Жанна қайдасың?
Жағдай жапония деуші едік баяғыда сөз арасында… Сол жағдайды енді түсіндік… Жапон халқының басына түскен мына ауыр күндерде құдайдан қайырын сұраймыз… Кеше жаңалықтарда көрсетілген бейне сюжеттер қорқынышты еді… Табиғат апаты, қарамайды ғой қанша бекіністе отырсаңда… Жер сілкінісімен ұйықтап тұратын бұл халық бұндай соңды сілкіністі сонай 1923 эылғы болған және Токионы да қоса бір қатар қаланы жермен жексен қылған сілкіністен бері көрмеген екен..Құдай басқа салмасын, қиын бұндай апатты бастан кешіру деген..Қаза болғандардың санын жүз мыңды асып түсіпті десіп жатыр, әлі толық санын ешкім анықтай алмай отыр… Атом электр стансалары бүкіл әлемді бір қорқытты Чернобль оқиғасы қайталанбас па екен деп… Абырой қылғанда реакторлар жарылмаған екен, жарылған стансадан шыққан радиация қауіпті деңгейде емес деп айтып жатыр ресми дерек көздері…
Жайшылықта аралары Курил аралдарына бола суып бара жатқан Ресей мен Жапония бұл апатта барлық наразылықтарын бір жаққа ысырып тастаған ғой… Ресей президенті Дмитрий Медведев Жапонияның Премьер министріне бірінші болып телефон шалыпты… Ап бәрекелді Димеке… Жарадың… Көршінің қадірін басқа іс түскенде ұғасың…
Айтпақшы, сол Жапонияда жүрген Жанна деген танысымыз бар еді, соның жағдайын білу керек еді… Жанна алты градус қой… көпшілігіңіз танисыз… Иншаллах бәрі жақсы шығар деген үміттемін… Хабарласқандар болса осында жазса екен…
Суреттерді қарап отырып мына жолдың қақ айырылғанына назарым түсті… Бейне бер өлшеп кескендей, тура жол жолағымен бірдей айырылғанына таңқалдым… :)
Мынау атом стансасының жарылыс сәті.
Мынау сілкіністің эпи орталығы мен таралуын суреттеген сурет:

инеттен оқып білгенімдей, өте мықты халық екен!
іштей әдемілікті* табиғат құртқаны үшін ішім ашып қалды((( адам тағдыры… бір Алла біледі деген осы…
енді учение* деген нәрсеге көңіл бөліп, жазлып, баратын нәрсе екен. чет. алматта жер сілкініс жиі болад ғо негізі. көбі байқамай да қалад… кішкене тербелістер…
так что кімнің корпусында арнайы жаттығулар болады сонда барып үйреніп жүру керек шығар ;)
@Altygradus та осылай жазса ғой өзінің көргендерін.