Тойдың да тойдан айырмашылығы бар..

Талай тойда болдым… Той, той болудан қалып бара жатқан сияқты көрінеді маған..” Тойда болдым” десем, “қалай болды” деп сұрайды таныстар, не деп жауап берерімді білмей сәл кідіріп қаламын..” Жақсы болды” деп құтылған боламын..
Иә, той деген қуаныш қой, барлық той жақсы өтеді, қызық өтеді, қуанышқа толы өтеді, сөз жоқ… Бірақ сонда да, ішімде бір нәрсе жетпей тұрғандай..
Өткен апта соңы студенттік досымның тойына барып қайттым… Той Орал қаласында болды… Той болатын күн жақындағанда Орал қаласын су басып қалды деген жаңалықтар бірінен соң бірі келе бастады… Су қаланың сыртқы жағындағы ауыл аймақты, өзендердің ортасына жайлы жайғасқан “ Рублевканы” басып қалған екен… Президенттің резиденциясы да, әкімнің үйі де кеткен екен суға..
Ауылдық жердегі адамдардың барлығы қаладағы қонақ үйлерге орналастырыпты..
Тойға оралайық… Орал қаласына тойға үш сағат қалғанда жеттім… Як-48 ұшағымен пыр-пырлап әрең жеттік..Әуеде қалықтап келе жатқанда ақ, қаланың жан жағындағы көлшіктерді, суда қалған үйлерді көруге болады..
Орал жақтың бір жақсы жері, халқы уақытқа сый құрметі бар екен… Айтқан уақытында жиналып, тойханаға кіріп кетті… Той болғаннан кейін, ән болады, ән болған жерде би болады… Менің ойым осы билерде қалып қойды..
Халықтың ассимилияцаға ұшырайтыны осы би ме екен деп қалдым… Мысалға Шымкент жақтын тойына барсаң өзбекше билеп қайтасыз..
Ал Орал халқы “ пляска” билейді екен..Әндерінің бәрі сол “ пляска” билеуге арналған  екен..Қызық..
Енді жалпы той мәселесіне келер болсақ… Барлық той бірыңғайда өтеді… Ауылға барсаңда сол, басқа қалаға барсаң да сол… Ел жұрт жиналады, асаба шығады, халықты ортаға шақырады, тост айтқызады, сосын ән қояды, би билетеді… Келесі топ шығады, тағы да ән айтылады, тағы да би… осылай соңына дейін жалғасады… Сосын той деген міндетті түрде түнде болуы керек… Күндіз болса бір түрлі болады ғой деймін..
Кешегі тойда қиялдап кеттім..Қазақтың нағыз тойларын..Істеуге болады емес қой, болады… Бірақ бір қосымша машақат сияқты емес пе?
Алматы жақта киіз үй ауылдары көп… Жайлау..Қаладан алыста емес… сол жерлерде істеуге болады..150-200 адам сиып-ақ кетеді… Сосын дәстүрлі әндер болса, қазандарда былқылдап ет пісіп жатса, самаурын қайнап жатса..Әр келген қонақ топтары бір- бір қазақ үйге орналасса… Тамақтанып алғаннан кейін сыртқа шығып, тиын ілу, күрес, айтыс сынды ойын қызықтарды тамашаласа… Және ең бастысы той күндіз болса, түске қарай басталып, кешке жақын бітсе..
Қиын ба, бұндай той істеуге болмайды ма екен? Көп адам “ тойдың алдында ерекше болса екен деп талпындық, бәрібір бірдей болып кетеді” дейді… Себебі той индустриясы соған қарай бейімделген..
Ал сәл ойланып қарасаң, бұның бәрі бізді қазақтығымыздан ұзақтатып барады екен..
Білмеймін, әйтеуір бұл тенденция маған ұнамай жүр соңғы кездер..

Мақала сілтемесі: http://bekjan.dosym.kz/?p=384
Бөлісу:

77 пікір

asaubota
Бекжан, үйлен, сосын сондай той істе :)

