Мұрат Әбеновтың сұхбаты туралы
Мұрат ағамызды алғашқы рет «Блогқұрылтай» алдындағы бір жиналыстарда кездестіргенмін… Жақсы кісі ғой, жастардан қалыспай заманның ағымына сай тірлік етіп жүр..Қазақ интернетінің жанашыры екені байқалады… Бірақ, все таки, саяси ролі бар ғой… Саяси популизмге тартатын… Жалпы үлкен респэкт ол кісіге…
Енді сұхбатына келейік… Интернеттен бүгін «Караван» газетіне шықққан, қозғай қозғай әбден жауыр болған тақырып "Қазнеттегі қазақшаның жағдайы" туралы сұхбатын айтамын…
Біріншіден тақырып туралы сөйлесуден бас тартар едім өз басым… Интернетте қазақ тілі проблемасы жоқ, Қазақстанда қазақ тілі проблемасы бар… Барлық проблема осыдан туындайды… Менің ойымша журналистер жазатын тақырып таба алмаған кезде осы сияқты «дежурный» тақырыптарға барып бас сауғалайтын сияқты..«Домбырам не дейді, мен не деймін» деген сияқты, әлемнің мәселесі басқа, біздің мәселеміз басқа..Қазақстанның күн тәртібіндегі мәселелерге қарасам «Суырдың күні» (День сурька) киносы есіме түседі, бір күн қайталана береді, қайталана береді демекші…
Екіншіден Мұрат ағамыздың жауабы класикалық жанрда..«Мемлекет көмектеспесе түк шықпайды»… Осы Аршат мемлекеттің көмегісіз-ақ жұмыс істеп келеді… Оны көріп жатқан ешкім жоқ…
Мемлекет кімге көмектеседі? Көмек алғандарды көріп жүрміз ғой… Бөлінген ақшаның тиімсіз игерілетінін көз көріп, құлақ естіп жүр емес пе?! Бұны ағамыз білмей ме? Бәлкім білмейді, бәлкім біледі… Бірақ сонда да депутат ретінде берілетін жауап осы болуы керек… Басқа жауап күту әбестік…
Енді сұхбаттың шарықтау шегіне келдік…
– Назовите самые интересные, на ваш взгляд, казахоязычные страницы в Интернете…
– “Арка акпарат” – это один из казахоязычных интернет-ресурсов, где публикуются как политические и экономические новости, так и малоизвестные факты из истории казахской журналистики. Не менее привлекателен национальный портал “Массаган”, который уже давно стал популярной социальной сетью. Весьма интересны и привлекательны блоги на государственном языке, которые, как правило, ведутся на платформе wordpress. Духовный недостаток Казнета прекрасно восполняют сайты “Абай.кз”, “Мiнбер.кз”, “Замандас.кз”, которые созданы специально для развития казахского языка. Вообще стоит отметить, что до сегодняшнего дня многие интернет-ресурсы на казахском языке создавали немалый резонанс в обществе. Все это говорит о том, что у наших блогеров есть огромный потенциал.
«Арқа ақпаратқа» жарайды енді, талғамға талас жоқ..«Массаған» тарих болып кеткелі қашан… Ал енді қазақ тілін дамыту үшін құрылған сайттар туралысын білмеймін енді…
Осы тізімге «Керекинфо» кірмес пе еді? Кірер еді… Интернетке жаны ашитын адамға осындай өз күшімен, өз еңбегімен көтеріліп келе жатқан веб ресурсты неге осындай кезде атап жібермеске, жарнамалап жібермеске деймін де… Ех… деймін…
Мұрат ағамыз тақырыпты меңгере алмаған екен..Қамти алмаған екен… Бұл сұхбатына үлкен «МИНУС» қойдым…
Енжарлық көпқой. Пиарды кәсіп қылып — сарай жазушыларыда(журналистре) жүр.
Мен де бұл сұхбатты оқи отырып, депутат мырза Керекинфоға да оң баға беріп өткен шығар деп ойладым. Текстен таппаған соң депутаттың Керекинфоны атамауына объективті себеп іздедім.
Сәлден соң түсіне бастадым. Сатыбалдының боқтық сөздері, және ол сөздерді жаттап, қыстырып айтып қалуды абырой көретін қолданушылары бар және кейде арзан жазбалар мен боқтығы аралас мәнсіз пікірлер қаптап кететін платформаны халық қалаулысы атап өтсе, кейін өзіне де тиіп кетер еді. Мүмкін, ол кісі ашып оқитын да шығар бұл сайтты, ұнайтын да шығар, бірақ ол Сатекеңнің боқтығын қазақ тілінің жанашыры, тілімізді дамытып, көтеріп жатыр деп насихаттай алмайды.
