбаев Астана қаласының «Локомотив» компандасының қосалқылары қатарына қосылыпты деген жаңалықтар… Содан Айсұлтан туралы біраз интернеттен гуглдетіп көріп едім..21 жасындағы Айсұлтан (Дариға мен Рахаттың Нұрәліден кейінгі екінші ұлдары) Англияда Челси және Портсмуттын жастар командасында да ойнапты..Ұлыбританияның «Сэндхерст» Корольдік Әскери академиясын тәмдамдаған екен…

Суреттерін қарап едім, атасынан аумай қалған екен деп таң қалдым… Сіздермен бөлісейін деген ой сап ете қалды..:)
Әрі қарай

Бастық.



Таң ертеңгі уақыт. Сағат ондардың шамасы. Банк кассаларына шаруасы түскен Бөрікбай үйіне ең жақын жердегі банк бөлімшесіне жетіп барған болатын… Ентелеп ішке кіріп келгенде, бөтен біреудің территориясына кіріп кеткенін ілезде байқады… Кірген жұрттың барлығын қабағымен қайырып, иегімен иіріп тұрған банк бөлімшесінің ең үлкен бастығына тап болды… Негізі ол заңды түрде бастық болып тағайындалмаған… Жай, ашейін қызметі бойынша осы бос тұрған авторитарлық орынды баса тұруына тура келген… Оның жазығы жоқ… жүйе солай… біреу басқару керек… айлығы бұл банктегі ең қарапайым кізметкердің айлығынан төмен болса да, оны осы қолына тиген билікпен компенсациялаған жайы бар…
Әрі қарай

Бір минутта өзін таныта білген Еркеш..

Астаналық 8-шы сынып оқушысы Еркеш Хасен, Ресейдің «Минута славы» бағдарламасын шулатып қайтыпты… Александр Масляков, Мария Шукшина және Петр Толстой ең жоғарғы балды беріп, баланы мақтаған екен…


Әрі қарай

Қылмыс романын оқығандарың бар ма?

Алаш жұрты ауыр қазаға душар болды. Қытайдағы қазақ жазушысы, «қылмыскер» деп айыпталып, өмірінің қырық жылын тар қапаста, қалғанын үйқамақта өткізген Қажығұмар Шабданұлы 86 жасында бақиға аттанды.

Бір көңіл жұбатарлығы, ақсақал түрме ішінде жазған «Қылмыс» романының 6 кітап болып Қазақстанда жарық көргенін көріп кетті.
Әрі қарай