той енді кешке, түнде болмағанда қай кезде болады? күндіз бәрінің жұмыстары бар демалыс күні болса да. қонаққа да кешке барамыз ғой.
a63a1
.Қазақтың нағыз тойларын..Істеуге болады емес қой, болады..
бырат мына жеріңді қалай түсінсем екен, осы жерін түсініксіз жазып жіберіпсің
a63a1
Дәәәә!!! ресторанға шығындалғанша, далада киіз үйде жасаса 1 емес екі әйел алар едім!
VKM
неге 2-еу,4-еу алывал:)))
Бірнәрсе қылып жеткізесің енді… экономдап
a63a1
экономдасаң елдің сөзі барғой — пәленшенің баласы пәленше деген арзан ресторанда той жасапты, жарымай қалғыр деген дей
Gastarbaiter
Сөзден қорыққан адам бәрібір сөзден таяқ жейді. Похуистар туралы ешкім өсектемейд)))
Abilakim
Баяғыда біреу сөзге қалмайын деп жалғыз ұлына шабылып той жасапты. Құдай-ау,әлгі үстелде бәрі бар. Жеміс-жидектер, салат-малаттар.Үстелде қасық қоятын орын қалмапты. Той иесі қасықтарды әр қонақтың қолына ұстатыпты. Той біткеннен кейін бір кемпір кетіп бара жатыр дейд: «Екінші үстелде сары май қоймады» деп
Erkekyz
Менде осы сияқты бір әңгіме естігенмін. Бір бай кісі мен қарапайым отбасы құда болысыпты. Содан бай құдалық жасап, құдасын жақсылап күтіпті. Столда бәрі бар, лық толы, не ішемін, не жеймін демейді. Содан той біткесін, кетіп бара жатып әлгі кедей құда столға капуста салат қоймапсыңдар деген екен.)
a63a1
аузы ырсиып қасқырдың өзіненде бар дейді хххххххххххх
a63a1
Сөзден қорыққан адам бәрібір сөзден таяқ жейді. Похуистар туралы ешкім өсектемейд)))
ыххххх сенікі нағыз пәлсафа
Abilakim
Біздің жақта тойханаларда түсте де кешке де той болып жатады. Құтырған жұрт өлікті де тойханалатып шығарып салып жатады…
Erkekyz
Болатын шығар. Алдын біз бесік тойды осылай қырда істейтін болып шешкенбіз. Қыр енді тамаша, көктер, қызғалдақтар(биыл жоқ((), мына жағы Сырдария өзені. Бірақ, бәрібір кішкене ынғайсыздау бола ма деп, бірінші үйге шақырып, әкелетін шашу-машуларын көріп, ырым тағы басқаларын жасап, сосын қырға кеттік. :)
monti
тимбилдинг сиқты бірдеме керек деп тұрсыз ғо сонда, ертең оныда біліп алған компаниялар, ақысын қымбаттатып жібереді ғо :(
қалай алса да, қазақтардікі шығын әйтеуір)))
edige
Тамақтанып алғаннан кейін сыртқа шығып, тиын ілу, күрес, айтыс сынды ойын қызықтарды тамашаласа…
Біз жақта осының күрес, айтыс дегендердің орнына құдашаға талас, киіті менсінбей хай*-вай дегендерін күрделендіріп алып дәстүрді жалғастырып жатыр. Мас кәрі нағашыға жуас ат іздеп күйеміз десейш.
TOTY
Ммм, өңірлері суға кетіп жатса да, халық көңіл мен пейілден, тойдан арылмаған ғой.
TOTY
Қазір шынында да біздің тойлар қазақылықтан арылып барады. Ол туралы,әсіресе,қыз ұзату жағынан көптеген олқылықтар, еуропалық еліктеулер мәселелері төңірегінде БАҚ беттерінде, бірнеше блогтарда да көтерілген. Дегенмен, халық заманына орай икемделіп кетті. Бір шалғай аудандарда болмаса, киіз үй құрып, тойлататын қазақы иісі аңқыған, жаңағы Бәкең аңсап отырған тойлар жоқтың қасы. Тіпті, ауылды жерде құратын сол киіз үйлерді таппайсыз да. Оның үсті ауыл халқы да дайын дүниеге үйреніп барады. Бауырсақ пісіруден қалған, бәрін “заказбен” жасата салады ғой. Айта берсе…бәрін қиындатып жібердік пе…өз қолымызбен?
пы.сы.айтпақшы, Бәке, тойға жалғыз бардыңыз ба? :)
a63a1
Оның үсті ауыл халқы да дайын дүниеге үйреніп барады. Бауырсақ пісіруден қалған, бәрін “заказбен” жасата салады ғой.
Ақшасы болса жақсы, болмаса несі жақсы?
edige
Мысалға Шымкент жақтын тойына барсаң өзбекше билеп қайтасыз..
Өтірік мынау. Өзбектерде еркек-еркекпен, қыз бала-қыз баламен билейді…
Zhan
Тойда қойылған өзбекше әндерге билейтінін айтып тұрған шығар. «Даврага түш» қой сол баяғы. Жалпы, Шымкент жақтағы тойға барсаң қазақтың эстрадасынан бастап ағылшын, француз, орыс, кавказ, араб, өзбек т.б. әндерінің бәріне билеп қайтасың. Қазақ өзі ақкөңіл халық қо. Айтпақшы бір өзгеріс, тойда бұрынғыдай сөз сөйлеп мыжып тұрып алмайды үлкендер. Асабалар осы жағын шамалы ескеріпті))))
Dinara
Біздің туыстардың тойында папам өзбекше не басқаша өлеңдерді қойдырмайды, асабаға барады да жәй ескертіп айтып қояды, болды :) Басынан аяғына дейін тек қазақша әндер қойылады сосын.
Abilakim
ал, би кезінде ше?
Dinara
Заттыбек аман болсын ;) Қазақша билейтін өлеңдер көп қой табам деген адамға да, өлей таңдамай билеймін деген адамға да
asaubota
Оралда ҚОРҒАН деген топ бар екен, күшті ән айтты 4 жігіт пен 2 қыз. Тамада жігіттен Дәурен Сейітжановты сұрап едім, ол Алматыда деді. Біз Таңғы қала деп жүрсек, ол Ғасырнама деген әнмен көтерілген екен. жалпы той күшті болды, маған ұнады.
dark_nazgul
бар ма осы Сейтжановтың өлеңдері? мен "қала" деген әніне ғашық болып қалғам, басқасын естімеппің
Dinara
Мен де ғашық бор қалғам осы әніне Таңғы қала деген  Басқа әндері болса бөлісе отырсаңыздар екен.
a63a1
керекте асаба барма?
edige
Бұрынғылары бар
a63a1
буушниктерме?
edige
ҰЛАҒАТТА десе де болады. Шәкірттері жас асаба болған
Abilakim
Той деген жақсы ғой,Құдай тойдан кенде қылмасын
asaubota