Объективті пікірім… маған платформа ұнайды, толықтай демесем де
Бүткіл халық көріп отырған „Наша казашаше„? Біреулер жақтырмауы мүмкін, шынтуайтқа келгенде өткірлігі бар емепсе, борси бастаған санамызды түрткілеп намысты тырналайтын. Олай болса олардың мақсатына жеткені ғой. Солай емеспе?
Барлық сөзбен күлдіру мүмкін емес
Ол сөзді күлкі үшін жазбап едім
Сенің сөзің болды ғой біртүрлі елес…
Шегіп отырмын…
тек қана қазақ интернеті емес қазақ киносы, спорты, әдебиеті, БАҚы неге дамымай жатыр деген сұрақтар шынымен зайыпты алып болды. Бекжан айтқандай бар мәселе қазақ тілінің аз қолданылуында, яғни қазақ санының аз болуында ғой.
менің жеке ойымша қазақ интернеті өз деңгейінде, қандай болуы керек сондай деңгейде. өз сұранысына жауап беріп отыр деп ойлаймын. қазақша интернетке жаңа жобалар керек, оған бірақ ақша керек. үкімет мындай сайттарға ilike.kz 30 миллиондап ақша бөлгенше соның 10 процентін бір қазақша әлеуметтік желіге бөлгенде қазақша қолданушы саны біраз болсын артар еді.
Бұл жерде тағы бір ньюанс бар. Ол бізде жоба жасау бойынша бәсекелес бола алатын тың идеялар жоқ. Сондай-ақ тендермен айналысатын қазақы компания болса ғой. Өйткені 30 млн.-ды алады да олар ширегін ғана, тіпті ары кетсе ширектің жартысын ғана жұмсайды. Қалғаны компанияның қалтасында, жекелеген адамдарда. Просто тендермен айналыса алатын, пысықай, қазақтық намысы бар компаниялар қажет. Менен саған сұрақ: сенің қолыңнан сол сайтты жасау келер ме еді? қазақша нұсқасын?
мен андай сайт жасай алмаймын әрине, бірақ жасау жолдарын және кімге жасату керегін білемін. ресейліктерді немесе түріктерді таңдар едім. қытаймен байланысым жоқ, бірақ олар да істей алатындарын білемін және арзанға. мысалы бұрын мына агент әлі шықпай тұрып қытайлық бір қазақ хабарласты MSN сияқты хабарлама программасы бар, соны Қазақстанға әкелейік, ақша табасың ба деп. ол кезде қайдан ақша және связь болсын. соны сол кезде алып келгенде қазір ешкім агентті қолданбас еді.
қазақтар, ой, қазақстандықтар үшін кең аудиториялы Интернет-ресурс ашудың өзі үлкен тәуекелмен тек.Карим Масимов жазбасы;
@KarimMassimov Он-лайн конференция өткізгім келеді. Қай алаңда өткізген жөн, кеңес берсеңіздер?
Мұрат Әбенов;
@MuratAbenov
@KarimMassimov Әмбебап алаң әле жоқ. Ресми-bnews.kz, қазақ тілінде танымал-kerekinfo.kz, ең белсенді, жастар көп пайдаланатын-yvision.kz
деп усыныс жаздым. Өзім kerekinfo.kz бүгін ғана тіркелген болсамда бірақ танымал екенін байқап журмін. Жеке, жақын танысуға енді мүмкіншілік болатын шығар. Тіркелү қажеттігі өзіме онша унамайды.
Жағдай осы. Барлық маған қатысты айтылған ой пікірге жауап бере алмаспын, бірақ тікелей сұрақтарыңыз болса дайынмын. Дәл осылай қарапайым сұхбатыма қөңіл білдірген, ашшы болсада ойын айтқандарға алғысымды айтамын! Бәріне унауды мақсат еткен емеспін.Ол мумкін де емес. Бәріне жағам деп, әр кімнін сөзін сойлеп ңағыз достардан айырылғым келмейді.Сол себеттен жалпылама арзан ПиАр жасау сана сезіміме сәйкес емес. Мұрат Әбенов
Енді Сіздің айтпаған нәрсеңізді айтты деп шығарып қойғаны ұят екен Караванның :)
қазақ тілінде бұл саланы дамытуда қандай қиындықтар бар? егер қазақша әріп мәселесі болса бұған келіспеймін. қазір барлық жерде Юникод UTF-8 универсал коды пайдаланылады. қазақша әріппен сайт жасау проблема емес. аудару қиындықтары ма? менің ойымша бұл да қиын емес.
Рас, сіздің деген пікіріңізбен келісемін. Бірақ оны кім жасайды?