жігіттер мына әнді айтып тұр
19852407
Админ мырза, сонымен кімнің тойында түрікче ән сап қайттыңыздар? :)
sigma
Сенен басқалары мұңайып қалыпты, шамасы кезінде соңғы хат жазғандар не алғандар ау дедім ішімнен
asaubota
Оралдағы той ғой.

ана ептілер ішпеген шығар, мен нормально тұрм әйтеуір :)
Dinara
Бұрын бәрің бірге оқығансыңдар ма? біз тойға жиналсақ йүксек йүксек тепелере дегенді айтатын шығармыз :)
asaubota
Эскишехирский джемаат жиналдық қой Оралда. біздің жиналсақ айтатынымыз строго Рафет Эль Роман ғо.
Gulistan
Қанат пен Аянды таныдым сендерді айтпағанда. Пляска билеп қайтқан екенсіңдер ғой:)
asaubota
биледі ғо аналар. менікі далада темекі тарту, ресторанның астындағы барға барып пибі ішіп келу екінші столға дейін, солар ғо.
19852407
Іммм, «ЗОЛОТОЙ ВЕК»?
Zhan
Сен сонда билемейсің бе не?
asaubota
билемейм. биле де қинап шығарып жатса, теңселіп тұрамын да сосын қашып кетемін.

аты есімде емес, Золотой век немесе Рай. әйтеуір бұрышта тұр, қасында бір түнгі клуб бар. әрі қарай жүрсең акимат.
Delhi
Жан жағын бәрін зерттеп алыпсыз ғой)))
asaubota
1-ші столдан кейін бір баламен пибі ішіп қайтайын деп банкомат іздеп қайтқам, сол кезде көргендерім ғой.
Zhan
Админ жан-жақты ма деп жүрсем, биге жоқтығың шынымен таңдандырып тұр))))
Erke
Билеген жаксыго тойларда, ишип жегенин бойындагы тарайды! Бирак тойларда бир нән катындар шыгып алып, артын дирилдетип ынгайсыз билер корсетеди!
19852407
дұрыс, қасында «Рай» деген түнгі клуб бар)))
ресторанның астындағы барға барып пибі ішіп келу дегеніңнен біліп қойдым, кучті ресторан)))
AKY
Райларың рай емес, сущий ад қо е:))
Abilakim
қазақшасын ба?
asaubota
түрікшесін. қазақшасы жоқ қой, мен жәй әншейін аудармасын жазып қойғам анда.
Maya
Бізде той күндіз 1-де кейде 2-де деп шакырады, онысы 3-те басталса кешкі 10 ға дейін болады. Сонымен бітті. Ал кешке басталатын тойға барғым да келмейді, соңғы кезде кешке той істейтіндерде азайып барады ғой.
Delhi
Оралда бәрі уақытымен))
Кешігіп келген құдаларды есіктен кізгізбей тұрып алатындары да бар еді жеңгелері. Қыздың жағында той болғанда.
19852407
ия, бізде құда кешігіп келсе, сыйламағандықтың белгісі ретінде саналады. Бүкіл дүйім жұрт, туған-туыс жиылып күтіп отырғанда кешігіп, тойдын бар жоспарын бұзған ұят секілді. Кешіккен құданы есік алдынан күтіп алып, оңдырмай салық салып жатады қыз жеңгелері, «Күйеудің үйінде де той болар...» деп. Қысқасы, кешіккен құданы келесі күні күйеуді уақытылы аттандырмай, сонша ұстайды :)
Abilakim
Біздің жақта құдалар кешігіп келуге міндетті. "Құдаға ұқсап кешігіп" деген сөз тіркесі бар. Түскі бірге шақырылған той болса екіде келесің
19852407
1 сағатқа бола береді, бірақ одан әрі напряженка болып кетеді
Abilakim
Өткен жолы бір той басқарғанмын. Қазан айында ғой деймін. Нұра ауданында. содан құдалар келді, ауылдың біраз кісісі жүр сол маңайда.той иесіне звандадым" Аға, құдаларыңыз келді, бастамаймыз ба, қайдасыз?«деп.
сонда ана кісі „Қазір, сиырларым келсін, соларды түгендеп алып барам “дейді
19852407
Құрдас, сен жүрген жердің бәрі «той» :)
bazuka
Оралдың тойлары ұнайды. құдалар жағы қызыл лента тағып алады, ерекше болып тұрады
19852407
көк лента көбінесе )))
Delhi
Қандай лента тақсада өзгеше болып жүретіндері жақсы, қазір бірақ оны қойып барады(((
sigma
Бекжан үйлен, деп бастапты Аршат, сосын теманы аустырып жіберіпті.
Негізі өткендегі сауалнамаға қатысты айтып отырғанын сездім, мен де ұятпай-ақ қояйын. Дегенмен үйлен.
asaubota
Бекжан соңғы рет үйге келгенінде оған енді "үйленбе" дедім. 32 жастан асқаннан кейін үйленіп керек емес, солай жүре берген дұрыс. отбасылық өмірге үйрену қиын болады сосын. одан да солай жүре берген дұрыс.
Gulistan
Айтуын айтып алып, енді Бекжанның өзі жоқ болып кеткені қалай?!
Dinara
ия, бізде кафедрада бір апай болатын, отыздан асып кеткен бойдақ ағайларымызды, үйленбейді ол, болды солай кетеді деп отыратын… себебін енді түсіндім
asaubota
жас ұлғайған сайын қиындау болады. адамның өмірі уже қалыптасып қалады, жаңа режим құрғысы келмейді, қорқады бір жағынан. уақытында үйленіп қалдық. әйтпесе мен де үйленбей кетер едім. ал қыз болсам тем более, ваще күйеуге шықпас едім.
Dinara
қиын болса да, қорықсақ та шығамыз енді өзіміз :))
sammita
«маған үйленуге болмайды, мені алып қаш» депті бір қызға:)))
dark_nazgul
қырықтан асқанда өкінеді ғой(((
KILYZAMAN
Бекжан — Бабаева(бүжай емес сияқты) деген орыс тілді бір апайың жеңгетайлықты қатырып жатыр теледидардан…
Gulistan
Бабаевадан гөрі, Дананың бағдарламасы дұрысырақ қой.
Abilakim
«Жар-жар» ептеп өзгеріпті
19852407
Дана апам соңғы кезде ренжіп отыратын кісі сияқты, көз мониторы проверкалап алған соң, дүрсе қоя береді, ана екі апамыз барда жақсы еді :)
dark_nazgul
былтыр қыста бір адаммен жолығуға қазақфильмге барғам, сонда Дананы көрдім. сұлу әйел сондай!!! біз інім екеуміз барғанбыз, «Айналайын» түсіріліп жатқан павильонға, інім есіктің алдында қалған. Бір кезде Дана келді күйеуімен. Кейін інім айтады ғой, дананы көргенде тілім байланып қалды сұлулығынан, ал күеуі өзінің қасында сүмірейіп көрінеді екен деп…
Aigolek
Данагул менин агамдардын уйинин артындагы уйде турады. еки — уш баласы бар. Куйеуи жумыс истемитин сиякты коринген маган (кунде бала багып журеди))). Бир кездери кунде кешке обруч айналдырып балаларын ойнатып дворда журетин. Двордан коргенде жаай гана келиншек.
Abilakim
Күйеуі де әртіс қой дейм
Gulistan
Күйеуі — Азат Сейітмамбетов бе еді?! Екеуі-жақсы жұп.
sammita
Азат Сейітмет.
Қазақ ССР халық әртісі, өнер қайраткері Райымбек Сейітметовтың ұлы. (Нұржан Төлендиевтің ұстазы).
19852407
Жайықтың қыздары шетінен сұлу ғой
меруерт Өткешова, Данагул Темірсұлтанова, Баян Есентаева, т.б.