Егер біздің мақсатымыз озу болса онда жабыға мінбей жал-құйрығы сұйылған арғымаққа мінгеніміз абзал.
«сіз таңдаған шрифттан да әдемі қазақ әріптерін оқитындары бар» — деген не сөз? Мысалы, мен түсінбедім. Не бар? Графикалық редактор ма? Шрифт па? Ал ағамыз санаулы ғана шрифт мәселесін, болса да ақылы екендігін айтып отыр. Дұрыс қой? Әлде жұрттың барлығы пират болу керек пе? Шрифт-мастер Асылбек Мереке ағамыз сайтына қара тақта іліпті. Ақысыз-пұлсыз шрифтісін ұрлап кеткендер туралы. Ол жерден депутаттың атын көру әрине, күлкілі болар еді. Ал «несчастный» шрифт ісіне Үкімет араласса, конвейерден шығарғандай бұрқыратар еді дейді. Бәлкім, оның өзі ҚазНет деп аталатын ауылды дамытуға күші жетер-жетпес, бірақ маңыздысы бір кірпіші болса да қалануы ғой, солай емес пе? «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!»
Қазақтілділер мұң-зарларын жеткізер-ау амалын тауып, бірақ олардың айтқанына шын көңілмен қарайтын крутойлар табыла қойса деңіз.
Мемлекет ақша бермейді дейміз. Әй, неге беруі керек? Берсе, жарасады. Ал бермесе, онда да айып жоқ. Көбімізді қинайтыны берілетін ақшаның мақсатсыз жұмсалып кетіп жатқандығы ғой. Білген (қалаған) б… жесін. Әркім өзінің істеген ісіне жауапты емес пе?! Ақшаны алып, қалтасына немесе басқа жерлеріне тыққандар дұрыс жұмыс істемесе, оны біле тұра суған сиген адамдай үндемей қоя беретін басшылық "әй" демесе, сіз бен біз сияқтыларға өз беттерінше істеген шаруаларын ары қарай жалғастыра беруге тура келеді. Сіздердің де уақыттарыңыз келер. Егер тек ақша үшін қазақша Интернет жоба жасайтындар болса, олар алысқа шаппайды. Ақша біткенде барлық ісі де бітеді.
Мемлекеттің көмегінсіз-ақ, өз белсенділіктерімен қаржылай пайда тауып жатқандар баршылық. Алдымен, солардың соңынан еріп, солардың деңгейіне жетіп алайық, кейін қаржы мәселесі мемлекет тарапынан болсын, жеке компаниялар тарапынан болсын, шешіле жатар.
Мемлекет ақша бермейді дейміз. Әй, неге беруі керек? Берсе, жарасады. Ал бермесе, онда да айып жоқ. Көбімізді қинайтыны берілетін ақшаның мақсатсыз жұмсалып кетіп жатқандығы ғой. Білген (қалаған) б… жесін. Әркім өзінің істеген ісіне жауапты емес пе?! Ақшаны алып, қалтасына немесе басқа жерлеріне тыққандар дұрыс жұмыс істемесе, оны біле тұра суға сиген адамдай үндемей қоя беретін басшылық "әй" демесе, сіз бен біз сияқтыларға өз беттерінше істеген шаруаларын ары қарай жалғастыра беруге тура келеді. Сіздердің де уақыттарыңыз келер. Егер тек ақша үшін қазақша Интернет жоба жасайтындар болса, олар алысқа шаппайды. Ақша біткенде барлық ісі де бітеді.
Мемлекеттің көмегінсіз-ақ, өз белсенділіктерімен қаржылай пайда тауып жатқандар баршылық. Алдымен, солардың соңынан еріп, солардың деңгейіне жетіп алайық, кейін қаржы мәселесі мемлекет тарапынан болсын, жеке компаниялар тарапынан болсын, шешіле жатар.
Мұның барлығын кішіпейілдігің делік.
Бірақ жазған пікіріңді тағы да жеке пікір қылып жазатындай, Әбекеңді түйсіксіз құбыжық, ал оқырмандарды дебил көріп отырсың ба?
Менің әбден сағынып жүрмін тек қазақ тілді сайттары: ең құрамағанда тіліміз осы өмірде баяу жүріп отырсадағы, интернет желісінде алдыға басып отырсын.
Жалпы маған поқи: Жастар.Бізде жүрсін, Керекинфода жүрсін. Бастысы адам атына лайық болса болды. Бәрібір сол бір банда ғой жүрген қай жақта да.
Жалпы, көріп отырмын ғой, тәжірбиеңіз сол жағынан молдау екен, өзіңіз білесіз…